Атырау жүк тасымалы жоспарды асыра орындады

Жүк тасымалы
07.11.2024, 12:58
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 2024 жылдың он айында орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспардан асып түсіп, ДК (Директорлар кеңесі) жоспары бойынша 103,5 пайызды құрады немесе 11152,2 мың тонна.  

Техникалық жоспарға сай 102,3%. Дегенмен, өндірістік-техникалық бөлім инженері Нейла Матаеваның айтуынша, жүк тиеу тәулігіне 636 вагон, ал жүк түсіру 363 вагон болып ДК бойынша 84,6, техжоспар бойынша 120,4%-ды құрапты. Яғни, барлығы негізгі 8 көрсеткіштің жетеуі жүз пайыздан асып орындалған.  

Орындалмаған 1 көрсеткіш жүк түсіру бойынша орын алды. Себебі, Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысын жүзеге асырушы «Қазавтожол» кәсіпорнының қаңтар айында 2024 жылға жүктерді тасымалдауға ақы төлеуге шарты болмауына байланысты болды. Қантар айында  1 мың 29 вагон түсіріліп  жоспардан 328 вагонға немесе    22 мың 582 тонна азайды (жоспар – 1 мың 357 ваг. немесе 93 мың 633 тонна).

Сондай-ақ 2024 жылдың 7 сәуірінде су тасқыны басталып сәуір, мамыр, маусым айларында  Атырау облысы бойынша төтенше жағдай жариялануына байланысты жүк түсіру процесі сол кезеңде қиындаған еді. Техникалық жоспарға сай пойыздың статистикалық салмағы 101,1%-ға орындалып, 54,98 тонна орнына, 55,61 тонна болды. Биылғы жүк тиеу көлемі былтырғымен салыстырғанда 972 тоннаға артып отыр. Ал 1 жүк операциясына тұру ДК бойынша 153,5%-ды құраған, яғни бір операцияға 21,34 сағат бөлінсе, ол 13,9 сағатта біткен. Бөлімшеде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу бойынша 5 жағдай тіркелген (1-оқиға, 4-оқыс оқиға). Әрбір жағдай бойынша жедел талдау жүргізіліп, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылған. Дегенмен, бөлімшеде өндірістік жарақаттануға жол берілмеген.  

Аймақта жинақтайтын, шығаратын пойыздардың көбеюі, кейбір учаскелерде жылдамдықты сағатына 40 км-ге шектеу, технологиялық «толаскездің» берілуі, жолда малдардың жүруіне байланысты локомотивті шұғыл тежеу, метеорологиялық жағдайлар – қар мен жауынның көп болуына қарамастан орташа учаскелік және техникалық жылдамдық 102,9 пайызды құраған. Яғни, өңірде жыл сайын жүргізіліп келе жатқан темір жолды күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі де нәтиже бере бастады деуге болады.  

Сонымен, он айда табыс көлемі жақсы болды. Атырау бөлімшесі бойынша ірі жүк тиеп-жөнелтушілер, яғни, ірі кәсіпорындардың жүк көлемі мол болды. «Батыс Транс Групп» мекемесі мұнай өнімдерін,  «Тенгизшевройл» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін (пропан-бутан, күкірт, мұнай), «Исткомтранс» ЖШС, «Тенгизская Транспортная Компания» мекемесі күкірт тиеген. Сондай ақ жүк жөнелтушілер «PTC HOLDING» мекемесі полипропилен , «Иси Гипс Индер» құрылыс жүктерін, «Индер Гипс» ЖШС мен «Индер туз компании» ЖШС өнеркәсіптік шикізат жүгін, «Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркі» сұйытылған газ жүгін тиеген.  

Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, пойызбен тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Соған сәйкес, кіріс те тасымал көлеміне байланысты болады. Алдағы уақытта бөлімше бойынша жүк тасымалы артады деген үміт бар. Өйткені жүк жөнелтушілер 2025 жылы Қарабатан станциясына 2,5 млн полиэтилен, бутадиен сынды жүк жөнелтуді, сондай-ақ Ескене станциясынан 1,5 млн тонна газ жөнелтуді жоспарлап отыр. Расында бүгінде бөлімшеде жүк операциялары үшін ашық 18 станция болса, олардың бәрінде логистикамен айналысатын мамандар бар.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды