Көлік-логистика әлеуетін дамыту сөз болды

Жүк тасымалы
24.12.2024, 10:11
Оқуға 5 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында елімізді Еуразияның басты көлік- логистикалық хабына айналдыруды тапсырған. «Елдің көліклогистикалық әлеуетін дамыту» тақырыбы 23 желтоқсанда өткен Мәжілістің Үкімет сағатында көтерілді. Бұл мәселе бойынша ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев егжей-тегжейлі баяндап, депутаттар сауалдарына жауап берді.

Министр Батыс пен Шығыс арасындағы жүк айналымы 216 млн тоннаны, ал Солтүстік-Оңтүстік бойынша 206 млн тоннаны құрағанын, мұндағы ақша айналымы 1 трлн АҚШ долларынан асқанын, осы арада аталған жүк көлемінің 93%-дан астамы су көлігімен, тек 4%-ы теміржолмен тасымалданатынын атап өтті. Сол себепті ведомствоның негізгі жұмысы осы жүк айналымының белгілі бір бөлігі Қазақстан арқылы өтуін қамтамасыз ете отырып, елдің транзиттік әлеуетін толық игеруге бағытталған. Қазір ел аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істеп тұрса, оның бесеуі теміржолға тиесілі. Қарқынды дамып келе жатқан 2 өзекті транзиттік дәліз бар. Оның біріншісі – Транскаспий халықаралық көлік бағдары. Оның бүгінгі өткізу қабілеті 6 млн тоннаны құрайды. Дәліздегі тасымал көлемі соңғы 4 жылда 800 мың тоннадан 4,1 млн тоннаға дейін көбейіп, 5 есеге артты. Осы уақыт аралығында жүктерді жеткізу мерзімі 58- 60 күннен 13-15 күнге дейін қысқарды. Дәлізді одан әрі дамыту үшін Әзербайжан, Түркия және Грузия елдерімен бірге тасымалдау барысында кездесетін кедергілерді жоюға бағытталған Жол картасы бекітілген. Алдағы мақсат, маршруттың қуаттылығын жақын арада 10 млн тоннаға дейін жеткізу. Екіншісі – Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі. Дәстүрлі логистикалық жүйелердің өзгеруіне байланысты бұл бағыт орасан зор әлеуетке ие. Жүк көлемінің негізгі үлесі Ресейде қалыптасып, Парсы шығанағындағы елдерге тасымалдауға арналған. Жалпы өткізу қабілеті жылына 10 млн тоннаны құрайды. Маршруттың әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында Ресей, Түрікменстан және Иран елдерімен дәлізді синхронды дамытудың Жол картасы бекітіліпті. Осы құжатқа сәйкес түйісу станцияларын модернизациялап, оның өткізу қабілетін 23-тен 33 жұп пойызға дейін, яғни 1,5 есеге арттыру қарастырылған. Бұдан басқа Ресей және Түрікменстанмен бірлесіп бірыңғай оператор құрылып, 50%-ға дейін тарифтік жеңілдіктер қарастырылған. Осы атқарылып жатқан іс-шаралар бағыттың өткізу қабілетін 2 есеге өсіріп, жылына 20 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.  

– Жоғарыда аталған дәліздердің дамуына Ақтау және Құрық теңіз порттарының инфрақұрылымы маңызды рөл атқарады. Бұл ретте басымдылық контейнерлік тасымалдауға беріліп отыр. Алдағы 3 жылдың ішінде Ақтау портының контейнер өңдеу қабілетін 140 мыңнан 550 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланған. Ол үшін қытайлық «Ляньюньган порт» компаниясымен бірге контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Оған қоса, германиялық Ренус, америкалық Wandernet және франциялық CMA CGM сияқты компаниялармен қосымша 300 мың контейнерлік терминал ұйымдастыру пысықталуда. Сонымен қатар Құрық портында көпфункционалды «Саржа» терминалының құрылысы жүргізілуде, – деді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, қазіргі негізгі түйткілді мәселенің бірі отандық флоттың жетіспеушілігі екен. Бүгінде Құрық – Алят қатынасында тек әзербайжандық паромдар жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде елімізге ең кемінде 7 бірлік кеме қажет. Оның өндірісін қалыптастыру үшін түркиялық YDA және ASFAT компаниялары Құрық портының жанында арнайы зауыт құрылысын жоспарлап отырған көрінеді.  

Көлік министрі қазақстандық дәліздерге жүк ағындарын тарту үшін шет елдердің жүк жинақталатын аумақтарында сыртқы терминалдар да қалыптастырылып жатқанын атап өтті. Қазір Ляньюньган портында және Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалдары бар, сондай-ақ Грузияның Поти портында қазақстандық кәсіпкердің терминалы жұмыс жасауда. Өңдеу қабілеті жылына 500 мың контейнерді құрайды.  

Бұдан бөлек, қосымша Алят портында, Мәскеу маңындағы Селятино қалашығында, Белоруссиядағы Свислочь станциясында және Ташкенттегі терминалдардың құрылысы пысықталған. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталмақ. Жалпы қуаттылығы жылына 1 млн 200 мың контейнерді құрайды. Алдағы уақытта Румынияның Констанца, Мажарстанның Будапешт және Қытайдың Үрімші қалаларында бірлескен терминалдарды ұйымдастыру қарастырылуда екен. Нәтижесінде сыртқы терминалдардың қуаттылығы 5 есеге өсіп, бұл басты жүк қалыптастырушы елдерден жүктерді қазақстандық дәліздерге тартуға мүмкіндік бермек.  

Министр Қытай бағытындағы теміржолдың өткізу пункттері өз жобалық қуаттылығын толық көлемде қолданып жатыр деді. Өткізу мүмкіндігі 28 млн тонна болса, биылғы жылға сұраныс 30 млн тоннаны құраған. Осы ретте, ол жүктердің өсіп келе жатқан көлемін қамтамасыз ету мақсатында өткізу пункттерінің қуаттылығын арттыруға қатысты келесі шаралар қабылданған мәлімдеді. Біріншісі, «Бақты – Аягөз» жаңа теміржолын іске асыру басталған, ол жылына қосымша 20 млн тонна жүк өткізу мүмкіндігін берсе, екіншісі, Алтынкөл станциясын жаңғырта отырып, оның өткізу қабілетін 12-ден 21 миллион тоннаға дейін ұлғайту қамтамасыз етілмек. Үшінші, Достық – Мойынты учаскесінде қабылдау-жөнелту парктері мен терминалдық инфрақұрылымды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде екен. Бұл станцияның өткізу қабілетін жылына 16 дан 35 млн тоннаға дейін арттыратын болады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол пункттерінің қуаттылығы 2,5 есеге көбейіп, 76 млн тоннаға дейін жетеді.  

– Теміржол саласындағы жаңа бағдарлардың бірі – мультимодальдық бағыттарды қалыптастыру. Бұл жоба барысында Қытаймен шекарада төртінші теміржол өткізу пунктін ашып, Тұғыл елдімекеніне дейін 120 шақырым теміржол және сол жерде өзен портын салу жоспарланған.  

Бұл енді басталып жатқан жаңа жоба, келесі жылы мамыр айында Қытай, Қазақстан және Ресей көлік министрлері деңгейінде үшжақты кездесу өткіземіз. Жоба Ертіс өзенінен әрі қарай Обь өзені арқылы Солтүстік теңіздерге шыға отырып, Қытай мен Ресей арасында Қазақстан аумағымен өтетін жаңа мультимодальды транзиттік дәлізді қалыптастыратын болады. Тасымалдаудың болжамды көлемі жылына 2 млн 500 мың тоннаны құрайды, – деді Марат Қарабаев.  

Қорыта айтқанда, 2029 жылға қарай көліктік инфрақұрылымның дамуы есебінен транзиттік тасымалдың айтарлықтай өсуі жоспарланған. Әсіресе, теміржол тасымалы бойынша транзиттік тасымалдарды 65%-ға ұлғайту, контейнерлік тасымалдарды 54%- ға арттыра отырып, 2 млн контейнерге жеткізу болжануда дейді министр.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды