Транзиттік әлеует айқын

Жүк тасымалы
14.01.2025, 08:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің теміржол саласы халықаралық көлік жүйесіндегі орнын нығайта отырып және транзиттік тасымал өсімін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытудағы көшбасшы рөлін бекіте түсті.  

Өткен жылы Қазақстан арқылы транзитпен 400 мың ЖФЭ контейнер тасымалданды. Қытай – Еуропа бағдары бойынша тасымал көлемі 28 есе өсті. Қытайдың Сиань қаласындағы терминал 330 контейнерлік пойыз жөнелтіп, тарихи рекорд орнатты.  

«Kazlogistics» көлікшілер одағы бас директоры Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, былтыр ҚР-ның 2025-2029 жылдарға арналған контейнерлік жүктерді және контейнерлік тасымалды дамыту бойынша Кешенді жоспарын әзірлеуде белсенді жұмыстар жүргізілді. Көлік және логистика саласында ІТ шешімдер іздеу жұмыстары жалғасуда.  

– 2024 жыл транзит үшін өте ерекше жыл болды. Атап айтқанда, теміржолмен тасымал көлемі 27 млн тоннадан асты, бұл Қазақстанның көлік дәлізі ретіндегі тұрақты рөлін көрсетеді. Ал 2025 жылы ведомствоаралық өзара іс-қимыл, инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу маңыздылығы артады, – дейді спикер.  

Ұлттық компания инновацияларды енгізе және қолданыстағы бағдарларды жетілдіре отырып көлік дәліздерін қарқынды дамытуда. Атап айтқанда ТХКБ Қазақстан экспорты мен транзиттік тасымал үшін жаңа перспективаларға жол ашты.  

Былтыр алғаш рет Баку – Сиань контейнерлік пойызы бар болғаны 12 тәулікте жеткізіліп, рекорд орнатты. Сонымен қатар алғаш рет Иран – Қазақстан – Қытай, Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағыттары бойынша пилотты жобалар жүзеге асырылды. «Khorgos Gateway» құрғақ портының терминалында автокөліктерді контейнерлеу қызметі енгізілді. Әрбір жаңа жоба Қазақстанның Еуразияның жетекші транзиттік хаб ретіндегі орнын айқындай түсті.  

Қазақстан халықаралық серіктестерімен де байланысын белсенді нығайтып келеді. Мысалы, 2024 жылы Қытай мен Еуропаның жетекші көлік-логистикалық компанияларымен 20-дан астам келісімге қол қойылған.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады