Қазақстан баламалы маршруттарды белсенді дамытуда

Жүк тасымалы
18.04.2025, 08:48
Фото: Сауда және интеграция министрлігі
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Стамбул қаласында «Тұрақты жаһандық құн тізбегіндегі байланысты қалай тиімді етуге болады?» тақырыбында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дамушы нарықтар жөніндегі форумы өтті.

Іс-шараға G20 елдерінің және басқа да дамушы елдердің экономика министрлері мен орынбасарлары, халықаралық ұйымдар өкілдері, дипломаттар, сарапшылар, сондай-ақ жеке сектор өкілдері қатысты. Қазақстандық делегация құрамында форумға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова бастаған мүдделі тарап өкілдері қатысты.  

Іс-шара аясында сауда-көлік байланысының тұрақтылығы мен ауқымдылығына, мультимодальды дәліздерді дамытуға, сондай-ақ жаһандық қосылған құн тізбегін интеграциялауға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Цифрландыруға, инфрақұрылымды тұрақты қаржыландыруға, өңірлік ынтымақтастыққа және жаһандық сын-қатерлер жағдайында бизнесті қолдауға ерекше назар аударылды.  

Форум барысында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі жаһандық геоэкономикалық өзгерістер жағдайында сауда-көлік байланысын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, елдің негізгі басымдықтарына тоқталды. Қазақстан теңізге шыға алмайтын мемлекет ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын, «Солтүстік-Оңтүстік» және Трансауған дәлізін қоса алғанда, баламалы маршруттарды белсенді дамытуда. Осылайша, ТХКБ бойынша тасымалдау көлемі 2024 жылы 63% өсіп, 4,1 млн тоннаны құрады. Контейнерлік тасымалдар 2,6 есе өсті, бұл осы маршрутқа деген жоғары қызығушылықтың дәлелі.  

Сонымен қатар баяндамашы сауда байланысы контексінде «жұмсақ инфрақұрылымға» ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Мәселен, 2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қызмет саласындағы бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының бірыңғай экожүйесі болып табылатын KEDEN кедендік ресімдеудің бірыңғай жүйесін енгізді.  

Ол Қазақстан ЕО Global Gateway және қытайлық «Белдеу және жол» бастамалары аясында белсенді ынтымақтасатынын атап өтті. Биыл Қазақстан «Қытай-Орталық Азия» екінші саммитін қабылдайды. Бұл ретте біздің еліміз Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда-көлік бағыттары Халықаралық әріптестер үшін барынша тиімді және ыңғайлы болатын жағдайлар жасауға ұмтылады.  

Соңында Қазақстан өкілдері инфрақұрылымға инвестициялардан бастап – цифрлық интеграция мен саясатты келісуге дейінгі бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтті. Қазақстан әріптестікке ашық және орнықты даму жолында өңірлік және жаһандық байланысты нығайтуды жалғастыруға дайын.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті