Цифрлық трансформация батыс теміржолының жұмысын жадандыра түсті

Цифрландыру
15.04.2022, 09:30
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі «Пойыздар қозғалысын басқару» орталығының Маңғыстау бөлімшесі өнімді жұмыс істеп, табысын арттырып отыр. Диспетчерлер мұны цифрлық транформация жобасының жетістігі дейді.

Маңғыстау бөлімшесінде 2020 жылы 5498, 6 млн тонна/км жүк айналымы қамтамасыз етілген болса, 2021 жылы 6809 млн тонна/ км жүк тасымалданған. Бір жылда миллиондап артып отырған жүк айналымы – диспетчерлік орталықты бір жерден басқару мүмкіндігіне ие болғаннан кейінгі жетістіктер.

Маңғыстау өңірінің аумағы Тассай, Құрық порты қосылғаннан кейін 1340 шақырымға жетті. Атырау, Ақтөбеден бөлек Өзбекстан және Түркіменстан мемлекеттерімен шектеседі және Қазақстанның теңіз қақпасы Ақтау мен Құрық порты да түбекте.

Ақтөбедегі «Пойыздар қозғалысын басқару» орталығының Маңғыстау өңірі бойынша аға диспетчері Бауыржан Мырзабаев еңбек жолын 1997 жылы Маңғыстауда станция кезекшісі болып бастаған, Қазір осы Ақтөбедегі Пойыздар қозғалысын басқару орталығында Маңғыстау аумағындағы қозғалысты ұйымдастырып отыр. 25 жыл тәжірибесі бар үздік диспетчердің бірі.

– Қазіргі уақытта негізінен астық өнімдері тасымалданып жатыр. Ақмола, Қостанай бөлімшелерінен бізге астық жеткізіледі. Оны біз Ақтау порты арқылы Әзербайжан және Иранға тасымалдап жатырмыз. Түркіменстанға да тасымал бар. Бұдан бөлек металл және тұрмыстық бұйымдар тасымалы да аз емес, – дейді Бауыржан Мырзабаев.

Теміржолшылар алдағы уақытта құбырмен тасымалданатын мұнай өнімдерінің цистернаға көшірілуі мүмкін деген қауесет есітген.

«Маңғыстауда мұнай тасымалы теміржол арқылы ұйымдастырылса керемет жаңалық болады. Теміржол экономикасына аса үлкен серпін беріп, имиджге оң әсер етеді», – дейді ол.

Пойыздар қозғалысын басқару орталығына Маңғыстау өңірінен Бауыржан Мырзабаев бастаған 22 диспетчер Ақтөбеге 2020 жылдың қазан айында қоныс аударды. Барлық қызметкерлердің лауазымы сақталған. Отбасылық жағдайына байланысты екі адам кері қайтса, олардың орнына екі адам тағы Маңғыстаудан келіп жатыр. Жаңа жерге орналасып алған диспетчерлер әлеуметтік жағдайлары да келген уақыттан әлдеқайда жақсарғанын айтады.

«Алғашқы кезде 200 мың теңгеге жетер-жетпес айлық алдық. Қазір жаман емес. Екі жылдың ішінде жалақыны жақсы көтерді. Пойыз диспетчерлерінің алды 400 мың теңгенің үстінде жалақы алады. Жылда бес-он пайыз қосылғаннан бөлек биыл жыл басында жалақы 35 мыңға көтерілді», – дейді аға диспетчер.

Сонымен қатар, бұрын пойыз диспетчерлерінің еңбек демалысынан алынып тасталған алты күн қазір қайта қосылған. Соңғы уақыттары пойыз диспетчерлері жыл сайын 34 күн ғана демалып келсе, қазір 40 күн еңбек демалысына шығады және зиянды еңбек жағдайы үшін жалақыларына 12 пайыз ақша қосылып отыр. Диспетчерлердің әлеуметтік мәселелері де оңтайлы шешілді. Жалақыдан бөлек 2 жыл пәтер-ақысы төленеді. Алғашында 25 АЕК төленсе, кейін ол 40 АЕК- пен есептеліп, 130 мың теңгенің үстінде қаржы беріледі. Бұл көмек биылғы қараша айына дейін жалғасады.

– Жалпы орталықтандырылған басқарудың тиімді тұсы көп екеніне көз жеткіздік. Бұрын пойыздар жиі тоқтап қалатын. Бөлімшелерге бөлініп, әрқайсымыз өзімізге тартатынымыз рас. Ақтөбе өзіне болғанын қалайды, Атырау өзіне, Маңғыстау өзімізге тартамыз. Қазір ондай жоқ. Диспетчерлік орталық бір жерде болғаннан кейін бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы демекші, пойызды тоқтатпауға бәріміз мүдделіміз. Мәселен, Маңғыстаудағы Бейнеу станциясы төрт бағытқа қызмет көрсетеді. Қазір қажеттілікке сай Ақтөбенің тепловоздарын оңай алып кетеміз. Тіпті, Қарағанды, Қызылорда тепловоздары жүреді. Ең бастысы, пойыз тоқтамау керек. Негізгі мақсат та осы болатын. Қауіпсіздікті сақтай отырып, пойыз қозғалысын тоқтатпауға тырысамыз, – дейді аға диспетчер.

Айтса айтқандай, бұрын бөлімшелер арасындағы пойыздардың уақытылы алынбай, екі бөлімшенің ортасында тұрып қалатыны жиі кездессе, бүгінде мүлде жойылған. Қозғалысты қашықтан басқару мүмкіндігіне қол жеткізген диспетчерлердің жұмысы жүйеленіп, цифрлы технологияның рахатына кенеліп отыр.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?