ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігінде интеллектуалды жүйелерді кеңінен қолданбақ

Цифрландыру
11.04.2023, 10:23
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев бастаған топ елордада «Борт» қозғалыс қауіпсіздігінің локомотивтік жүйесі мен МПЦ-QZ микропроцессорлық орталықтандыру жүйесінің жұмысына баға берді.

Қазақстан Республикасында теміржол өнімдерінің жаңа өндірісін игеру шеңберінде іске асырылып жатқан бұл шара заманауи технологиялық шешімдерді жүзеге асыруға және техникалық мамандардың біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған.  

«Бүгінгі іс-шара өте маңызды және біздің дұрыс жолды таңдағанымызды көрсетеді. Біздің мақсатымыз – елімізге аса қажетті жоғары технологиялық өндірісті шоғырландыру, технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және болашақта халықаралық нарықтарға шығу», – деп атап өтті Батыр Қуанышұлы. Қазақстандық «Транстелесофт» ЖШС компаниясының өнімі болып табылатын «Борт» қозғалыс қауіпсіздігінің локомотивтік жүйесі тартымдық жылжымалы құрамда, сондай-ақ моторлы вагондық пойыздарда қолдануға бағдарланған. «Борт» – бұл қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, автожүргізу, шлейфсіз диагностикалау және бейнетіркеу функцияларын іске асыратын интеграцияланған жүйе.  

Аталған өндіріс түрі заманауи жоғары өнімді элементтер базасында ұйымдастырылған. Бұл оның жоғары сенімділігін қамтамасыз етумен қатар келешекте локомотивтерді пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Талғат Қанатбаевтың айтуынша, бүгінде 100-ден астам локомотив және 2 МПТ6-2 дрезинасы «Борт» қозғалыс қауіпсіздігі жүйесімен жабдықталған. Жүк және жолаушылар, маневрлік тепловоздарға бұл жүйе Локомотив құрастыру зауыты өндірісінде бірден орнатылып шығарылуда екен. Алдағы уақытта «Борт» жүйесін электровоздарға орнату жоспарланып отырған көрінеді.  

Бұдан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы МПЦQZ микропроцессорлық орталықтандырудың жаңа қазақстандық жүйесін алдын ала зауыттық сынақтан өткізу үшін «Qaz Rail Automatic» ЖШС кәсіпорнының өндірістік алаңына барды.  

«Qaz Rail Automatic» компаниясы шығарған МПЦ-QZ микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі SIL4 халықаралық жіктемесінде көзделген қауіпсіздіктің жоғары дәрежесі жағдайында электр орталықтандыру құрылғыларына қойылатын барлық талаптардың орындалуын ескере отырып, теміржол станцияларында төменгі және жергілікті автоматика объектілерін – бағыттауыштарды, сигналдарды, өткелдерді және тағы басқа басқарушы есептеу техникасы құралдарын орталықтандырылған басқаруға арналған.  

Жүргізілген сынақтар Қазақстан Республикасында өндірілетін МПЦ-QZ жүйесін әзірлеу, өндіріске қою және енгізудің жалпы процесінің бөлігі болып табылады. МПЦ-QZ жүйесіне автоматты бұғаттау (АБ), автоматты локомотивтік дабыл беру (АЛСО), теміржол өткелдерінің автоматты дабылы (АПС), жартылай автоматты бұғаттау (ПАБ), сондай-ақ диспетчерлік орталықтандырудың (ДЦ) желілік пункті функциялары біріктірілген.  

Бұған дейін қажетті техникалық құжаттаманы, қауіпсіздік құжаттамасын әзірлеу, дайындау, өндірістік алаңды таңдау және ондағы өндірісті ұйымдастыру, тәжірибелік үлгіні өндіру және оның функционалдық жұмысқа қабілеттілігіне, электромагниттік үйлесімділігіне, сыртқы әсерлері мен қауіпсіздігіне сынақтар жүргізу кезеңдері сәтті өткен. Жүйені әзірлеушілердің айтуынша, келесі кезеңде «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінің нақты объектісінде одан әрі бақылауда болатын пайдалануды енгізе отырып, жүйені пайдалану және қабылдау сынақтарын жүргізу және ГОСТ 32477-ге толық сәйкес келетін сериялық өндіріске қою болмақ.  

Өндіріс жүйенің қауіпсіздігін, сапасын, функционалдығын және сенімділігін қамтамасыз ететін заманауи тестілік және өндірістік жабдықтарды пайдалана отырып ұйымдастырылған. Бұдан әрі бағдарламалық қамтамасыз етуді декларациялау және Кеден одағының 001/2011, 003/2011 техникалық регламенттерінің талаптарын растаудан өтпек.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды