Қағазсыз ғасыр: Сандық технологияларды дамыту үдерісі

Цифрландыру
13.03.2019, 11:09

Сандық технологияның алтын ғасыры салтанат құрған бұл заманда адамның жайлылығы үшін барлық жағдай жасалуда. Ақпараттық технологияның дамығаны сонша, оның көмегінсіз қарыс қадам баспайтын жағдайға жеттік. ҚР Президентінің кезекті жолдауында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында сандық технология ел дамуының өзекті сипаттамасы ретінде қарастырылып отыруы да соның дәлелі деуге толық негіз бар. 

Бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жоғарыда атап кеткен бағдарламаға сәйкес «Цифрлы темір жол» жобасын қолға алды. Ол бойынша темір жолда цифрландырудың ілкімді жобалары кеңінен жүзеге асырылуда. Темір жолдағы жүк және жолаушы тасымалы, логистика мен инфрақұрылым, т.т. сандық форматқа көшіріле бастады.  

Биыл ақпаннан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ЖАҚ арасындағы келісім шеңберінде жүк жөнелтудің қағазсыз технологиясы қолданылып, Шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған басқару жүйесі (ШКЖ АБЖ) бойынша вагондар туралы электрондық хабарлама алмасу, электрондық қол қою арқылы жүктерді рәсімдеу іске асты. Бұған Екібастұз 2 – Малорефтинск бағыты бойынша қағазсыз технология бойынша – 619, ал Малорефтинск – Екібастұз бағытына 1313 тасымал құжатының рәсімделуі мысал бола алады және тиімділіктің жоғары екендігін көрсетті. Бұл ретте электронды мәліметтер алмасуға Өзбекстан, Қытай, Әзербайжан және Қырғызстан теміржол әкімшілері мүдделілік танытып отырғандығы осымен де байланысты дей аламыз. Жалпы еліміз инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен «Самұрық-Қазына» қорының шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асыратын бағдарлама 2018-2022 жылдар аралығын қамтып отыр. Жалпы саны 21 жобаны іске қосу қарастырылған. Әсіресе инновациялық және сервистік секторларды дамыту міндеттері күн тәртібінде өткір тұр. Атап көрсеткенде, қолдан жасалған интеллекті мен «үлкен мәліметтер» саралау технологиялары негізінде интеграцияланған басқару жүйесі, жолаушылар тасымалы тарифтерін динамикалық басқару жөніндегі жобалар.

Цифрландыру – қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қалай үлесін қосуда, соған келейік. «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистраль» АБЖ жобасын іске асырып, қазір ол жемісін беруде. Бұдан басқа, вагонға орнатылған диагностикалық кешен жүрген жолында кез келген сынық пен кемшілікті айнымай танып, оны тіркеуге алады. Осылайша аталған кешен көмегімен теміржол желісіндегі ақау анықталып, апаттың алдын алуға мүмкіндік туды. Теміржол бойынан табылған ақау туралы ақпаратты «Магистраль» АБЖ бірден жол жөндеуші бригадаларға жөнелтеді. Олар өз кезегінде жедел түрде әлгі ақауды жөндеп, пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кестесінен кешікпеуге барын салады.  

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының» директоры C.Төлебаевтың айтуынша, соңғы 10 жылдағы мәліметтерді сақтай отырып, жолдардағы ақаулардың қайталануы мен себептерін анықтауға болады. Жүк тасымалы саласында «Шарттық және коммерциялық жұмыс» АБЖ сәтімен жұмыс істеп келе жатқандығын да қаперге сала кеткен жөн. Автоматтандыру локомотивтердің электр энергиясы мен отынды тұтынуына бақылау жүргізуге, пойыз-вагонайналымы қозғалысын болжау мен жоспарлауға, бағыттарды интеграциялық өңдеуге және тасымалдарды жедел басқаруға бағытталған. «Жүк жөнелтушілер Интернетті пайдалана «ШКЖ» АБЖ арқылы тасымал үшін алдын ала тарифті есептеуіне, тасымал құжатын рәсімдеуіне, тапсырыс беруіне және тасымалды жоспарлауына да мүмкіндігі мол. Бүгінгі таңда жүйеде жүк станцияларының 5 мыңдай қызметкері және 20 мыңнан астам клиенті тіркелген және жұмыс істеуде», – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас инженері Владимир Петров бұған дейінгі бір сөзінде. Machine Learning элементтері бар жоспарлау жүйесін енгізу эксплуатациялық, коммерциялық және инвестициялық жоспарлау кезінде тиімді шешімдерді қабылдауға, ресурстарды оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді. 2021 жылға қарай тасымал процестерімен байланысты шығындарды оңтайландыру 3-4% жетеді деп жоспарлануда.

 Асқар Исақов, Астана 


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды