Автоматты басқару: тиімділік пен табыс

Цифрландыру
21.05.2019, 16:00

Шымкент темір жол бөлімшесінде жүк тасымалдау процесін ақпараттандыру барысы қалай жүріп жатыр? Цифрлық технологияның теміржол саласы жұмысын жандандырудағы рөлі қандай? Жүк операцияларын жетілдіру үшін автоматты басқару жүйесі бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

Шымкент ЖТ бөлімшесі автоматты басқару жүйесі бөлімінің бастығы Әскер Бақбергенов осы және басқа да тасымал үдерісіне қатысты мәселелерге қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, Шымкент ЖТ бөлімшесі 2016 жылдан бастап АСУ ДКР жүйесіне көшкен. Бұл жүйенің өзгешелігі, клиенттер тапсырысты өздері жібереді. Электрондық тапсырыс бойынша станциялардағы тауар кассирлері сол жүктерді растайды.

Шымкент бөлімшесінде 39 іріліұсақты бекет бар, соның ішінде 29 станциясында жүк операциялары үздіксіз жүргізіледі. Оның ішінде 23 станция автоматтандырылған, 6 станция ақпаратты енгізетін және шағын көлемді жүк жұмыстарын орындайтын штат жоқ кезде қолдану үшін бекітілген. Қалған бөлек бекеттер пойыздарды тастау үшін пайдаланылады. Жалпы, АСОУП жүйесіне 24 станция қосылған, 8 станцияда автоматты басқару жүйесі пайдаланылады. Олар – Арыс, Сарыағаш, Шымкент, Қазығұрт, Текесу, Түркістан, Түлкібас, Қызылсай. Қалған 17 станцияда ең бірінші кезекте кірме жолдағы жүк вагондарына жүк тиеу мен түсіру, вагондарды жөндеуге беру, жинау бойынша атқарылатын жұмыс орындары автоматтандырылған. Ынтымақ, Жылға, Жетісай станцияларында тауар кассирлері штаты жоқ.

– Ынтымақтағы вагон, пойыздардың операциясы туралы ақпаратты Састөбе станциясының жұмысшылары атқарса, Жетісай станциясының мәліметтерін Мақтаарал станциясы енгізеді. Ал Жылға мен Шеңгелдінің ақпараты Дарбаза станциясы арқылы енгізіледі. Жылға станциясында тек электронды почта ғана бар, – дейді Әскер Бақбергенов. Шымкент ЖТ бөлімшесіне қарасты станцияларда автоматтандырылған пойыз және жүк тасымалдау бойынша ақпараттарды енгізетін 311 жұмыс орны құрылған. Оның ішінде АСУ ДКР – 96, АСУ СТ – 107, ГИД Урал – 32, АСУ МР – 27 және 44. Станциялар арасындағы байланыс ВОЛС -Талшықты-оптикалық байланыс желісі құралымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда осы талшықтыоптикалық байланыс желісі Жетісайдан басқа барлық станцияда бар. Әскер Әлімқанұлының айтуынша, ол жаққа Өзбекстан арқылы өту керек. Игілік станциясы бойынша тауар кассирі мен корпоративті ақпараттарды тасымалдау жүйесіне (КСПД) жүктерді қабылдау датчигінің жұмыс орнын қосу үшін «Continental Logistics Shymkent» ЖШС Көлік-логистикалық орталығының аумағында орналасқан ғимаратқа талшықты-оптикалық байланыс желісі бойынша байланыс каналын орнатқан. Қазір ол жерде байланыс телефоны мен КСПД жұмыс орны қосылған. Текесу станциясы бойынша да «Петро Қазақстан» ЖШС осы аталған талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдаланып отыр. – Қазір жүк тиеу үшін жүк жөнелтуші барлық мекемелермен келісімшартқа отырып жатырмыз. 17 сәуірден бастап осы құжаттардың бәрін қағазсыз рәсімдеуге көшірілуде. Бүгінгі таңда бізде, мысалы, 220 шақты жүк жөнелтушіміз бар. Биыл осы жаздың аяғына дейін Ресеймен де қағазсыз жұмыс істеуді бастаймыз деп отырмыз. Шыны керек, 2016 жылдан бері қағазбастылықтан арылып, жұмысымыз жеңілдеді. Жүйені басында енгізген кезде көп түсініспеушіліктер болды. Ай сайын кем-кетіктереді Астанадағы Үкімет жүйесі департаментіне жіберіп отырдық, олар жөндеп қалыпқа түсіріп отырды, – деді АБЖ бастығы.

Әскер Әлімқанұлының айтуынша, жақында тағы бір жоба іске қосылғалы отыр. Ол – пойыз бен вагондарды қарайтын коммерциялық автоматты жүйе. Жоба бойынша Өзбекстаннан келе жатқан пойыздар, мәселен, тексеруге кірмей жатып, тек шекарадан 100 метр жерден бақыланатын болады. Яғни, келе жатқан вагонның артық салмағын, габаритін тексереді. Егер артық салмақпен келе жатса, жүйеде бірден белгіленеді. Бұрын көзбенен растайтын. Қазір автоматты жүйе қай вагон екенін бірден көрсетіп тұрады екен.

Жалпы, теміржол саласын цифрландыру, автоматтандыру – қағазбастылықтан арылтатын жүйе. Айталық, халықаралық маңызы бар Сарыағаш станциясы Өзбекстанмен шекаралас жатыр. Ол жерден ары қарай Тәжікстан, Иран, Ауғанстан, Қырзғызстанға қаншама жүк пойыздары қатынайды. Ал жүк көбейген сайын автоматты басқару жүйесі теміржолшылардың жұмысын жеңілдетері сөзсіз. Одан басқа, ГИД УРАЛ-32 жүйесі диспетчерлер жұмысын оңтайландыруда. Ал локомотив шаруашылығында электронды маршрут қолданылады, яғни әр локомотивке құрал қойылады. Онда спутник арқылы локомотивтің қайда жүргенін ғана емес, оның жылдамдығын, жанармай шығынын да көрсетіп тұрады. Соның ішінде, машинистің электронды маршруты да бар. Бұның да қолданысқа енгізілгеніне екі жыл болған. Міне, осының бәрі, түптеп келгенде, тиімділік пен табыс көзі деп санайды Ә.Бақбергенов.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды