Сандық технология – сапалық деңгей кепілі

Цифрландыру
26.07.2019, 13:02
Оқуға 3 мин

Адамға барлық жайлы жағдайларды жасау мақсатында қазір әлемде жаңа технологиялардың түр-түрі пайда болуда, әсіресе цифрлы технологиялар кең өріс алуда. Цифрлы теміржол бағдарламасы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ да бірқатар тиімді жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың ішінде теміржолдың тасымал үдерісіне тікелей әсерін тигізіп, өндірісті оңтайландыруға ықпал ететін төмендегі бірнеше жобаны бөлек атауға болады.

Бүгінгі таңда Компанияда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енген «Магистраль» АБЖ шеңберінде жедел диагностикалық құралдарын енгізу жобалары сәтімен жүзеге асырылуда. Рельстердің ақауын анықтайтын, жолдардың бұзылуын дер кезінде табатын, сөйтіп пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді диагностикалар жедел де ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұндай кешенді диагностика жасап, артынан жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін жетілдірілген жедел диагностикалық кешеннің 6 данасын енгізу жоспарланса, 2019 жылдың мамырынан бастап соның үшеуі жолға шықты. Ағымдағы жылдың қарашасында тағы үшеуі қолданысқа енгізіледі деп күтілуде.

Жалпы шағын диагностикалық пойыз – нақты уақытта рельстердің түйіскен жеріндегі саңылаудың үлкенді-кішілігін, болтының баржоқтығын бейнетіркеу арқылы жедел анықтап бере алатын ұтымды кешен. Жәй анықтап қана қоймайды, сонымен қатар жолдың жағдайына қарай пойыздар қозғалысы жылдамдығын ретке келтіру бойынша жедел шара да қабылдай алуға қауқарлы. Егер жақын болашақта роботпен басқарылатын пойыздар шығып жатса, оған таң қалуға болмас. Дей тұрғанмен, адамзат өз тағдырын «ақылды темірлерге» сеніп тапсырып қоймайтыны басы ашық әңгіме. Әйтсе де, уақыттың бір орнында тұрмайтыны сияқты, жаңа технологиялар жылдан-жылға жетілдіріліп, тұрмысымыздың барлық саласын қамти түскен.

Қазіргі таңда клиентке бағдарлану алдыңғы орынға шыққан шақта олардың жайлылығы үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Жолаушылар сұранысына орай заманауи жаңа вагондар шықты. Оларда басқа сервиспен қатар вагондарда Wi-Fi болуы – уақыт талабы. Қазірдің өзінде кейбір фирмалық пойыздарда сымсыз желі жұмыс істеп тұр, алайда алдағы уақытта ол барлық пойызда болатыны талас тудырмайды. «Жолда» деп аталатын көңіл көтеру порталы арқылы жолаушы өзіне қажетті фильмдер мен ақпараттарды тамашалай алады. Жақын болашақта жол бойында сандық теледидар көретін де күн алыс емес деп түюге болар. Және де жолаушылар алда оны әлеуметтік желілермен, электрондық пошталармен, мессенджерлермен пайдалана алады. Қазірдің өзінде жаңа вагондарда әр купеде телефон қуатын толтыру сымдары мен ток көздерін пайдалану нүктелері бар.

Қысқасы, темір жол саласын цифландыру сәтімен жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. Жол жүру билеттерінің дені қазірдің өзінде интернет-ресурстары арқылы жүргізілуде, болашақта түгелдей цифрлық жүйеге көшуіміз ғажап емес. Өйткені, 2020 жылға қарай электрондық билетке өтуді 90% жеткізу көзделіп отыр.

Жүк тасымалы бағытында жүк тиеу мен рәсімдеу және жөнелту уақыты барынша қысқарып, транзиттік контейнерлер тасымалын дамытуға бағытталған мультимодалдық тасымал саласын цифрландыру процесі бастау алды. Елдер арасында электрондық мәліметтер алмасу жолға қойылған. Енді жүк жөнелтуші тарап жұмыр жердің қай бұрышында отырса да өз жүгінің қай жерде екендігін, яғни жүк тиелген контейнерінің қайда кетіп бара жатқанын көріп біліп бақылап отыру мүмкіндігіне ие деген сөз. Керемет жетістік емес пе?! Бұндай мәлімет алмасу теміржол көлігінде орын алатын сыбайлас жемқорлық фактілерінің болашақта мүлдем жойылуына ықпал ететін болады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды