Қағазсыз технология қарқын алды

Цифрландыру
03.02.2020, 08:14
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Цифрлық трансформация шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на енгізіліп отырған маңызды жобалардың бірі «Республикаішілік қатынаста Келісімшарт және коммерциялық жұмыстың автоматтандырылған басқару жүйесі» (ККЖ АБЖ – АСУ ДКР) жобасы тасымалдау құжаттарын қағаз түрінде ресімдеуден электрондық ресімдеу форматына көшуге негізделген. Бұл жоба болашақта республикаішілік қатынаста тасымалдауды жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және қызметтерді төлеу кезінде клиент үшін «бірыңғай цифрлық терезе» құруға ықпал етеді.

Тасымалдау процесінің барлық кезеңінде айқындық пен клиентке бағдарлануды арттыруға бағытталған жүйе бүгінде Компанияның барлық жүк станцияларында, яғни шамамен 456 станцияға табысты енгізіліп отыр. Жүйеге шамамен 50 мың клиент, жүк жөнелтушілер, жүк қабылдап алушылар, экспедиторлық ұйымдар тіркеліп, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның 7000 астам қызметкері жұмылдырылған.

Жүк жөнелтушілерге келсек, олар өңірлердегі барлық жүк тасымалы бөлімшелері бойынша жүк тиелімін ККЖ АБЖ/АСУ ДКР-ды пайдалана отырып, айлық жоспарлау, онкүндік жоспарлау электрондық өтінімдерді ресімдеуді және күнтізбелік жоспарлар жүйесінде автоматты түрде түзілген өтінімдерді түзетуді жүзеге асыра алады. Алайда, өтінімдер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, АС МЕСПЛАН, порттармен, соның ішінде терминалдармен және «Қазтеміртранс» АҚ вагондар операторымен келісіп, іске асырылады.

Сондай-ақ, вагондарды басқа мекенжайға жіберуге электрондық өтінім беру жүзеге асы рылды. Вагондарды басқа мекенжайға жіберу үшін өтінім беру процесін 2 күннен 1 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Ал жоспарлау процесі 11 сағаттан 5 минутқа дейін, республикаішілік жөнелтімдерде және экспорттық жөнелтімдерде 2 күннен 1 сағатқа дейін уақыт қысқарды. Осылайша, бүгінде барлық өтінімдер ККЖ АБЖ/АСУ ДКР жүйесі арқылы өтеді, өткен жылы бұл жүйе бойынша 273 533-нан астам өтінім беріліп, қабылданған екен.

Тағы бір атап өтерлігі, жүйеде жаңа бір қызмет түрі әзірленіп, енгізілген. Ол арқылы ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетімен белгіленген құрылым мен форматқа сай жүктер туралы алдын ала ақпарат қалыптасады. Қазіргі кезде АСУ ДКР жүйесінде республикаішілік қатынаста тасымалдау құжаттарын ресімдеудің қағазсыз технологиясын енгізу жүзеге асырылды. Бүгінде осы технология бойынша тасымалдау құжаттарын ресімдеуге 10 298 жүк жөнелтушімен келісімшарт жасалып, рәсімдеу 94%-тен жоғары болып отыр. Бұдан басқа, 200-ден астам клиенттермен экспорттық қатынаста қағазсыз технология бойынша тасымалдауға келісім шарттар жасалған. Ал «РТЖ» ААҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында осы технология бойынша экспорттық қатынаста барлық мемлекетаралық түйісу пункттері бойынша 6000-нан астам тасымалдау құжаттары ресімделген.

Мұнымен қатар Қытай, Әзербайжан, Қырғыз темір жолдарымен халықаралық темір жол қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде деректермен электрондық алмасу (ЭОД) туралы келісімдерге қол қойылғаны белгілі. Қазір аталған теміржолдарға деректерді электронды жүкқұжат көлемінде беру жүргізілуде. Ал ағымдағы жыл міндетіне келсек, экспорттық-импорттық қатынаста қағазсыз технологияның интеграциясы ары қарай да жалғасатын болады. Соның айқын дәлелі ретінде, 2020 жылы «РЖД» ААҚ станциясында экспорттық қатынастағы қағазсыз технология бойынша ресімдеу полигонының кеңейтілетінін айтар едік. Яғни, белгіленген бағыттар бойынша «РТЖ» ААҚ станциясынан импорттық қатынаста тасымалдау құжаттарын ресімдеудің қағазсыз технологиясы енгізіледі. 

Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда