Ұтымды жобалардан ұтарымыз не?

Инфрақұрылым
14.02.2023, 09:12
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанның темір жолы өткен жылды табысты қорытындылады. Жүк және жолаушы тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ағымдағы жылға оң нәтижемен келді. Сонымен қатар, бүгін біз алып саланың ертеңгі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұтымды жобалар және олардың тиімділігі неде, т.б сауалдарға жауап іздеп көрмекпіз.

Былтыр жүк айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,4% өссе, контейнерлік транзит көрші елдердегі геосаяси жағдайларға қарамастан 6% шамасында артты. Жолаушылар айналымы 28,6% өскен.  

Өткен жылдың маңызды оқиғасы, Достық – Мойынты телімінде екінші жолдардың құрылысының басталуы еді. Бұл – өте ауқымды жоба. Оның іске асырылуы учаскенің өткізу қабілетін 12 жұп пойыздан 60-қа дейін, яғни 5 есе ұлғайтпақ. Осылайша, аталған бағытта қазақстандық экспорттаушылардың тасымалға қатысты мәселесі толық шешіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Достық – Мойынты жобасының мультипликативті әсерін атап өткен жөн. Екінші жолдарды салу кезіндегі қазақстандық қамту үлесі 85% құрайтынын айтады сала мамандары. Жиырма жыл ішінде бұл жоба Ұлттық қорға 543 млрд теңгені пайызбен қайтарып, бюджетке 4 трлн теңгеден астам салық түсімдерін қамтамасыз етпек.  

Жолаушылар вагон паркі жаңаруда  

Жолаушылар вагондарының жағдайы – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан «ҚТЖ» компаниясына қатысты сынның басым бөлігі жолаушылар тасымалына, ескі вагондарға қатысты болып жатады. Расында, бүгінде жолаушылар вагондарының тозу деңгейі 47% құрап отыр. Өткен жылы компания 2030 жылға дейін 537 жолаушылар вагонын сатып алуға келісімшарт жасады. Олар елордадағы отандық зауытта швейцариялық «Stadler» технологиясы бойынша жиналмақ. Бұл – заманауи дизайнды еуропалық сапа стандартының вагондары. Олар Қазақстанның климаттық жағдайына ыңғайлы болатындай жасалмақ. Сондай-ақ Тверь вагон жасау зауытының 300-ден астам вагонын сатып алу мәселесі де пысықталуда екен. Жалпы 2030 жылға дейін 850 жолаушылар вагонын сатып алу көзделуде.  

Тозу деңгейі төмендейді  

Бұл – соңғы уақытта қоғамды толғандырып отырған мәселе. Сала мамандарының айтуынша, темір жолдардың тозу деңгейі 57% құрайды, соған қарамастан магистральдық теміржол желісі өз шегінде жұмыс істеуде. Дегенмен, теміржолшылар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыздардың жылдамдығын төмендетуге мәжбүр, әсіресе қыс мезгілінде. Ал жылдамдықты шектеу өткізу қабілетінің төмендеуіне, тастанды пойыздар санының артуына әкеліп отыр. Осы ретте Компания жол бойында кідіретін пойыздардың санын азайту үшін және құрамдардың қозғалысын жылдамдату үшін шаралар қабылдауда. Нәтиже де жоқ емес. 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда биылғы қаңтар айында жолаушылар пойыздарының кешігуі 16 есеге азайған.  

Компания үшін қозғалыс қауіпсіздігін сақтау басым бағыт болғандықтан, теміржол инфрақұрылымының ағымдағы күтіміне ерекше назар аударылып отыр. Жол табаны жыл сайын жоспарлы түрде жөндеу түрлерінен өтеді. Айталық, 2022 жылы Қазақстан бойынша шамамен 1000 км темір жол сауықтырылып, соның ішінде 500 км-ден астамы күрделі жөндеуден өтті. Ал 2023 жылы 882 км жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, оның 567 км – күрделі жөндеу.

Компания кірісі қайда жұмсалады?  

«Тозу деңгейі неге жоғары? Ұлттық компания кірістер есебінен неге инфрақұрылымды жаңартпайды?» деген сұрақ туындары сөзсіз. «ҚТЖ» ҰК» АҚ табыстың негізгі бөлігін теміржол көлігімен жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетуден алатыны белгілі. Алайда, бұл қызметтер, яғни жүктерді ішкі, экспорттық және импорттық тасымалдау Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілеген тарифтермен реттеледі. Сондықтан компанияның қаржылық жағдайына ТМРК реттейтін тарифтер деңгейі айтарлықтай әсер етуде. Бүгінгі таңда қолданыстағы тарифтер қызмет көрсетуге байланысты барлық шығындарды өтеуге мүмкіндік бермейді және де инфрақұрылымға күтім жасау, локомотив паркі мен жылжымалы құрамды уақытылы жаңарту, ақпараттық жүйелерді жаңғырту үшін жеткіліксіз болып отыр.  

Сонымен қатар тасымалдау процесін қамтамасыз етуден басқа ҚТЖ қосымша жүктемені «мойнына» алған. Мәселен, жүк тасымалы есебінен жолаушылар тасымалы субсидияланса, мұнай өнімдері сияқты кіріс жүктерін тасымалдау есебінен көмір сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау субсидияланып отыр. Осылайша ҚТЖ жүктерді транзиттік тасымалдау есебінен алынатын барлық қосымша пайданы айтылған шығындарды жабуға, сондай-ақ тарифтердің төмен деңгейін ұстап тұруға бағыттап отыр. Бұдан бөлек теміржолдың дамуына тартылған қаржылық ресурстарға қызмет көрсету шығындары бар, олар да транзиттен алынған кірістер есебінен жабылуда екен.  

Еңбекақыны көтеру – күн тәртібінде  

2022 жылдың қорытындысы бойынша жалақысы төмен кәсіптердің еңбекақысын дифференциалды арттыру, яғни өңірлік коэффициенттердің ең жоғары облыстық деңгейіне дейін теңестіруді ескере отырып, 2021 жылмен салыстырғанда қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 40%-ке ұлғайды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап желілік кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне жалақы 5%-ке өсті. Сондай-ақ негізгі өндірістік персонал қызметкерлерін ағымдық сыйлықақымен қамту жоспарлануда.  

Бұдан басқа, компания мемлекеттік органдармен, Үкіметпен бірлесіп магистральдық теміржол желісі қызметтеріне реттелетін тарифті арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Себебі тарифтерді көтермейінше ҚТЖ жалақыны да өсіре алмайды екен, өйткені қолданыстағы тарифтерде жалақы инфляция мөлшерінде индекстеледі.  

Алайда, еңбекақыны көтеру мәселесі алдын ала талқылаулардан өтіп, оңтайлы шешім қабылдау үшін әртүрлі жолдары қарастырылған. Компания тарифті арттыру есебінен 2023 жылғы 1 наурыздан бастап жалақыны қосымша көтеруге арналған қаражатты тағы 15%-ке өсіруге басымдық беру туралы шешім қабылдаған. Осылайша, ағымдағы жылы өткізілген іс-шаралар нәтижесінде Компанияның өндірістік қызметкерлерінің жалақысы кемінде 20%-ке артады деп күтілуде.  

Әлеуметтік пакет толыға түсті  

Компанияда қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 410 ғимарат пен санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға жөндеу жүргізіліп, өндірістік қызметкерлердің жылынуы және тамақтануы үшін 15 пункт және 37 модульдік құрылыс орнатылған. Сондай-ақ, қол еңбегін жеңілдету мақсатында шағын механикаландыру құралдарының 220 бірлігі сатып алынған.  

Компания басшылығы әлеуметтік пакеттің жақсарғанын алға тартады. Мәселен, салалық наградаларға төлемдер 2 есеге ұлғайтылып, медициналық сақтандыру пакеті кеңейтілген. Пойыздар қозғалысын басқару орталықтарын құру шеңберінде Астана, Алматы қалаларынан шақыртылған қызметкерлерге тұрғын үйді жалға беру бойынша шығыстарды өтеу мөлшері ұлғайтылған. «Отбасы банкімен» меморандум жасалып, ипотекалық кредиттеудің корпоративтік бағдарламалары пысықталуда екен, соның есебінен тұрғын үйге мұқтаж 4000 астам қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  

Сонымен қатар теміржол саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Компанияда жоспар әзірленіп, комплаенс қызметі нығайтылып, цифрлық технологиялар енгізіліп жатқанын айтар едік. Мәселен, локомотив деполарында отын ұрлауды болдырмау үшін ҚТЖ-да отын үнемдегені үшін машинистке сыйақы беру жүйесі енгізілген.

 

Жаңалықтар
23.05.2026
ҚТЖ орталық аппараты қызметкерлеріне жолды жаңғыртудың заманауи технологиялары көрсетілді
Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда