Елімізде жүк және жолаушылар тасымалына инвестиция үш есе артқан

Инфрақұрылым
11.04.2024, 11:53
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының мәліметі бойынша, 2023 жылы еліміздің көлік және қойма саласын дамытуға салынған инвестиция көлемі 2,5 триллион теңгеге (5,61 миллиард АҚШ доллары) рекордтық деңгейге жеткен, бұл 938 миллиард теңгені немесе 2022 жылға қарағанда 40,3 пайызға артық.

Жүк темiр жол көлiгiн қаржыландыру 3 есе өсiп, 173,3 млрд теңгенi құрады, құрлықтағы жолаушылар тасымалы да 3 есеге өсiп, 114,3 млрд теңгеге деңгейiн жеткен. Инвестициялардың ең көп көлемі құбырларға жұмылдырылған – 247,6 млрд теңге (өсім 1,9 есе). Инвестициялардың 52 пайызының (1,3 триллион теңге) көзі ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық теміржолдың (ҚТЖ) меншікті ресурстары.

Ел үкіметінің халықаралық сауда мен логистиканы одан әрі дамыту үшін көлік желісін жақсарту және кеңейту ниетіне сәйкес ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бағдарламасын әзірледі. Қозғалыс қарқындылығын, жүк ағындарының шығу орындарын және дисперсиясын талдау негізінде тасымалдау тиімділігін арттыру шешімдерін, соның ішінде пойыздар қозғалысын интервалды басқарудың заманауи технологиясын қолдану үшін негізгі станциялардың тізімі анықталды.

Инвестицияларды өңірлік бөлу бойынша 421,1 млрд теңгемен Астана қаласы көш бастап тұр, сәйкесінше 325,4 млрд теңгемен Маңғыстау және 262 млрд теңгемен Атырау облыстары, одан кейін 199,3 млрд теңгемен Алматы қаласы және 166,4 млрд теңгемен Қарағанды облысы тұр. Бұл бөлу көліктік инфрақұрылым мен логистиканы дамыту контекстінде аталған аймақтардың экономикалық әлеуетін және стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Мәселен, Көлік министрлігінің есептік деректеріне сәйкес, 2023 жылы 133 локомотив және 856 жолаушылар вагоны сатып алынған. Сондай-ақ республикалық және жергілікті маңызы бар 10,7 мың шақырым автомобиль жолдарын жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізіліп, үш ірі жоба аяқталды: БАҚАД, Қандыағаш – Мақат және Үшарал – Достық.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды