Биыл 226 жаңа вагон сатып алынады

Инфрақұрылым
21.02.2025, 08:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында теміржол саласында жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды.

Бұл – жалпы көлемі 1300 шақырымды құрайтын 4 жоба: Достық – Мойынты және Алматы айналма жобасы, Дарбаза – Мақтаарал және Қытай елімен қосатын Аягөз – Бақты теміржол өткелі және жаңадан қосылған Қызылжар – Мойынты телімі.  

– Жоспар бойынша Достық – Мойынты және Алматы айналма жобасы биыл бітіп, қолданысқа беріледі. Сонымен қатар ұзындығы 366 шақырым болатын «Қызылжар-Мойынты» жаңа теміржол желісі салына бастады. Бұл ТХКБ-ны 150 км-ге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, инфрақұрылым қуаттылығын арттыру және өткізу қабілетін кеңейту мақсатында «Алтынкөл-Жетіген» және «Бейнеу-Маңғыстау» учаскелері жаңғыртылады. «Қызылжар-Сексеуіл», «Шалқар-Бейнеу» учаскелерінде автоблоктау жаңа жүйелері енгізіледі. 2030 жылға дейінгі көлік-логистика әлеуетін дамыту тұжырымдамасы аясында инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты шаралар іске асырылып жатыр. Қазір екі негізгі транзиттік дәліз – Транскаспий халықаралық көлік бағдары мен «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің шығыс бағытына басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар теміржол тасымалы бойынша транзиттік тасымал 60% ұлғаяды, контейнерлік тасымал 55% артып, 2 млн контейнерге жетеді, автокөлік транзитінің көлемі 6 есеге, 29 млн тоннаға дейін өседі. 2030 жылға қарай Қазақстандағы транзиттік жүк тасымалы көлемін екі еседен астам, 74 млн тоннаға арттыру жоспарланған. Қазіргі таңда елімізде 5 теміржол және 8 автокөлік дәлізі қалыптасып, тиімді жұмыс істеп тұр, – деді спикер.

2024 жылы Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалы 34 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6% көп. Барлық жүктің 80%-ы теміржол арқылы, 20%-ы автокөлікпен тасымалданды. Биыл жолаушылардың жайлылығы мен тасымалдың сапасын арттыру үшін 226 жаңа вагон сатып алынады. Аталған жаңа вагондар 13 бағыт бойынша қатынайды және халықаралық бағыттарға да қосылады. Былтыр осы мақсатта 143 жаңа вагон сатып алынған. Ал негізінен 2029 жылға дейін отандық вагон паркін 1000 вагонға дейін жаңарту жоспарда бар.  

– Болашақта Румыния, Венгрия және Қытайдың Үрімші қаласында бірлескен терминалдар ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда. Жалпы алғанда, сыртқы терминалдық қуат 4 есе өсіп, жылына 2 млн 500 мың контейнерге жетеді, бұл жүк ағындарын біздің көлік инфрақұрылымымызға тартуға мүмкіндік береді. Осы жобалардың арқасында транзит 3 есеге артып, 76 млн-ға жетеді. Бұл еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетінің дамуына зор үлес қосады, – деді Н.Келбұғанов.  

Сонымен қатар көршілес елдермен теміржол түйіспелерінде пойыздарды өткізу қабілетін арттыру, ішкі терминалдық желіні дамыту, Қазақстанның шетелдегі жүк қалыптастыру нүктелеріндегі географиясын кеңейту бойынша шаралар қабылдануда.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда