Тасымалға тосқауыл жоқ
Бүгінгі күні мұнай мен газ саласының даму қарқыны жоғары. Салаға жаңа цифрлы технологиялар енгізілуде. Бұл саланың дамуына темір жолдың да үлесі мол екені анық.
Қазақстан темір жолы өз еліміз ғана емес, көршілес елдердегі ірі мұнай-газ кәсіпорындарына көліктік қызмет көрсетіп, жүк жеткізуді жүзеге асырады. Қолда бар техникалық және технологиялық мүмкіндіктер жүк тасымалындағы бүгінгі тасқынды жоғары деңгейде еңсеріп отыр. Оның үстіне Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы Атырау облысында бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Соның бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хош исті аромат және мұнайды терең өңдеу кешендері. Ол жобалардың тұтас еліміз үшін маңызы өте зор. Міне, осыған қажетті өндірістік өнімдерді тасымалдау, басым бағытта темір жол арқылы орындалғаны белгілі. Сөз жоқ, бұған өлке теміржолшылары мен басшылықтың істі ұйымдастыра білуі де үлкен сеп болуда. Әйтсе де, теміржол тасымалына мұнай өндіруші және өңдеуші кәсіпорындар кінә артпасы үшін мәселені түпкілікті шешу жолдары қаралып, Теңдік станциясы қайта жарақтандырылды. Атырау мұнай өңдеу зауытына келетін вагон-цистерналар енді Теңдік станциясынан әрі қарай зауыттың сұрыптау станциясы арқылы өткізіледі. Бөлек жоба бойынша салынған зауыт ішіндегі Промышленная станциясында 11 жол бар. Вагондар сонда сұрыпталады. Бүгінде станцияда тәулігіне 240 вагон тиеліп, 30-40 вагон жүк түсіріледі.
Мамандардың айтуынша, өлке тасымалын арттырудың тағы бір жолы – алдымен, инфрақұрылым нысандарының техникалық жарақтануын, жалпы жағдайын жақсарту, станциялар мен разъездердің өткізу қабілетін арттыру. Сонымен қатар, ірі көліктік-технологиялық, жөндеу-қамтамасыз ету нысандарын құрып, олардың жалпы көлік жүйесінде қызмет етуін қарастырған жөн. Барлық тасымалдаушылар бірыңғай тиімді өзара қарым-қатынасты ойластырғаны абзал. Ол үшін кешенді логистикалық көлік орталықтарына инвестиция төгуге дайын ірі жеке компанияларды тартқан игі. Мәселен, өлкеде ондай компаниялар ретінде «Болат жол», «Алтын қыран» кәсіпорындарын айтуға болады. Олар бүгінгі темір жол нарығында өздерін сенімді серіктес ретінде танытып үлгерді. «Болат жол» – темір жол нарығында көптен еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын. Негізгі қызметі – темір жол көлігімен мұнай, мұнай өнімдерін, газ және күкірт тасымалдауда қызмет көрсетіп, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру. Шынын айтқанда, бүгінде Қызылқоға, Мақат, Құрманғазы, Исатай аудандарына қатынау қиындық келтіріп отыр, ал егер тағы да жаңа маршруттар ашылса, онда халыққа тиімді болары анық. «Алтын Қыран» өңірдегі темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру бағытында еңбек етіп, жекелеген станцияларды қайта жаңғыртуға үлес қосуда. Осындай инвестиция құюшы кәсіпорындар көбейсе, онда тасымалға тосқауыл болмасы кәміл.
Қосұйым Мұқашев, Атырау
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті