Табыстың үш факторы

Инфрақұрылым
15.02.2019, 11:49

Жұмыс сипаты бойынша кластан тыс Алматы-2 станциясы жүк станциясы болып табылады. Оңтүстік астана Алматыдай алып мегаполистің жүк қақпасы өте ауқымды және жұмысы көлемді, барлық буындары өзара байланысып жатқан тұтас бір ағза сияқты.   

Алматы-2 станциясының ұжымы пайдалану жұмыстарының жақсаруы үшін еңбектенуде, вагондарды түсіру мен тиеу, құрастыру, жөнелту, жалпы алғанда жүк операцияларының жылдамдығын арттыруға күш салуда. Вагондардың тұрып қалуы мен апатты жағдайды болдырмауға көп күш жұмсауда.

– Біздің жұмыста үш негізгі фактор болу керек. Бұл – әрбір қызметкердің өз функционалдық міндеттерін мінсіз орындауы, апатсыз және нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету, сонымен қатар ұжымдағы тұрақты моральдық-психологиялық ахуал, міне, осы үш фактор табыстылық кепілі,– деп санайды станция бастығы Талғат Құлжабаев.

Алматы-2 – Алматы-1 станцияларының аралығы – бір жолды, 50 Гц айнымалы токтың электр тартқышымен электрлендірілген, тонналы рельс шынжырлары бар сигналсыз автобұғаттаумен жабдықталған. Пойыздардың қозғалысы автоматты локомотив сигнализациясының (АЛС) көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады. Станцияның негізгі жүк жөнелтушілері қатарында «Рахат», «Бахус», «Эфес» АҚ, «Alina Group», «Carlsberg» ЖШС сынды алпауыт компаниялар бар.

 Станцияда негізгі көрсеткіштер өсуінің оң динамикасы байқалады, мысалы, өткен жылы жүк тиеу 101 пайызға орындалды, бұл – жоспардағы тәулігіне орта есеппен 38 вагон/1420 тоннаның орнына 38,4 вагон/1491,4 тонна тиелді деген сөз.

Жоспарлы тапсырмаға статистикалық жүктеме 104,6 пайызға орындалды. Вагондардың жұмыс паркі 12 айда 103 вагон жоспарымен нақты 95 вагонды құрады, 108,4% орындалды. Жергілікті вагондардың тоқтап тұруы жоспардағы 38,27 сағат бойынша 19,4 сағатты құрады, 197,3% орындалды.

Алматы-2 тек жүк станциясы емес, «Жолаушылар тасымалы» АҚ – «Оңтүстік» аймақтық филиалының жолаушылар вагондарын жасақтайтын негізгі пункт болып табылады. Бұл жерде тежегіш табандықтарын ауыстыру жұмыстары атқарылады, автотіркегіш бойынша созу, дөңгелек жұптарын ауыстыру, құрамдарды жабдықтау, сонымен қатар құрамдардың іші-сыртын жуу мен ТО-1,ТО-2,ТО-3 жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде Алматы-2 станциясынан 25 жұп жолаушылар пойызы қатынайды, оның ішінде 17 «Тальго» пойызы, «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрастырылған, оларды өңдеу үшін 3 маневрлік локомотив қолданылады.

Алматы-2 станциясын үшінші жыл басқару және пайдалану жұмысында мол тәжірибесі бар тәжірибелі теміржолшы Талғат Құлжабаев басқарады. Талғат Сопыбекұлы Жамбыл жол бөлімшесін басқарған, бірнеше жыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық Азия бойынша өкілінің орынбасары болған шебер басқарушылық пен жақсы ұйымдастырушылық қабілеті қалыптасқан жан. Сондықтан Алматы-2 сынды үлкен станцияны басқару қиынға түспеген көрінеді.

– Өндіріс мәдениетіне көп күш жұмсаймыз. Жаңа технологияларды игеру, үлкен ақпараттық алаң біздің бөлімшенің жұмысына тән. Әрине, көп нәрсе қызметкерлердің кәсібилігіне байланысты, сондықтан кадрларды техникалық даярлауға баса назар аударылады. Қызметкерлер лауазымдық нұсқаулықтарды, қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін, техникалық пайдалану ережесін бес саусақтай білуі міндеттеледі. Пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын және станциядағы маневрлік жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық құрылғылар, сондай-ақ қызметтік-техникалық ғимараттар жүйелі түрде тексеріледі. Жұмыс тұрақты режимде, әр қызметкер өз функциясын қатаң нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес орындауы талап етіледі, – дейді Талғат Сопыбекұлы.

Станцияда тек кәсіби мамандар шоғырланған. Мысалы, станция бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Манат Бекешев – қозғалыс шаруашылығының барлық сатысынан өткен маман. Станция бастығының логистика жөніндегі орынбасары Клара Қарамендинова да көп жылдық тәжірибесі бар жан, ал маневрлік диспетчер Ержан Оразалиев пен пойыз құрастырушылар Абылай Ермекбаев, Қанат Ахметов және Әділ Самаев осы станцияда «туып-өскен» байырғы теміржолшылар деуге болады.

Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алматы

Суретті сүсірген Александр ЖАБЧУК


Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында