Күрделі жөндеу екі тәсілмен жүргізілуде

Инфрақұрылым
21.08.2020, 10:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол инфрақұрылымдарын дамыту – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басым бағыттарының бірі. Ағымдағы жылы елімізде 416,16 км жол күрделі жөндеуден өтуі тиіс болса, бүгінде соның 267,7 шақырымы аяқталған. 

Жалпы, былтыр Магистральдық желі дирекциясында қабылданған өндірістік бағдарлама шеңберінде 952 км жолдың үстіңгі қабаты сауықтырылып, соның ішінде 403 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл жұмыс көлемі осы көрсеткіштен 13,16 километрге артық болып отыр.

«Биылғы 346,1 км жолға жөндеу жұмысы мердігерлік тәсілмен жүргізілуі тиіс болатын. Қазір бұл жоспарлы тапсырманың 241,2 шақырымы орындалды. Таратып айтсақ, «Теміржол жөндеу» ЖШС еншісіне 176,94 км берілсе, бүгінде нақты орындалғаны 113 км шамасын құрайды. Ал «Integra Construction KZ» ЖШС үлесінде 169,12 км болса, олар 128 шақырымнан астам жолды жөндеп бітірді. Бұл екі мекеме де ұлттық компанияның көп жылдан бергі сенімді серіктестері. Және қалған жұмыс көлемін межеленген мерзімде орындап шығады деген сенімдеміз. 70,1 км жолға күрделі жөндеу шаруашылық тәсілмен жүргізіліп жатыр. Оны орындаушы Ағадыр ПЧМ мекемесі», – деп ақпар берді Жол және құрылыстар департаментінің өкілі Ильвир Нагаев.

Оның айтуынша, шаруашылық тәсілмен және мердігерлік ұйымдармен жолға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары арнайы дайындалған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалып, екі тәсілмен атқарылуда екен. Айталық, біріншісінде, SMD-80 техникасын балласты тазалап әрі толықтыра отырып шпалды ауыстыруға, ал RM-80, ХДВ, ЭЛБ, ВПО-3000, Duomatic, DGS, PBR машиналар кешенін рельстердің орнын түйіспесіз рельс иіндерімен алмастыруға қолданып отыр екен. Екінші тәсіл бойынша рельстер, шпалдар, балластарды тұтастай алмастыру барысында УК25/9-18 кранын және ХДВ, ЭЛБ, ВПО-3000, Duomatic, DGS, PBR машиналар кешенін пайдалану арқылы жөндеу жұмысы жүргізілуде екен. Ал пойыздың жайлы жүрісін қамтамасыз ету үшін ПРСМ рельсдәнекерлеу машинасын пайдалана отырып, блок учаскеге дейін түйіспесіз рельс иіндерін дәнекерлеу шаруалары атқарылуда екен. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында қолданылып жатқан рельстер Ақтөбе рельсарқалық зауытының өнімдері болса, бекітпелердің басым бөлігі – неміс, ресейлік өнімдер.

Күрделі жөндеу жүргізілген телімдерде пойыздардың қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін артады деп күтілуде. Жалпы, Магистральдық желі дирекциясы осы жылға алға қойған міндеттің бірі, ол контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 1150 шақырымға дейін жеткізу болатын. Былтыр 9000 шақырым жолға жол машиналары кешенімен жазғы жол жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығын 1105 км-ге, «Тұлпар-Тальго» вагондары тіркелген жылжымалы құрамдікін 596 шақырымға, ал контейнерлік пойыздардың қозғалыс жылдамдығын 1873 шақырымға көтеруге мүмкіндік туған еді. Биыл да коронавирус індетімен күрес жағдайында қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтай отырып, жөндеу жұмыстарын кестеге сай жүргізіп жатқан жол шаруашылығы мамандарының еңбегі нәтижелі боларына сенім мол.

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады