Темір жолдың дамуына сүбелі үлес қосқан қайраткер пайғамбар жасына жетті

Сұхбат
08.04.2022, 10:41
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел тәуелсіздігі жылдарында қазақ темір жолын дамытуға елеулі еңбек сіңірген азаматтың бірі – «Құрметті теміржолшы», «Құрмет» орденінің иегері Съезбек Әлішев. Кеңес дәуірінде қарапайым теміржолшыдан басталған оның еңбек жолының сәулелі шақтары – 1997 жылы ҚТЖ ұлттық компаниясы құрылғаннан кейінгі жылдар. Бүгін 63 жасқа толып отырған тарлан теміржолшымен сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз.

– Съезбек Әліпбайұлы, соңғы отыз жылда қозғалыс қызметінің барлық сатысынан өтіп, бірнеше аймақта жол бөлімшелерін басқардыңыз. Егемендіктің алғашқы жылдары мен ұлттық компания құрылған кезеңнің ерекшеліктері туралы естелік айтып өтсеңіз. 

– Егемендіктің алғашқы жылдары, яғни 1992 жылдан бастап теміржол қызметі мүлде жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуден өтті. Сол жылы мен Алматы бөлімшесіндегі Достық станциясына станция басшысының жүк тасымалы бойынша орынбасары болып тағайындалған едім. Достық жаңадан ашылып жатқандықтан кәсіби мамандар жетіспей, жақын елді мекендердің тұрғындары арасынан жігіттерді шақырып, теміржол қызметіне баулыдық. Қиындық көп болды, теміржолшылар вагондарда тұрып еңбек етті. Климаты аса қолайсыз аймақта олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін орасан күш жұмылдырылды. Жоспарлы шаралардың нәтижесінде Достық станциясы да өсіп, жүктерді қайта тиеу және тасымалдау қуаты біртіндеп артты. Ол күндер бүгінгі буын үшін аңыз сияқты көрінер. Алайда, менің еңбек жолымда Достық станциясындағы жылдарым ерекше із қалдырды. 

– Еліміздегі ең ірі теміржол торабы Алматы бөлімшесінде бас инженер болдыңыз. Бұл «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы жылдарына дөп келеді екен. Сол кездегі алға қойған міндеттер қандай болды? 

– Иә, 1997 жыл отандық теміржол көлігі үшін маңызды жыл болды. Қазақстандағы үш жол басқармасы біріктіріліп, ҚТЖ мемлекеттік республикалық кәсіпорны құрылды. Мен сол жылдары Алматы теміржолының бас инженері, кейінірек «Қазақстан темір жолы» РМК тасымал басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқара жүріп, станцияларды қайта құрылымдау, дамыту бойынша жұмыстарға көп күш салдық. Үш жол бөлімшесінің қосылуы алғашында бірталай түсінбестік тудырған болатын. Алайда, кейіннен бұл жобаның экономикалық тұрғыдан тиімді екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Басшылық алдына қойылған мақсат – Қазақстан теміржолын заманға сай әрі тиімділігі зор салаға айналдыру және әлемдік жүк тасымалы жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.

Мен үшін қозғалыс қызметі теміржол саласының өзегі саналады. Сондықтан болар, аталмыш саланың ең жауапты қызметтерін атқаруды өзіме абырой санадым.

2006 жылы өзім еңбек еткен Достық станциясының директоры болып бардым. Бұл кезеңде Қытай импорты екі есеге өскендіктен, жүк тиеу мен түсіру жұмыстарына қарқын алдыру қажеттігі туындаған болатын. Вагондарды беру сапасын арттыру мақсатында қосымша желілер салдық.

Сондай-ақ, іркіліс туғызбау мақсатында, вагондарды сұрыптауға қосымша уақыт жоғалтпастан жүк айналымының тиімділігін арттыруға қол жеткіздік. Осылайша, тәулігіне 500-600 вагонды пайдалануға беру мүмкіндігі туды. Мұны айтып отырғаным, осындай тың тәсілдер Ақтоғай, Алматы станцияларында да қолданылды. Бұл кезеңдерде өндіріске жаңашылдық енгізудің маңызы жоғары болды. 

– Сіз «Кедентранссервис» АҚ вице-президенті, «Табыс-Транс» ЖШС директоры, кейіннен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Ташкент қаласындағы өкілдігінің жетекшісі қызметтерін де атқардыңыз. Басшылық қызметтегі ескерілуі тиіс бірінші міндет не дер едіңіз? 

– Теміржол саласы жоғары жауапкершілікті талап етеді. Бұл бірінші кезекте басшылардан басталуы керек. Ұжымдағы тұрақтылық басты назарда болуы тиіс. Конструктивті байланыс бірлікті нығайтып, еңбек өнімділігін де арттырады. Мысалы, бір қызметкер еңбек қатынастары мәселесінде наразы болатын болса, бірден нақты шешімдер қабылдануы тиіс. Себебі, мұндай мәселелер қордалана берсе, үлкен проблемаға әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы ұстанымымды Қызылорда ЖТ бөлімшесі мен Алматы, Шығыс Қазақстан мен Семей ЖТ бөлімшесі басшылығы қызметінде де, қатаң сақтауға тырыстым. Соның нәтижесінде болар, үш-төрт бөлімшеде де жергілікті теміржолшылармен ынтымақта жұмыс істегенімді мақтан ете аламын. 

– Бүгінде бейнеттің зейнетін көретін ел ағасы жасы – 63 жасқа аяқ басып отыр екенсіз. Мерейлі жасыңыз құтты болсын!

– Рахмет! Өскемен өңіріндегі басшылық қызметімді қоса алғанда ел шығысында үш жылдан аса еңбек етіппін. Зейнеткерлік жасқа қасиетті Абай елінен шығу бақыты бұйырыпты. Мен үшін осының өзі үлкен жетістік. Барлық әріпестеріме, әсіресе ерекше сыйластықта болған Абай елінің азаматтарына алғысым шексіз...

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады