Әрбір теміржолшы компания назарында болуы тиіс

Сұхбат
15.06.2021, 23:23
Кәсіподақ – жұмысшылардың мүддесін, талап-тілегін қорғайтын ұйым ретінде қазіргі қолданыстағы заңнамаларға сай жұмыс жасап отырған ұйым. Жуырда Атырауға теміржолшылардың тыныс-тірлігімен танысуға келген «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы қоғамдық берлестігі» төрағасының орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Қуанышевпен сұхбаттасқан едік. – Бақытжан Мұқанбетұлы, Атырауға қош келдіңіздер, сапарларыңыз оң болсын! Алыстан арбалатып келген мақсаттарыңызды айтып өтсеңіз. – Иә, жай келген жоқпыз, өңірдегі жұмысшылар жағдайымен, кәсіподақ мүшелерімен, ұйым басшыларымен кездесіп,қазіргі жұмыс бағытын, кәсіподақтың бүгінгі мақсат-мүддесін талқылағалы келдік. Жалпы, көлік саласында 100 мыңнан астам адам жұмыс істесе, солардың 85 мыңы – теміржолшылар. Жұмыстары қиын, қауіпті, үнемі көңіл бөлуді талап етеді. Былтыр өңірлердегі бірқатар кәсіподақ жетекшілерін жаңадан сайладық. Атырау өңірінде де солай болды. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымына жаңа адам сайланды. Біріншіден, солармен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдап, қазіргі пандемия жағдайында қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндірдік. Екіншіден, қазір жер-жерде вакцинациялау өтіп жатыр. Оған бірі сенсе, екіншісі сенбейді, бірі егем, бірі екпеймін дейді. Соның бағытын түсіндіруге келдік. – Шынымен де, вакцинация салу міндетті ме, әлде ерікті түрде ме? – Егерде денсаулық және медицина тарапынан ешқандай кедергі, шектеу болмаса, вакцина алу керек. Кейбіреулер вакцина алмасақ, жұмысқа жібермейді деген рас па деп сұрайды. Ондай заң жоқ, бірақ өзің үшін және айналаңдағы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін екпе алған абзал. Яғни, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек, адамдардың 60 пайызы екпе алдырса, қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптасады. Қорқудың қажеті жоқ. Мен жеке өзім екпе алдым. Әлеуметтік желіде жазылып жатқан екпеге қарсы пікірлер шындыққа жанаспайды. Вакцина адамдарға қарсы әсер етіп, өлімге әкеліп соққан жағдай теміржолда тіркелген жоқ. – Кәсіподақ көзімен қарағанда қазіргі теміржолшылардың жағдайы қалай, жалақысы, тұрмысы, әлеуметтік ахуалы? – Былтырғы жылдың қараша айынан бастап биылғы ақпан айлары аралығында теміржолшылар арасында сауалнама жүргізіп, олардың жалақысы, жағдайы қандай, салық, зейнетақы, медсақтандыру сынды төлемдерді алып тастағанда қолына таза қанша теңге алады, ол отбасын асырауға жете ме деген сұраққа жауап іздедік. Және шығындары қанша, оның ішінде тамағы, киімі, коммуналдық төлемдер, балалардың оқуы, т.б. бар. Сол сауалнамаға сәйкес, бір мысалды алсақ, отбасында әйелі мен екі баласы бар бір жұмысшы таза қолына 63 мың алады екен. Ал осы жалақы әлгі адамның отбасын асырауына, бүкіл шығындарын жабуға жете ме? Ол үшін жалақысы қанша болуы тиіс? Міне, осы мәселелерді темір жол басшыларының алдына қойып, сауалнама нәтижелерін жария еттік. Сосын кейбір институт, колледжер, соңғы үш жылда оқу ақысын үш есеге көбейткен. Мәселен, Қызылордада Қорқыт ата университеті оқу ақысын 100 пайыз, ал көлік колледжі 80 пайызға көтерген. Бұл – Қазақстанның барлық өңірлеріне тән құбылыс. Ал біздің қазақ жалғыз сиырын сатса да, не кредит алса да баласын оқытады. Сол мәселені де басшыларға жеткіздік. – Одан нәтиже бар ма? – Биыл жалақы 10 пайызға өсті. Бірақ біз инфляцияны ескере отырып, жылына бір емес, екі рет жалақыны өсірудің мүмкіндігін қарастыруды сұрап отырмыз. Әрине, ол компанияның табысына, қаржылық жағдайына байланысты болмақ. Біз сауалнама жүргізуді әрі қарай да жалғастырамыз. Оны кәсіподақ, соның ішінде өңірлердегі әріптестеріміз жасайды. Олар ай сайын қорытындысын тапсырып тұрады. Өңірде сол жұмыстарды қалай жүргізу қажеттігі жөнінде де мекеме кәсіподақ басшыларымен талқыладық. Ал ол сауалнамалар қорытындысын біз ҚР Еңбек министрлігіне жібереміз. – Теміржолда жұмысшыларды қысқартады, оңтайландыру жүреді деген әңгіме біраздан бері айтылып келеді. Жұмысшы мүддесін көздеуші кәсіподақ бұл бағытта қандай жұмыстар атқаруда? – Қысқартулар болады, ондай бағдарлама қазір ҚТЖ-да дайын. Бірақ ол негізінен информациялық технология, цифрландыру бойынша мамандықтарға қатысты болады. Мысалы, қазір халық әуе не темір жол билеттерін онлайн алады, ол үшін кассаға барудың қажеті жоқ. Төлем карточкалары арқылы жүзеге асырылады. Ол мамандықтар сұранысқа ие емес. Сол секілді жүк-багаж кассирлері бар. Онда да қазір барлық процесс онлайн орындалады. Диспетчерлер бір орталыққа жұмылдырылды, ол да жаңа технология жетістігі, басқа да мысалдар көп. Мысалы, локомотив бригадаларында маневрлік жұмысты бір машинист атқаруға болады, егер депо барлық техникалық жағынан қамтылған болса, яғни видео бақылау, видеозона толық болу керек. Ал, жолаушылар тасымалына бір  машинист жеткіліксіз, біз оған қарсымыз. Бүгінде техникалық жылдамдық артуда. Сондықтан, онда көмекші міндетті түрде болуы керек. Жүк тасымалында да солай, енгізіліп жатқан жаңашылдықтар, автоведение, тепловоздың алдын-артын да көріп отыру әдісі әрине жақсы, дегенмен олар адамның орнын 100 пайызға алмастыра алмайды. Бірақ қай мекемеден болса да, босап қалғандар далада қалмайды, түрлі жолдарын қарастырып, міндетті түрде жұмыспен қамтуға тырысамыз. Зейнеткерлікке ертерек шығу бағдарламасы бар. Соған сәйкес 1 жыл не 5 жыл қалған адамның зейнетақысын алдын ала төлейді. Кейбір мекемелерде адамдар конкурстық негізде жекеменшік мекемелерге ауысып жатыр. Қайта оқыту, қайта дайындау бағдарламасы да бар. Ешкім далада қалмайды, әрбір жұмысшы компания назарында болуы тиіс, біз оған кепілміз. – Дегенмен, «мені заңсыз жұмыстан шығарды, не өтемақымды бермейді» деп, не басқалай шағымдармен арызданушылар бар ма, оларға қандай көмек көрсетесіздер? – Заңсыз қысқартты, заңсыз мына жұмыстан мына жұмысқа ауыстырып жатыр деген сынды арызбен шағымданатындар болады. Әрбір арыз жеке қаралады, өйткені әр арыз артында адам тағдыры тұр. Бізде ҚТЖ Орталық аппаратында келісім комиссиясы бар, ол әр мекемеде де бар. Оған кәсіподақ мүшелері кіреді. ҚТЖ келісім комиссиясының төрағасы Жұпарбек Сәбитов – әрбір адамның арызы қанағаттандырылуына мүдделі азамат. Арызданушы жұмысшы комиссия шешімімен келіспесе, алдымен мекемеде, сосын филиалда қаралады. Ал одан нәтиже болмаса, ҚТЖ келісім комиссиясында қаралады. Одан да нәтиже болмаса, сотқа жүгінуге құқылы. Бірақ келісім комиссиясы әділ шешім шығаруды көздейді. – Әңгімеңізге рахмет!
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚР, ҚХР және РФ e-commerce саласындағы байланыстарды нығайтуда
Жүк тасымалы
28.11.2024
Қарашада ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық жөнелтілді
Аймақтар
28.11.2024
Кәсіподақ төрағасы түбекке келді
Аймақтар
28.11.2024
Пойыз құрастырушы құрметті демалысына шықты
Аймақтар
28.11.2024
Көлік полицейлері вокзалда ұсақ бұзақылық жасаған төрт адамды ұстады
Жаңалықтар
28.11.2024
Елден тысқары жерлерде «құрғақ порттар» желісін құруға басымдық береміз – Тоқаев
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚТЖ мен ФинИнвест ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚР, РФ және ҚХР терминал салып, бірыңғай цифрлық платформаны пайдаланатын болады
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚТЖ мен Ресей темір жолдары бірқатар келісімге қол қойды
Аймақтар
27.11.2024
Кырағы күзет қызметінің сарбаздары
Жүк тасымалы
27.11.2024
Транзиттік вагондар ағыны артты
Әлемде
27.11.2024
Румынияда алғашқы Coradia Stream пойызы іске қосылды
Жүк тасымалы
27.11.2024
Құрық портындағы жаңа астық терминалы экспортқа мүмкіндік ашады
Жаңалықтар
26.11.2024
Жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
ҚТЖ 2027 жылға дейін 9 терминал салады
Жаңалықтар
26.11.2024
2029 жылға дейін 5 мың км жол салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
Оқушылар мен колледж студенттері теміржолшы мамандығымен етене танысты
Жаңалықтар
26.11.2024
Биыл отандық өндірушілермен 1 637 келісімшарт жасалды
Жүк тасымалы
26.11.2024
Достық станциясынан ҚХР-ға тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Жолаушылар тасымалы
26.11.2024
Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері