"Тұлпар-тальго" халықаралық қатынаста

Жаңалықтар
28.03.2017, 14:36
Бұдан былай өзбек-қазақ достығы теміржол бойындағы ынтымақтастық арқылы нығая түспек. Ендігі жерде бауырлас қос елдің бас қаласы бір-бірімен бір жарым тәулік ішінде жалғасып, аулы аралас, қойы қоралас жатқан қос мемлекеттің халқы бір-бірімен емін-еркін араласып,  алыс-берістерін нығайта түсуге мүмкіндік туып отыр.    Күллі түркі-мұсылман елдеріне ортақ Наурыз мерекесі қарсаңында қазақ-өзбек халқы мерекені бірге тойлады.  Өйткені, Ұлыстың ұлы күні құрметіне көптен күткен жағымды жаңалық жүзеге асып,  «Алматы – Ташкент» бағытында №1/2 жаңа халықаралық жүрдек жолаушылар пойызының тұсауы кесілді.    Алматы-2 вокзалында 21 наурыз күні жаңа бағдардағы пойызды салтанатты шығарып салу рәсіміне Алматы қаласының әкімдігі және өзбек этно мәдени орталығы өкілдері мен жергілікті тұрғындар, теміржолшылар мен сала  ардагерлері, қала халқы көп жиналып,   ұлттық компанияның вице-президенті Эрик Имашев бұл оқиғаның екі елдің  достық қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын нығайтудағы, сол арқылы көршілес жатқан бауырлас қос ел халқының тек ағайындық қарым-қатынасын ғана емес, әлеуметтік ахуалын  жақсартудағы маңызы зор екеніне тоқталды. Жаңа пойыз отандық өнім - кең шанақты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай пойыздың алғашқы сапарына  орай дәстүрлі қоңырау соғу рәсімін жасап, су жаңа көк күймелерден құралған пойызға сәт сапар тіледі.  29 вагоннан тұратын пойыз аптасына екі рет қатынайды. Алматыдан дүйсенбі, сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі, жексенбі күндері жүреді. Аталған бағдар бойынша пойыз Отар, Шу, Тараз, Түлкібас, Манкент, Шымкент, Арыс, Сарыағаш, Келес және Ташкент станцияларына тоқтайды.  Бұдан былай Алматыдан Ташкентке дейінгі жол ұзақтығы 16 сағатты құрайды. Пойыз жолаушылары үшін ең басты артықшылық – шекарадағы бақылау кезінде жолаушылар купелерін шықпай-ақ барлық тексеру рәсімдерінен өте алады. Сарыағаш станциясында қазақстандық шекарашылар, ал Келес станциясында өзбекстандық шекарашылар бір жарым сағат ішінде құжаттық рәсімдерді атқарып шықпақ. Жүрдек пойыз 400 орыннан тұрады. Ол Алматы мен Ташкент сияқты туристтік орталықтарды байланыстырмақ.

Райхан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі