ҚТЖ – 2023: рекордтық көлемдер, инфрақұрылымды жаңғырту, стратегиялық міндеттер

Жаңалықтар
29.12.2023, 09:38

Өндірістік көрсеткіштер

Тасымалдау жоғары өсуді көрсетеді және үш жыл ішінде тарихи максимумды жаңартып келеді.

- пайдалану жүк айналымы: 270 млн тонна-км, бұл 2022 жылдан 7,5%-ке артық.

- транзит: 27,4 млн. тонна, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 18,4%-ке жоғары.

- экспорт: 85,8 млн. тонна, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 9%-ке жоғары.

- ҚХР-мен тасымалдау көлемі: 28 млн тонна, бұл 2022 жылдан 22% -ке артық.

Экономикалық көрсеткіштер (жедел деректер бойынша)

Компанияның үш жылдық кірісі 2021 жылы 1,3 триллионнан 2023 жылы 2 триллионға дейін көтеріліп, тұрақты динамиканы көрсетуде.

- кіріс: 1,9 трлн теңге, бұл 2022 жылдан 29,3% - ке артық.

- пайда: 140 млрд теңге, бұл 2022 жылдан 4 есе көп. Бұл компанияның соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіші.

- еңбекақы төлеу қоры 574 млрд.теңгені құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 2 есе көп.

Активтерді жаңарту

      Үш жыл ішінде локомотив паркінің тапшылығы мәселелері шешілді (254 бірлік сатып алынды). Жолаушылар вагондары паркін жүйелі жаңарту 2025-2030 жылдар аралығында күтіледі (Stadler зауытының 537 вагон өндірісі).

2023 жылы:

- 112 локомотив сатып алынды. Локомотивтердің орташа тозуы 2020 жылы 68% -тен 2023 жылы 52% - ке дейін төмендеді.

- 1 369 км теміржол төсемі жөнделді, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе жоғары.

Маңызды оқиғалар

Компания теміржол инфрақұрылымын ауқымды дамытудың белсенді кезеңінде. Алдағы үш жылда 1 300 км жаңа жолдар салынады, тағы 2 000 км салу дайындық кезеңінде.

– Ірі инфрақұрылымдық жобаларды: Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты-Аягөз темір жол желілерін, Алматыны айналып өтетін теміржол желілерін салуды іске асыру басталды.

Бүгінгі таңда 5 700 мың м3 жер төсемі төгіліп, 300 км астам жол төселді.

- Сиань қаласының қытайлық құрғақ портында Қазақстанның жүк терминалы салынды, оның құрылысын салуға Мемлекет басшысы 2023 жылдың мамыр айында пәрмен берген болатын.

- «Ақылды темір жолы» жобасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды. Huawei компаниясымен бірлескен цифрлық хаб ашылды. Wabtec (Kinetix, PTC 2.0, Trip Optimizer) компаниясымен пилоттық жобалар аяқталды. DTC сандық дәлізі бағдарламасы PSA компаниясымен жұмыс істей бастады.

Көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту:

Мемлекет басшысының транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Компания жоспарында үш жыл ішінде транзиттік жүктердің көлемін екі есеге ұлғайту көзделген. Ол үшін негізгі транзиттік маршруттар бойынша операторлар анықталды:

- ТХКМ – «Middle Corridor Multimodal Ltd» компаниясы, Әзірбайжан және Грузиямен бірлескен кәсіпорын;

- "Солтүстік-Оңтүстік" ХКД: Құрық порты арқылы – AD Ports Group-пен бірлескен кәсіпорын; Болашақ өткелі арқылы Ресеймен және Түркіменстанмен бірлескен кәсіпорын құрылады;

- Қытай – Ресей – Еуропа транзиттік маршрутында «Біріккен көлік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ, яғни Ресеймен және Беларусьпен бірлескен кәсіпорын жұмысын жалғастыруда.

Бірлескен жұмыс үшін ірі әлемдік компаниялар: COSCO (Құрғақ Порты), «Ляньюньган КТ порты» ЖШҚ (Құрғақ Порт, Ақтау порты), PSA International (цифрлық дәліз), Shandong Port Group (сауда хабтары), Rhenus Logistics (терминалдар), AD Ports Group (трейдинг), Huawei Technologies Co. Ltd. (цифрландыру), Wabtec corporation (цифрландыру және аралық қозғалыс), Alstom (құлыптау жүйелері, бағыттамалық аудармалар), Stadler Bussnang AG (жолаушылар вагондары), Deutsche Bahn (жолаушылар тасымалын басқару), CRRC corporation Ltd. (локомотивтер) тартылды.

Рейтингтер

Компания жұмысының оң динамикасын тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттіктердің бағалауы растайды:

- Moody's Investors Service – «Baa3» несиелік рейтингі, болжам «Тұрақты».

- FitchRatings – «BBB –»      несиелік рейтингі, болжам «Тұрақты».

- S & P – «BB» несиелік рейтингі, болжам «Тұрақты».

- Moody ' s ESG Solutions - ESG рейтингі - A2, 57 балл (әлемдік көлік компаниялары арасында үздік).

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті