Жолаушылардың айтар назы бар...
Жаңалықтар
21.07.2017, 16:13
Бүгінде көліктің қай түрін таңдаса да, адамның өз қалауы. Көпшіліктің қалауы темір жол көлігі екеніне ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, біріншіден, пойыз қауіпсіз әрі билет бағасы қолжетімді, екіншіден, бала-шаға, үлкен кісілерге қолайлы. Десек те, бүгінде жолаушылар тарапынан вагондарға қатысты реніш те жоқ емес.
Биыл маусым айынан бастап Батыс Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық болды. Жері қуаң, шөлейтті Атырау өңірінің жаз мезгілі соңғы бес жылда өте ыстық болып халықты мезі етті. Әсіресе, «Атырау – Алматы» және «Атырау – Маңғышлақ» бағытына қатынау барысында қатты ыстықты көтере алмаған атыраулық жолаушылардың бұрынғы кеңестік кездің «көзіне» айналған вагондарға және билеттің тапшылығына қатысты айтар шағымдары жетіп артылады.
Ақтау қаласындағы Маңғыстау станциясынан Атырауға жеткенше жиырма сағаттық жол, ал Алматы қаласына жеткенше үш тәулікке жуық уақыт кетеді. Аптап ыстықтан мазамыз кетіп, жайсыздықпен арпалысып барамыз. Тіпті, қан қысмы көтеріліп, халі нашарлап, медициналық жедел жәрдемге жүгінген жолаушылар туралы да естіп жатырмыз. Вагон ескі, желдеткіштердің күші жетпей ме, қапырық, ауа жоқ. Пойызбен көбіне денсаулығы жоқ әрі жасы үлкен адамдар көп қатынайды. Соны ескеріп темір жол басшылығы ескі вагондарды қазіргі климатқа сай жаңасына ауыстыруға инвестиция салса болмай ма? Жаз болса, билет таппай сандалатынымыз тағы бар, – дейді маңғыстаулық Зияда Жұмабекқызы.
Жолаушылардың осы тектес реніші де, талабы да орынсыз дей алмайсың. Мәселенің мәнісін білмек болып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Батыс филиалы, Атырау телімінің басшысы Ақылбек Бурханаддинді сөзге тарттық.
Кеңестік вагондар 1988 жылы шығарылған. Олардың пайдалану мерзімі 28 жыл, содан соң олар күрделі жөндеуден өтіп, жүру уақыты 5 жылға ұзартылады. Бұл вагондарда желдеткіштер бар. Бірақ олардың қуаты кей пойыздарда 54 вольт, кейбірінде, мысалы «Атырау-Алматы» және «Атырау-Астарахань» пойыздарында 110 вольт. Вагондардың шығу уақытын ескерсек, ол кезде біздің елімізде 50 градус ыстық ауа өте сирек болатын. Қазіргі күні үш ай жаз бойы 48-49 градус ыстықтан асқанда, вагондардағы желдеткіштің вагон ішін салқындатуға қуаты жетпейтіні белгілі болып отыр. Мұндайда вагон ішіндегі терезелерді ашып, желдету әдісін қолданамыз. Бірақ, аптап ыстықта бұл да көмектеспейді. Атырау мен Алматы қалалары арасында халық жиі әрі көп қатынайды. Жаз мезгілінде билет тапшы. Қазірдің өзінде тамыз айының онкүндігіне дейін билеттер сатылып қойылған. Халықтың сұранысы ескеріліп, «Жолаушылар тасымалы»АҚ «Атырау – Алматы» бағытына бұрынғы кеңестік кездегі вагондардан бес пойыз шығаруға шешім қабылдады. Бұл пойыздардан өзге халық «Тұлпар-Тальго» пойызының қызметін пайдалана алады, – деді ол.
Телім басшысының айтуынша, «Атырау – Алматы» бағытындағы пойыздың купесіне билет 12 мың 104 теңге, плацкарт 7,757 теңге, ал Тальго пойызына билеттер 25 мың 464 теңге. Бірақ, Тальгоға билетті 15-күн не 1 ай бұрын алғанда билет құны едәуір арзанға түседі. Ал енді «Астрахань – Мәскеу» бағытындағы пойыздың билет құны, фирмалық болмаса да қымбат. «Астрахань – Мәскеу» бағытында купемен жету үшін 45 636 теңге, плацкарттағы орын құны – 26 206 теңге. Айырмашылық орасан және бір ескеретін жайт – Астана мен Атыраудың арасы 1 мың 839 шақырым болса, Астрахань мен Мәскеудің арасы – 1 мың 532 шақырым. Салыстырмалы түрде алғанда, Қазақстандағы пойыз билетінің құны қолжетімді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары сөзіне сүйенсек, ескі вагондарды жаңасына ауыстыратын күн де алыс емес. Алдағы алты-жеті жылда халық жаңа әрі климатқа сай жаңа вагондармен ел арасына қатынау мүмкіндігіне ие болмақ. Ал билет жағдайына келсек, Атырау темір жол вокзалында 4 билет кассасы тәулігіне 2 мыңнан аса адамға қызмет көрсетіп келеді. Жайық өңірінің халқын Астанаға тасымалдауға Атырау қаласынан жүретін 11 вагон тіркелген «Каспий» №47/48 –ші фирмалық пойызы, №19/20 «Тұлпар-Тальго» пойыздары жүзеге асырып келеді. Пойыздар бекітілген кестеге сай қатынауда.
Бүгінде «ЭКСПО» билеттері темір жол билеттерімен бірге жеңілдікпен сатылуда. Атырау мен Астана қалалары бағытында «ЭКСПО-2017» көрмесіне облыс халқы еш қиындықсыз баруы үшін арнайы пойыз шығарған. Соған қарамастан, жаз маусымы әрі «ЭКСПО» көрмесі өтіп жатқандықтан, Атырау –Алматы, Атырау – Астана бағыттарына билеттер жоқ. Бірақ, жолаушы жол сапарына алдын ала қамданған жағдайда, мұндай мәселе туындамасы анық. Әрі жолаушы шаруасы шығып билет іздеген жағдайда, билет кассасына барып билет алған азаматтардан қайтарылған билетке үмітті бола алатынын да ескерген жөн. Ал қандай пойызды таңдайтыны жолаушының өз еркі.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты