Ұлттық бәсекеге қабілеттілік тұрақты өсім факторы

Жаңалықтар
02.02.2018, 12:30
  Соңғы жылдары көлік саласының маңызы ұлттық бәсекеге қабілеттілік пен тұрақты экономикалық өсім факторы ретінде артты. Еліміздегі темір жол, автомобиль және әуе көлігі жағдайына, көліктік-логистикаға қатысты мәселелер сейсенбі күні «ҚТЖ» компаниясы ғимаратында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының осы жылғы Жолдауына орай өткен Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөз болды.

Сыртқы нарықтарға жол ашқан сала

– Елбасы биылғы Жолдауында еліміздің дамуының басымды бағыттарын белгілеп, Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуы үшін атқару қажет 10 міндет қойды. Соның ішінде, Жолдауда Мемлекет басшысы көлік-логистика саласының тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше мән берді. Өздеріңізге белгілі, көлік-логистика саласы өткен жылдың нәтижесі бойынша еліміздің экономикасы өсімінің негізгі драйвері болды. Елбасы көлік-логистика саласының әлеуетін толығымен пайдалануға тапсырма берді. Жолдаудан туындаған міндеттерді орындау үлкен жауапкершілікті жүктейді, – деп кеңесті ашқан А. Мамин алғашқы сөз кезегін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке берді. «ҚР көлік кешені алдында тұрған жаңа міндеттер мен белестер» туралы баяндаған министр бүгінде Қазақстанның көлік саласының дамудың тарихи бір кезеңіне өткенін сеніммен айтты. –Осы жылдар ішінде елдің көлік кешені сауда-экономикалық байланысын нығайтуға елеулі үлес қосып, экспорттық әлеуетті дамыту үшін сыртқы нарықтарға жол ашты. Ендігі жерде бізді басып озғысы келетін баламалы дәліздер тарапынан бәсеке үдей түскен жағдайда қолда бар көліктік-логистикалық инфрақұрылымды тиімді пайдалануымыз керек, – деді министр. Елбасы Жолдауында биыл сонымен қатар көлік пен логистика саласына заманауи цифрлы технологияны жаппай енгізу туралы міндет қойылды. Қазіргі заманғы әлемде цифрландыру дамудың жаңа парадигмасына айналды және озық елдер өздерінің көліктік-логистикалық жүйелерінде цифрландыру бойынша ірі ауқымдағы стратегияларды жүзеге асыруда. Министр сонымен қатар бүгінде отандық көлік-логистика жүйесіне заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен бірге көлік пен жолаушылар ағымын басқаруды жақсарту, тасымал қауіпсіздігін арттыру, қозғалыс жылдамдығын ұлғайтуға бағытталған жүйелер енгізілуде. «Интеллектуалды көлік жүйесі» көп құрамды жобасы шеңберінде көлік құралдарының, инфрақұрылым, пайдаланушылар және инфо-коммуникациялық технологияларды кезең-кезеңімен біріктіру жүзеге асырылуда.  Ал автокөлік саласына бастапқы ақаулықтарды жою жолымен жолдардың күтіміне шығынды оңтайландыру үшін Жол активтерін басқару жүйесі енгізіліп жатыр.  Авиация саласына жүк авиа тасымалы бойынша E-freight қағазсыз құжат айналымы  мен авиа жолаушылар туралы мәліметтерді өңдеу және жинақтау жүйесі енгізіліп жатыр.  Әлемдік тәжірибе көлік саласын цифрландыру бизнестің белсенді қатысуынсыз мүмкін емес екенін көрсетті. Зерттеулерге сәйкес цифрландыру компанияның табысын үш есеге арттырады. Соған байланысты компаниялар желілік инфрақұрылым дамуы мен кеңейтілген ІТ–мүмкіндіктер аясында бизнес-стратегияларды бейімдеуге қарқынды түрде қаржы бөлуде. Ж.Қасымбек осы орайда біздің көлік ұйымдарының да дәстүрлі әдістер мен қолмен басқару тәсілдерін алмағанда бизнес үдерістерге цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу қажеттілігін айта келе, болашақта көлік әлеуетін жүзеге асыру үшін инфрақұрылым сапасына қатысты кедергілерді жою бағытында жұмыстар жүргізіле беретінін жеткізді. Экономиканы цифрландыру шеңберінде аталған министрлікте Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындау үшін цифрлық технологияны қолдана отырып, Интеллектуалды көлік жүйесін кезең-кезеңімен енгізу бойынша шаралар Жоспары жасалуда. Соған қоса министрлік ҚР-да цифрландыруды енгізу мәселелері бойынша Президент жанындағы Комиссия жұмысына да белсенді араласады. Министр аталған жұмыстарды жүргізу барысында көліктік қауымдастықтың ұсыныстары мен идеяларын тыңдауға дайын екендіктерін жеткізді. Жалпы алғанда көліктік-логистикалық саласы дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстың барлығы Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсартып, транзиттік әлеуетін арттырады және Елбасы қойған стратегиялық міндеттерді шешуге септік етеді.  

Транзит пен экспорт үшін бар жағдай жасалуда

  Республикалық кеңесті одан әрі «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті  Қанат Алпысбаев транзиттік тасымалды және көлік логистикасын дамыту тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды. Оның айтуынша, Асқар Маминнің бастамасымен құрылған Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізіндегі темір жол, теңіз және логистикалық инфрақұрылым меншігі альянсы бірыңғай технология мен тариф саясатын қамтамасыз етті. Құрық темір жол кеме кешенінің іске қосылуы – былтыр түсіріп тиеуден жоспарлаған көлемді 2 есе өсіруге мүмкіндік берді. Транскаспийлік тасымалды дамытуға қосымша серпін беру арқылы Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісі іске қосылды. Бұл тасымалдың экспорттық-транзиттік географиясын кеңейтіп, 2018 жылы жоспарланған жұмыс көлемін 35 мың контейнерді қоса алғанда 8,5 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік бермек. –Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағдары бойынша тасымал көлемін арттыруға күш салынуда. Бекітілген нақты тарифтің арқасында тұрақты контейнерлік сервис қалыптасты. Тек соңғы 3 күн ішінде аталған бағдар бойынша 3 пойыз жіберілген. Осы жылы тасымалды 15 мың контейнерге жеткізіп, 2020 жылға қарай 500 мың ДФЭ деңгейін бағындыруды көздеп отырмыз, – деді компания басшысы.   Оның мәлімдеуінше, өзге де Қытай – Ресей, Қытай – Орталық Азия бағыттары бойынша оң динамика байқалып, деңгей 147 мың ДФЭ-ге жеткен. Трансқұрлықтың сервисті құрудың базалық нүктесі болып Ляньюнгань порты табылады. Бұл бағытта Қазақстаннан және елімізге бағыт алатын пойыздардың тұрақты сервисі қалыптасқан. Логистикалық ағымдардың шоғырландырушы және дистрибуторлық нүктесі ретінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты іске қосылды. Ол арқылы HP, DHL, John Deer сынды клиенттердің халықаралық логистикасы жолға қойылды. Бұл тасымалдың кең географиясына қосымша клиенттер тартуға ынталандырады. Аталған порт инфрақұрылымы  арқылы логистикалық активтер мен сервистерді біріктіру аймақты дамытуға инвестиция құятын халықаралық инвесторларды ынталандыруға септік етеді. Автожолдар инфрақұрылымын дамыту, автожол жобаларын іске асыру, жергілікті жолдар желісін дамыту, ақпараттық жүйелерді енгізу және ақылы жолдар мәселесіне «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов тоқталды. Кеңес барысында осы автокөлік мәселесіне қатысты сонымен қатар Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек, ЕҚДБ-нің ҚР-дағы өкілі Агрис Прейманис, «CITIC Construction Co. LTD» компаниясының вице-президенті Ян Цзяньцян, «Алсим Аларко» АҚ вице-президенті Аббас Шахин, IRU-дің Еуразиядағы тұрақты өкілі Дмитрий Чельцов баяндама жасаса, Қазақстан тауар өндірушілер және экспорттаушылар одағының президенті, тау-кен өндіруші және тау кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец қазақстандық өнімдерді, оның ішінде экспортқа тасымалдауды қамтамасыз ету туралы сөз етті. Ал  «ҚазАТО» халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағының президенті Мақсат Сақтағанов халықаралық автотасымалды дамыту және АКҚ паркін жаңарту туралы айтты. ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер азаматтық авиация саласын дамыту, әуе компаниялары мен әуежайларды дамыту жайын қозғады.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар / Мұрағат
26.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №108 26 желтоқсан 2025 жыл
Спорт
25.12.2025
Алаңда ардагерлер бақ сынады
Аймақтар
25.12.2025
Үздіктер анықталды
Жаңалықтар
25.12.2025
Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан желісінің құрылысын қаржыландыру тәртібі анықталды
Жаңалықтар
25.12.2025
Жұмысшы мамандықтары жылында 80 мыңнан астам ҚТЖ қызметкері марапатталды
Спорт
25.12.2025
Адал достықтың үлгісін көрсетті
Әлемде
24.12.2025
Ташкент пен Қазан арасындағы пандемияға байланысты үзілген теміржол қатынасы қайта жанданды
Жаңалықтар
24.12.2025
ҚТЖ «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалдықтарды азайту жөніндегі іс-шараларды іске асырады
Жаңалықтар
24.12.2025
Теміржол саласындағы 2025 жылдың негізгі оқиғалары
Әлеумет
24.12.2025
ҚТЖ ардагерлері Жаңа жыл қарсаңында спорттық рухтарын көрсетті
Жаңалықтар
24.12.2025
Олжас Бектенов пен Alstom теміржол өндірісін талқылады
Инфрақұрылым
23.12.2025
Вокзал құрылысы бақылауда
Жаңалықтар
23.12.2025
«Қауіпсіздік білгірлері» байқауының жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар
23.12.2025
Жетістіктер сараланды
Сұхбат
23.12.2025
Қауіпсіздікті сақтауда тәртіп қажет
ҚТЖ келбеті
23.12.2025
ҚТЖ – жүлделер көшбасшысы
Аймақтар
23.12.2025
Вагондарды жөндеу сапасы сөз болды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №107 23 желтоқсан 2025 жыл
Аймақтар
22.12.2025
Облыс әкімі теміржолшылар әулетін марапаттады
Аймақтар
22.12.2025
Қолайлы жағдай жасалуда