Өскеменде жүк вагондары мен жұп дөңгелектерді жөндеумен айналысатын шеберхана ашылды

Жаңалықтар
28.07.2021, 19:37
«Қамқор Вагон» ЖШС ірі филиалдарының бірі – Өскемен вагон жөндеу депосының базасында жұп дөңгелектерді күрделі жөндеуден өткізудің толық циклын игеретін шеберхана ашылды. Шеберхананы ұйымдастыру үшін негізгі ғимарат қасынан тез құрастырылатын материалдардан қосымша жапсырма салынып, оның іші заманауи жабдықтармен және диагностикалау құралдарымен жабдықталған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның вагон шаруашылығы мамандары мен ревизорлық аппараты қатысқан құзырлы комиссия өндіріске тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша ҚТЖ басшылығы Вагон дөңгелектері шеберханасының (ВДШ) нормативті-техникалық талаптарға толық сәйкес келетінін белгіледі. Және де оны растайтын РУ1-РУ1Ш типіндегі жұп дөңгелектерді күрделі жөндеу жүргізу барысында таңбалау үшін «745» шартты номерін кеңейту туралы Куәлікті Ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев табыстады. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында «Қамқор Вагон» тарапынан бір кәсіпорында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және өзге тапсырыс берушілер үшін «Бір терезе» принципі бойынша теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен жоғары сапасына кепілдік беретін жүк вагондары мен жұп дөңгелектерге жөндеудің барлық түрін жүргізу жұмыстары ұйымдастырылып отыр. Айта кетейік, бұған дейін мұндай шеберханалар оңтүстікте Алматыда, Батыста Шалқарда, солтүстікте Павлодарда ашылса, тағы бір шеберхана 2022 жылы Қарағандыда ұйымдастырылмақ.
Әлемде
10.04.2026
Қытай теміржолы жолаушылар тасымалы бойынша рекорд орнатты
Жолаушылар тасымалы
10.04.2026
ҚТЖ «Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол бағдарын іске қосты
Инфографика
10.04.2026
Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол тасымалы тұрақты қос таңбалы өсімді көрсетіп отыр
Қауіпсіздік
10.04.2026
Дистанция дайындығы тексерілді
Аймақтар
10.04.2026
Ақтөбеге омбудсмен келді
Аймақтар
10.04.2026
Маңғыстаулық теміржолшылар техникалық базаны нығайтуда
Инфрақұрылым
10.04.2026
Инфрақұрылым талапқа сай ма?
Қауіпсіздік
10.04.2026
Жамбылдық теміржолшылар қауіпсіздік шараларын пысықтады
Жүк тасымалы
10.04.2026
Қазақстан мен Қытай транзитті арттыруға мүдделі
Жаңалықтар
10.04.2026
Денсаулық – ең үлкен байлық
Жаңалықтар
10.04.2026
Қазақстан мен Армения арасындағы көлік байланысын дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
10.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №27 10 сәуір 2026 жыл
Жаңалықтар
09.04.2026
«Жасыл желекті кеңсе» экологиялық акциясы басталды
Спорт
09.04.2026
Жеңіс тұғырында – локомотившілер
Әлемде
09.04.2026
Talgo рекордтық тапсырысқа қол жеткізді
Жаңалықтар
09.04.2026
Пойызда тәртіп бұзған жолаушылар әкімшілік қамауға алынды
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты
Әлемде
09.04.2026
Жапонияда панорамалық терезелері бар пойыз-мейрамхана пайда болады
Инфрақұрылым
09.04.2026
Биыл Зубовск кентіндегі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ экологиялық міндеттемелері аясында Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызады