Жауапты маусымға жоғары дайындық

Жолаушылар тасымалы
23.07.2019, 12:01
Оқуға 4 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жұма күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің төрағалығымен биылғы астықты тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті. Жиынға аграрлық кәсіпорындар басшылары, жылжымалы құрам операторлары, мүдделі ведомстволар өкілдері қатысты. 

Үздіксіз тасымалдауды жүзеге асыру үшін барлық процеске қатысушылардың нақты келісілген іс-әрекеттері қажет деген Қанат Әлмағамбетов, жауапты маусымға жоғары дайындықпен келу керек екенін де ескертті. Маусымдық жүктің тиімді тасымалын ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ атқарушы директоры Нұржан Келбұғановтың айтуынша, 2019 жылы жалпы тиелім көлемі 10 млн тонна астықты және 1,8 млн тонна ұнтақталған өнімдерді құрамақ. Нақты сандарға сүйенсек, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 5,4 млн тонна астық тиелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2% жоғары болып отыр. Астық экспорты өткен жылмен салыстырғанда 5%-ке өсіп, 4,2 млн тоннаны құраған. Әлеуметтік маңызға ие жүктің жеткізілімі көбінесе, яғни 50%-і Орталық Азия елдеріне бағытталады, Еуропа бағытына 25% қана. Ал ұнтақталған өнімдерге жоғары сұраныс, 63% Ауғанстаннан түсіп отыр, ал Орталық Азия елдерінің үлесі – 35%.

Осы ретте, контейнерлік пойыздармен өндірістік ұндық-жарма өнімдері мен дәндібұршақты дақылдар, астықты тасымалдауда төмендеткіштер белгіленгені белгілі болды. Атқарушы директордың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен Өзбекстан мен Тәжікстанға астық бағыты құрылмақ. Бұл жүктерді жеткізуді жеделдетумен қатар вагондар айналымын екі есеге қысқартпақ. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да жүктерді тасымалдауға қатысты қызмет көрсету, сұрақтарға жауап беру, мамандар кеңесі, ақпараттық анықтама беру бойынша Call-орталық жұмыс істеп тұр. Ал алдағы қазан айының 1-нен бастап Компания басқарма төрағасының бірінші орынбасарының төрағалығымен орталық аппаратта астық тасымалын ұйымдастыру бойынша штаб жұмысқа кірісетін болады. Бұл штабтың басты міндеті туындаған мәселелерді жедел шешу болмақ.

Сонымен қатар астықты өңірлерде шұғыл астық топтары тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Қазірдің өзінде астық тасымалы маусымына дайындық бойынша шаралар шеңберінде ҚТЖ компаниясының бастамашылдығымен Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының әкімшіліктерінде жиналыстар болып өтті», – деді Нұржан Келбұғанов. Бұдан кейін жылжымалы құрам операторлары – «Астық Транс» және «Қазтеміртранс» АҚ басшылары астық тасымалын ұйымдастыруға  

қандай дайындықтар жүргізіп жатқанынан хабардар етті. Егер 1 шілдедегі жағдайды алып қарайтын болсақ, қазақстандық астықтасымалдаушы құрамдар паркі 9259 бірлікті құрап отыр. Соның 6254 бірлігі «Астық Транс» қарамағында. Ал республикаішілік қатынасқа бағытталып, астық тасымалы үшін жетілдірілген 322 ашық вагон ҚТТ қарамағында екен. Жалпы, «Астық Транс» компаниясы барлық астық тасымалының 56% шамасын жүзеге асырып отырғаны белгілі болды. Соның ішінде 90%-і республикаішілік қатынаста болса, 42% экспорттық қатынасты құрайды екен.   

Бүгінде «Астық Транс» АҚ астық құрамдары паркі, ұсынылған жоспарлар мен вагондар айналымының есебін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысына – 1200, Қостанай облысына – 1350, Ақмола облысына 1600 вагонды ұстап отыр. Жиында маусымдық кезеңде астық тасымалына отандық жүк жөнелтушілер мен операторлардың өз еркімен «бөтен» вагондар паркі 1500ден 2500 бірлікке дейін тартылатыны сөз болды. Вагондар жетіспеушілігін болдырмау мақсатында отандық жабық вагондар паркі де ұсынылып отырғанын айта кету керек. Бүгінде мұндай вагондар саны елімізде 13 мыңнан асып жығылады екен.

Жиында жылжымалы құрамдар жұмысының тиімді жоспарлануын және астық таситын бос вагондар паркінің тоқтап тұру уақытын қысқарту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігімен астық вагондарын беруге астық қожайындарының тапсырыстары мен астықты тасымалдау туралы деректер алмасатын біріктірілген ақпараттық жүйе іске қосылып, жұмыс істеп жатқаны сөз болды. Сондай-ақ,  клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында жұмыс тобы құрылып, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ сайтында жүк жөнелтушілер мен экспедиторларға арналған ақпарат орналастырылғаны, ватсап желісі арқылы тарату үшін ақпарат парағы дайындалғаны, тағысын тағы шаруалардың атқарылғаны белгілі болды. Десе де, жауапты ма усымда жылжымалы құрам жетіспеушілігін болдырмау үшін тасымалдау үдерісіне қатысушылардың барлығы вагон айналымы нормасын сақтауға бағытталған тәртіпке бағынып, ұйымшылдықпен бір ымыраға келіп жұмыс істеу қажеттігі айрықша сөз болды. Мәселен, тасымалдаушы вагондарды жеткізу жылдамдығын, уақытылы беру және жинау, жөнелту бағдарын ұйымдастыру, вагондар айналымын төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау сияқты шаруаны тиянақты атқарса, жүк жөнелтушілер және қабылдап алушылар бірінші кезекте, жүк тиеу және түсіру кезінде вагондар кідірісін қысқартуға мүдделілік танытуы тиіс. Сондай-ақ, тасымалды сапалы жоспарлаулары қажет. Шын мәнінде, жоспарлау тасымалдау үдерісінің тиімділігі мен ұйымдастырылуына негіз болмақ. Ал жоспарлау болмаса вагондардың жасанды жетіспеушілігі туындайтынын жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылар қаперден шығармағаны жөн. Сол сияқты мемлекеттік органдар, операторлар, экспедиторлар, порттық терминалдар өз міндеттерін абыроймен атқарып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» жұмыс істесе, «өгіз де өлмейді, арба да сынбайды» болды жиынның тоқетері.

Кеңесте жылжымалы құрамның айналым нормаларын сақтау бойынша жабық вагондармен, астық тасымалдау вагондары паркімен жаңа астықты шығару атап өтілді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды