7 айдың жетістігі: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» 159 млн тонна жүк тасымалданыпты

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздегі ірі жүк тасымалдаушы және локомотив қызметінің операторы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің, багаждың сақталымын қамтамасыз ете отырып, теміржол көлігімен жүк тасымалын үздіксіз және сапалы жүзеге асыруды қызметінде басты мақсат етіп келеді. Үстіміздегі жылдың жеті айында ұлттық оператор компаниямен Қазақстан темір жолдары арқылы шамамен 159 млн тонна жүк тасымалданыпты.

Бұл былтырғы және соңғы үш жылмен салыстырғанда тасымал көлемінде 19% өсімге қол жеткізілгенін көрсетеді. Ал тасымалды таратып айтар болсақ, республика ішінде 93 млн тонна жүк таратылса, 48 млн тонна жүк экспортқа шығарылып, 10 млн тоннасы сырттан келген, ал 9 млн тоннадан астам жүк транзит арқылы өткен. Осы ретте, тасымалданған жүк номенклатурасына келсек, онда тасымалданған негізгі жүктің көшбасын, яғни 57 млн тоннадан астамын тас көмір бастап, оның көрсеткіші өткен жыл деңгейін құраса, өткен жыл деңгейінен 3% өсіммен 15 млн тонна темір кені, былтырғыға қарағанда 1% өсіммен 12 млн тонна темір кені және 6,6 млн тонна астық, сондай-ақ 12 млн тонна мұнай және мұнай өнімдері, осыншама көлемде құрылыс жүктерінің тасымалы жүзеге асқан.

Егер тасымалданған жүктердің негізгі бағыттарына тоқталар болсақ, онда жалпы жүктің негізгі бөлігінің, яғни 58%-і республика ішінде іске асырылған, ал экспорттық қатынас үлесі 30% құраса, соның ішіндегі Ресейдің үлесі 59%, Қытайдікі 10%, Өзбекстандікі 9% болып отыр. Сонымен қатар импорттық қатынастағы үлес 6%-ті құрап, соның 73%-і Ресей, 11% Қытай, 6% Өзбекстан еншісіне тиесілі болып отыр.

Жоғарыда атап өткеніміздей, өткен жеті айда транзиттік қатынастағы тасымал көлемі 9 млн тоннаны құраған болатын. Соңғы үш жылда бұл бағыттағы тасымал көлемінің 23%-ке өскені байқалып отыр. Бұл өсім көмір тасымалының 18%-ке, астықтың 52%-ке, сонымен қатар жүктерді контейнерлермен тасымалдау көлемінің ұлғаюы есебінен болыпты.

Контейнерлік транзиттің басым бағыттарын алдымен Қытай – Еуропа – Қытай құрап отыр. Бұл бағыттағы тасымал соңғы үш жылда 4,3 есеге өссе, 2018 жылмен салыстырғада биылғы жылдың есепті мерзіміндегі өсім 3%-ті құраған. Одан кейінгі орында Қытай – Қазақстан – Орта Азия елдері бағыты. Қытай – Қазақстан – Ресей бағытындағы контейнерлік тасымал ағымдағы жылдың жеті айында өткен жыл деңгейіне қарағанда 47% артқан. Ресейлік контейнерлік транзиттің Қазақстан арқылы Орта Азия елдеріне өтуі де жақсара түскен. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары осы жылдың соңына қарай Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағытындағы контейнерлік транзит көлемінің екі есеге ұлғая түсетінін болжамдап отыр.

Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік контейнерлік тасымал өсімін басқа бағыттар бойынша да байқауға болады. Айталық, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары бойынша 2,9 мың ЖФЭ контейнер тасымалданып, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімінен 60%-ке артық шыққан. Соның ішінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ сенімді басқарылымындағы Ақтау порты арқылы тасымалданған контейнерлер саны 1,8 мың ДФЭ құраса, бұл көрсеткіш өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда 15 есеге жоғары болған. Компания мамандары Құрық теңіз порты арқылы да контейнерлік транзиттік тасымалдың артып келе жатқанын айтады.

Міне, жеті айда қол жеткен жетістік осындай. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары қол жеткізген жетістік бұл көрсеткіштермен тоқтап қалмай, тасымал көлемін өсіруге әрі қарай да басымдық беріледі. Демек, жыл соңына дейін әлі уақыт бар. 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты