Бопай станциясында теміржолшылар әулеті қалыптасып келеді

ҚТЖ келбеті
05.04.2022, 11:41
Оқуға 3 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаудың шалғайдағы шағын станциясы Бопайды басқарып отырған Мұратбай Оразов еңбек жолын көрші өзбек теміржолының Бастау станциясында бастаған екен. Содан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтіпті...

Актөбе қаласындағы теміржол техникумында оқыған ол диплом ала сала әскери борышын өтеуге аттанады. Екі жыл Мәскеуде қызмет етеді. Елге оралғасын мамандығы бойынша жұмыс іздеп, ол кезде Орта Азия теміржолына қарайтын Ташкент бөлімшесінің Бастау станциясына орналасып, табаны күректей бес жыл еңбек етеді.

– Горбачевтің қайта құруы басталып, халықтың көбі ертеңгі тағдырының не боларын білмей алаңдаған кез болатын. Елдегі жаппай жұмыссыздық, қысқарту мені де айналып өтпеді. Жұмыссыз қалдым. Халықтың көбі ала дорба арқалап, базар жағалап кетті. Ондай күн маған да туды. Сауда жасауға ебім де жоқ екен, дегенмен жан бағу керек. Екі ел ортасында саудамен айналыстым. Харезмнен Ақтауға тауар тасыдым. Сөйтіп жүргенде үш-төрт жыл өте шықты. Маңғыстау теміржолына түйіндеме тастап қойған едім. Бір күндері жұмысқа шақыртты. Саудамен айналысып еркін жүріп-тұрып, жағдайым жақсарып қалғанына қарамастан әу баста жаным қалаған мамандығыма қайта оралғым келді. Осылайша, 1999 жылы түбек теміржолына келіп, Маңғыстаудан 30 шақырым жердегі №16 бекетке жұмысқа орналастым, – деп өткен жылдарын еске алған Мұратбай аға бір жарым жылдан соң Маңғыстау станциясына пойыз құрастырушы болып ауысады.

Еңбек ете жүріп, қосымша білім алып, тәжірибесі де толығып, нағыз маман болып қалыптасады.

– Маңғыстау станциясында 2012 жылға дейін еңбек еттім. Түркіменстанға теміржол қатынасы орнап, жаңа жол ашылуына байланысты Бопай станциясына ауыстым. Осы станцияның іргетасы қаланғаннан бастап Болашақ станциясындағы құрылыстарға да атсалыстық. Жаңа жұмыс орындарына жастарды тартып, үйретіп, жұмысқа баулыдық. Жезқазған-Бейнеу теміржолы ашылғанда сол біз тәрбиелеген мамандар енді өздері үйрететін деңгейге жеткенін көрсетті. Демек, еңбегіміз еш кетпеді деген сөз, – дейді кейіпкеріміз.

Мұратбай Оразовтың екі баласы теміржолшы. Ұлдарына мамандық таңдауда еркіндік бергенімен, теміржолды таңдағанына риза. Үлкені Талғат Оразов – ШЧ-10 мекемесінің Бопайдағы КТСМ механигі. Әрі түбекке аты шыққан әйгілі суретші. Оқырманның есінде болса, ол туралы біз де жазғанбыз. Екінші ұлы Парахат – Құрмаш станциясында кезекші.

– Бопай – төртінші класты шағын станция, небәрі оншақты үй бар. Тұрғындар ауызбіршілікте, тату өмір сүруде. Әлеуметтік нысаннан шағын дүкен, монша мен дәрігерлік пункт бар. Өкінішке орай, монша мен дәрігерлік нысан бүгінде қаңырап бос тұр. Станцияда жалпы алпыс шақты адам жұмыс істейді. Оның бәрі, әрине, Бопайда тұрмайды, Өзен станциясынан қатынайды. Балаларымыз да мектепке сол жерге барып оқиды. Соған қарамастан осы алақандай ауылымызды жақсы көреміз, болашақта теміржолда жүк көбейіп, Бопайдың бағы жанатын күн туарына сенемін. Өйткені біз Түркіменстанға өтетін транзиттік теміржол бойында тұрған маңызды бекетпіз, – дейді Бопай станциясының бастығы.
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды