Темір жол – оның тағдыры

ҚТЖ келбеті
03.08.2022, 10:01
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың дені бір орында отыз-қырық жыл еңбек етіп, зейнетке шығады. Біздің кейіпкеріміз Есенжан Жалғасұлы да солай, бейнелеп айтсақ, сонау бозбала кезде кірген есіктен қартайғанда шыққалы отыр...

Мамандыққа адалдық деген, сірә, осы шығар. 1976 жылы мектеп бітіріп Гурьев темір жол техникумына оқуға түскенде ертең-ақ теміржолшы болып шығам деп айдарынан жел ескен бозбала еді. Ол кезде бұл оқу орнының кәдімгідей салмағы бар болатын, бүгінгі күнгі өлке теміржолшыларының басым бөлігі сонда білім алған. Оқу бітіргесін Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Келгесін Гурьев-1 (қазіргі Ақжайық) станциясына пойыз құрастырушының көмекшісі болып орналасты. Міне, содан бері тапжылмай осы жерде еңбек етіп келеді. Жалпы ол кезде жазылмаған бір заң болды: қандай оқу бітіріп келсең де жұмысты ең төменгі лауазымнан бастайсың. Сосын еңбегің мен қабілетіңе қарай сатылап өсесің.

Есенжан Темірғалиев те сондай жолдан өткен – пойыз құрастырушы, станция кезекшісі, пойыз диспетчері, бөлімше кезекшісі болып жиырма жыл тәжірибе жинақтаған соң станция бастығының орынбасарлығына тағайындалды. 2017 жылдан бері станция бастығы. Атыраудың қақ ортасында орналасқан Ақжайық станциясы қалаға келетін барлық жүктердің 60 пайызын қамтып, күнделікті жүздеген вагондарды қабылдап-жөнелтіп жатады. Олардың ішінде кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың, сауда-саттық нысандағы басқа да жүктер бар. 

Бүгінде бірінші класты Ақжайық станциясы барлық мүмкіндігімен жұмыс істеуде. Ал бұрын бүкіл ауыстырма бұрмалардың жұмысы қолмен жасалып, жолдары әлсіз дамыған болатын. 2009 жылы Қазақстан бойынша алғаш рет МПЦ-2 электрлендіріліген орталық осы Ақжайық станциясында орнатылды. Айта кетерлігі, Ресейде бұл жүйе бойынша сол кезде тек алты станция жұмыс жасады. Рас, бұрын бәрін қолмен істеп қалған жұмысты электрлік жүйемен атқару бастапқы кезде станция мамандарына қиындық келтіргені де жасырын емес. Жаңа жабдыққа бірте-бірте үйренді. Екі ай бойына жергілікті теміржолшылар жабдықтардың монтажын жүргізген мәскеулік мамандардан дәріс алды, оқыды, үйренді. Кейін өздері-ақ барлық жұмысты атқаруға машықтанып, өзгелерді үйретуге көшті.   

Электрлендірілген орталық станция жұмысын әлдеқайда жеңілдетті, ең бастысы шұғыл әрекет етуге, өнімді жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Станциядан күніне 4-5 пойыз қабылдап-жөнелтіледі. Жолдары қысқа, дөңесі жоқ станция үшін бұл аз емес, әсіресе жүк тиеу мен түсіру көлемі артып кеткен кезде едәуір қиындық туғызады. Егер Құлсары, Махамбет станциялары тек мұнаймен жұмыс жасаса, мұнда цистерналарға бензин, мазут, реактивті отын құйылады. Егін егу мен орақ кезінде еліміздегі ауыл шаруашылығы мекемелеріне тапсырыс бойынша дизель отыны жіберіледі. Ақжайық станциясына қарасты жүк түсіріп-тиейтін 54 кірме жол бар. Олар қаланың әр түкпірінде орналасқан. Соған сай әркім өзіне қолайлы деген кірме жолдан қажетті жүктерін, яғни азық-түлік тауарлары ма, құрылыс заттары ма, жиһаз, жабдықтар, техникалық құралдар бола ма, қажетті жүктерін түсіріп алып жатады. Осындай қуатта жұмыс істейтін станцияны басқару, оның әлеуетін арттыруға, жаңа технологияларды жедел енгізуге талпыну Есенжандай нағыз өз ісінің жанашыры, тәжірибелі теміржолшының ғана қолынан келеді десек, артық айтпаймыз. Өйткені, мұндай жұмысы күрделі станцияны басқаруда тек тәжірибе мен білім жеткіліксіз, мінез керек, қажет жерде бірден шешім қабылдайтын батылдық керек. Ал біздің кейіпкеріміздің бойынан сол қасиеттің бәрі табылып тұр. 

Есенжан Жалғасұлының айтуынша, Одақ ыдырап, нарық қысқан тоқсаныншы жылдар теміржол саласы үшін сынақ жылдар болды. 

– Сол жылдардың қиындығына шыдамай көптеген әріптестеріміз басқа салаға кетіп қалды. Басқа ұлттар көшіп кетсе, біреулер коммерцияға кетті, бірақатары базар жағалап кетті. Біз де қиналмадық емес, жалақы жоқ, ақша жоқ, дүкен сөрелері бос, бәрін сырттан тасу керек, қиналдық. Бірақ «көппен көрген ұлы той», төздік, шыдадық, жақсылық боларына үміттендік. Ешқашан сүйікті кәсібімді тастап басқа жаққа кетсем деп ойлап та көрмеппін. Міне, бүгінде сол үмітіміз ақталып, Ата Заңымыздың халықты қамқорлаған өміршеңдігі арқасында бүгінгідей тыныш та берекелі заманға жеттік. Тәуелсіз мемлекет атанып, бүкіл әлемге атымыз мәшһүр болды. Әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз өсіп келеді. Осының бәріне шүкіршілік айтуымыз керек. Қазір отбасымда бес балам бар. Оқыттық-тоқыттық, бүгінде әрқайсысы өз еңбек жолын тауып, еліне қызмет етуде, – дейді Есенжан өткен мен бүгініне көз жіберіп.  

  Есенжан жары Татьянамен екеуі балаларын білімді етіп өсіруге күш салды, мамандық таңдауды да өз қалауларына қалдырды. Бес баланың тұңғышы Гауһар – банкте менеджер, Расул – «Теңізшевройл» кәсіпорнында информатикалық технология инженері, Рүстембек – Атырау локомотив депосында машинист, Райымбек «ТЭК АНПЗ Транс» мекемесінде маман. Ал сүт кенжелері Айжан – банк қызметкері. Бәрі де өмірден өз орнын тапқан, бір-бір мекеменің белді мамандары. Ал Есенжан мен Татьяна – бүгінде ұл-қыздарынан немере-жиен сүйіп отырған ата мен әже. 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті