Парасат биігіндегі тұлға

ҚТЖ келбеті
11.10.2022, 09:43
Оқуға 4 мин

Батыс Қазақстан темір жолының дамуына орасан зор үлес қосқан Амангелді Селбаевтың есімі теміржолшы қауымға жақсы таныс. 15 қазанда 80 жасқа толғалы отырған ардагер теміржолшы туралы аз-кем естелігімізбен бөліскенді жөн көрдік.

...Амангелді Селбайұлы туралы айтқанда, ең алдымен ол кісінің азаматтық келбетін сөз еткен болар едім. Көшбасшы болу қабілеті оған жаратылысынан туа бітті дарыған қасиеттей әсер қалдырады. Бір сөзді екінші рет қайталамайтын, әр сөзін орнымен, терең дәлдікпен пайдаланатын, еш уақытта тақырыптан ауытқымайтын, тапсырманы жүйелі және тиянақты беретін қабілеті мені әрдайым таң қалдыратын. Сөзі мен ісінен шашау шықпай, үйлесіп қабысып жататын. Шешімді жедел түрде қабылдайтын, болатын істі болады деп, болмайтын істі болмайды деп кесіп айтатын. Станцияларда өтетін тораптық жиын, тіпті селекторлық кеңестің өзін қырық бес минут, әрі кеткенде бір сағаттан асырмайтын. Сол азғантай уақытта қыруар мәселелер шешімін тауып, қанша тапсырма жүктеліп жататын...  

Көптеген басшылардың қолынан келе бермейтін және бір қасиеті – қарауындағы мекеме басшылары есеп бергенде, баяндама жасағанда зер салып мұқият тыңдайтын. Жұмыста кемшілік жібергендерге жер-жебіріне жетіп дөрекі ұрсу табиғатына жат, жай сөзбен-ақ еттен өткізіп, сүйекке жеткізетін. Еш уақытта адамның жеке басының ар-намысына тиетін сөз пайдаланбайды. Лексиконында бейәдеп, балағат сөз деген болмайтын. Ұнатпаған адамының соңынан шырақ алып түсіп, сені жұмыстан қуам, қырам да жоям деген пендешіліктен жоғары болды. Тіпті жауапкершілікке тартылған теміржолшыларды, құқық қорғау органдары соңына түскен кейбір мекеме басшыларын барлық беделін салып қорғап қалғанына талай куә болдық. «Ол ең алдымен теміржолшы, саланы жақсы біледі, жұмысына жауапты деп» кейбір адамдардың анау-мынау «еркелігіне» көз жұма қарағанын да көрдік. Қысқасы, азаматтық қасиеті жоғары, басшылық мәдениеті биік, тұла бойынан парасаттылық тұнып тұрған үлкен жүректі азамат Батыс темір жолының атасы атануы бекер емес.  

Мен үшін Әбекеңмен бірге жұмыс істеген жылдар үлкен тәрбие мектебі болды. Ол іскерлігіне қоса психолог та еді, адамның мінез-құлқы мен пиғылын, кімнің кім екенін айыра білетін ғажап қасиеті болды. НОД-тың тоқсандық тексеру комиссиясы шықты дегеннен бастап желі бойындағы біздер Әбекеңді ерекше бір ықыласпен күтетінбіз. Опорныйдан бастап, Бейнеу, Сайөтес, Шетпе, Маңғышлақ, Өзен станцияларын аралағанда қасына еріп жүріп, еш уақытта ешкімді жалықтырмайтын, шаршатпайтын әңгімесін тыңдап, тәрбиесін көріп, ғажап бір рухани азық алғандай болушы едік. Әбекең станцияларға келісімен жұмысты ең бірінші мектептер мен балабақшаларды аралаудан бастап, тұрмыс жағдайлары төмен отбасылардың балаларына мейлінше көмек көрсетуге нұсқаулар беріп, мүмкіндігі аз мектеп түлектеріне сабақ үлгеріміне қарай арнаулы орта, жоғары оқу орындарына жолдама беріп, кейін оларды алдырып, қызметке тартып, әкелік қамқорлық жасағанына да куәміз.  

Егер Әбекеңнің басшылығы жылдары Гурьев темір жолында шаруашылық әдіспен салынған тұрғын үйлерді, мектеп, балабақша, аурухана мен емхана, мәдениет үйі, монша, тағы толып жатқан әлеуметтік нысандарды, оларға тартылған жылу, канализация, электр, байланыс, радиожелілерін, жолдарды бір жерге топтастырса, кішігірім қала болар еді.  

1994 жылдың күзінде Президенттің ұсынысымен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған Амангелді Селбаевты жергілікті теміржолшылар қимай шығарып салды. Біздер, Маңғыстау, Бейнеу торабының мекеме басшылары кешкі пойызбен Атырауға барып арнайы қоштастық. Шын мәнінде дәл сол кездері елдегі жағдай аса қиын еді, нарықтық экономикаға көшіп жатқан өлара тұста өндірістер тұралап, жұмысшыларына жалақы төлей алмай барлық сала құлдырап, жылу мен электр энергиясы қайта-қайта өшіп, ақша жоқ, зейнетақы жоқ, халықтың берекеті әбден кетіп тұрған уақытта Әбекең сияқты ұйымдастырушылық тәжірибесі мол, шарауашылық адамының облыс басшылығында болуы керек болғанын түсіндік, десе де, көңіліміз қоңылтақсып қалғаны жасырын емес.  

Ол қызметті де үлкен абыроймен атқарып, соңынан Батыс Қазақстан темір жолының бастығы болып тағайындалып, сүйікті саласына қайта оралған Әбекең бертінге дейін теміржолдан қол үзбей, өзі өсірген ізбасарларының ақылшы ұстазы, әлі күнге кеңесшісі болып отыр. Бүгінде екеуміз де зейнеткерміз, Әбекең Атырауда, мен Астанада тұрамын, алыстан сәлем жолдап, күллі батыс теміржолшыларының ұстазы болған жанды мерейтойымен құттықтап, жүз жасаңыз дейміз.  

Игілік ҚИЛЫБАЙҰЛЫ, Құрметті теміржолшы

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды