Еңбек майданында шыңдалған теміржолшы

ҚТЖ келбеті
06.05.2023, 12:08
Оқуға 3 мин
Сурет архивтен
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бар саналы ғұмырын ел экономикасының күретамыры – теміржол саласына сарп еткен Олжабай Татимов есімі Атырау өңірінің Жылыой мен Мақат, Бейнеу аудандарының теміржолшыларына жақсы таныс.

1926 жылы Жылыой өңірінің қазіргі Қара-Арна ауылдық округінде дүниеге келген Олжабайдың балалық шағы Голощекиннің қолдан жасалған ашаршылығы мен Сталиннің репрессиясы орнатқан зұлмат заманға, ал жастық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тап келді. Неміс басқыншылары елімізге тұтқиылдан лап қойғанда Олжабай Татимов 15 жасар жасөспірім еді. Отан қорғау үшін қан майданға аттанған әкелері мен ағаларының орнын жоқтатпай тылдағы еңбек майданына араласқан бозбала «Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» ұранымен уақытпен санаспай, таңның атысы, күннің батысы аянбай еңбек етеді. Сол кезде майданды азықпен қамтамасыз ету үшін және жау оккупациясынан зардап шегіп, әл-ауқаты әбден әлсіреген бауырлас республикаларға көмек көрсету мақсатында колхозшылар КСРО-ның батыс өлкесіне төрт түлік мал жеткізіп, үлкен көмек көрсеткені белгілі. Бұғанасы қатпаған жасөспірім Олжабай Татимов, міне, сол тарихи оқиғаның бел ортасында жүрді. Ол колхозшылармен бірге айшылық алыс жолдарды артқа тастап мал айдады. Тылдағы еңбек майданында ерлікке пара-пар ісімен Жеңіс сағатын жақындатуға үлес қосты.  

1944 жылдың желтоқсанында әскер қатарына шақырылып, сарбаздар сапына қосылады. Бұл уақыт – кеңес әскері Еуропаны фашизмнен азат етіп, жауды тықсыра қуып бара жатқан кез. Қатардағы жауынгер Олжабай Татимовке немістермен бетпе-бет шайқасудың сәті түспеді. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» дегендей, бұл уақыт онсызда соғыстан титықтаған елді өз ішімізден шыққан ұры-қарылар аш бөрідей талап, «жығылған үстіне жұдырықтап» жатқан кез еді. Жылыойлық жас жігіттің күш-қайраты, міне, осындай сын сәтте мемлекеттің ішкі тәртібін нығайтуға жұмсалды. Ресейдің Красноярск аймағында әскери қызметте болып, елдің ішкі тәртібін күзетті.  

1947 жылдың күзінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, елге аман-сау оралған Олжабай Татимов бейбіт өмірдегі еңбекке араласады. Теміржолшы мамандар даярлайтын училищенің қысқа мерзімдік курсын оқып бітірген жас жігіт ауданның теміржол саласына жұмысқа қабылданады. «Қатырма қағазы» бар жас жігітті басшылар бірден бригадир етіп қызметке алады. 1960 жылдарға дейін «Жылыой» деп аталған мұнайлы ауданның аумағында соғыс жылдары Мақат пен Қосшағылдай қара алтынды қос кәсіпшіліктің арасын жалғайтын тар табанды теміржол телімі тартылған еді. Оның құрылысы стратегиялық тұрғыдан өте маңызды болды. Өйткені осы күретамыр арқылы Құлсары мен Қосшағыл мұнайы Отан қоймасына жол тартатын. Олжекең осы өндіріс ошағында жолшылардың бригадирі болып, болат жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салады. Шын мәнінде, тар табанды деген аты болмаса, сол кездегі темір жол ел экономикасы үшін аса маңызды рөл атқарады. 1966 жылдан бастап Құлсары станциясы іске қосылып, теміржол мекемелері пайда болғаннан кейін Олжабай Татимов сол кездегі жаңадан құрылған жол дистанциясына жұмысқа ауысады. Осы салада 15 жылдан астам тәжірибесі бар дайын теміржолшы маманды жол мекемесінің басшылары қуана қарсы алады. Болат жол бойының қыр-сырын бес саусақтай білетін маман дистанцияда аға шебер, бригадир болып зейнетке шыққанша абыройлы еңбек етеді.  

– ПЧ-15 аталған Құлсары жол дистанциясындағы ең үздік бригада Олжекеңнің бригадасы болды. Жылма-жыл ауыспалы Қызыл Туды жеңіп алып отырды, 1986-1987 жылы зейнеткерлікке шыққанша ұстап тұрды. Осындай еңбегінің арқасында «Үздік жолшы» атанып, бізге үйреткен өнегесі зор болды, – дейді бүгінде зейнеткер шәкіртінің бірі Мырзабай Мұқанов.  

Олжабай Татимовқа 1985 жылы сол кездегі Байланыс жолдары министрлігінің арнайы бұйрығымен «І класты бригадир» атағы беріліп, есімі Құрмет тақтасына жазылады.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды