Мансаптан бұрын теміржолшы жауапкершілігін жоғары қойған маман

ҚТЖ келбеті
16.05.2023, 11:10
Суретті түсірген автор

Үшінші мегаполис Шымкентке кірер қақпа сынды Түлкібас станциясын кім білмейді?! Табиғаты көркем, таулы қыратты, жап-жасыл бау-бақшалы, тал-теректі жерде орналасқан осы станцияның бастығы Нематилла Тойчибаевпен сұхбатымызды ұсынамыз.

– Нематилла Ергашбекұлы, сәл күнде құрметті зейнет демалысына шыққалы отыр екенсіз, Түлкібастың бас теміржолшысы болудың жауапкершілігі қандай?  

– Түлкібас станциясына 34 жыл еңбегім сіңді. 1989 жылы мен аға жүк қабылдап-тапсырушы, әйелім аға тауар кассирі болып келдік станцияға, содан бері уақыт деген көзді ашып жұмғанша өте шыққан секілді. Соңғы 7 жылда станцияны басқардым. Мен туған жер де табиғаты көркем аймақ. Бірақ Түлкібасқа жететін жер жоқ. Жер жәннаты қайсы десе, біздің Түлкібас дер едім. Түлкібас ауданында мал өсіру, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Не жоқ бұл жерде, жеміс-жидек, көкөніс, ет-сүт, омарта ұстап бал айыратындар, бие байлап саба-саба қымыз баптайтындар – бәрі осында. Ал атақты Түлкібастың алмасы күзде, қыста вагон-вагонмен шет елдерге дейін жөнелтіледі. Жалпы мен бала кезден темір жолға ғашық болдым, Орта Азияның тарихында темір жолдың орны бөлек, сосын әлемде барлық революциялар бастауында теміржолшылар тұрады, неге десеңіз, теміржолшылардың ойлау қабілеті мен жұмысқа деген жауапкершілігі басқа мамандықтарға қарағанда әлдеқайда белсенді, батыл да жауапты келеді, қиындықтан қорықпайды, себебі теміржолда түрлі жағдай болады, ондай кезде тез шешім қабылдап, жылдам бейімделуің қажет, осының бәрі мінезге әсер етеді. Темір жолда жүріп талай қиын күндерді бастан кештік, компания тарихында айлап-жылдап жалақы төленбеген кездер де болды, бірақ мансап пен ақшадан бұрын теміржолшының жауапкершілігін жоғары қойған нағыз кәсіби мамандар жұмысты тастап кетпеді. Біздің станцияның шағын ұжымы сондай қиын-қыстау кездерде сыналған, бір-біріне әбден сыралғы болған тәжірибелі теміржолшылардан құралған. Сондықтан мұндай станцияны басқару мен осындай ұжымда еңбек ету мен үшін жауапкершілік қана емес, бақыт болды дер едім.  

– Бұрынғы және кейінгі басқару үлгісінде айырмашылық бар ма? Көңіліңіз толатын немесе толмайтын жағдайлар не?  

– Мен темір жолда еңбек еткен 37 жыл ғұмырыма ризамын және мақтан тұтамын. Маған темір жол адалдық пен адамдықты, шыдамдылықты, темірдей төзімді үйретті. 1990 жылдары біздің станция бойынша тәулігіне 200 вагон айналымы болса, бүгінде ол небәрі 0,5 вагонды құрайды. Әрине көңілің толатын да, толмайтын да жағдайлар бар, өз қызметіммен байланысты айтсам, бұрын станция басшыларының қолында билік болды, экономика, тасымал мәселесін өздері шешті. Бұл – өндірісті тиімді басқару тетігі. Ал бүгінде станция бастығында дербестік жоқ, тек орындаушы, менің ойымша бұл оның ойлау, шешім қабылдау қабілетін шектеп, жұмысқа деген ынтасын кемітеді.

– Еңбек жолыңыз қалай басталды?

– Жалпы, менің туып өскен жерім осы Оңтүстіктегі Сайрам ауданының Ақсу ауылы. Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген соң жолдамамен үш жыл Өзбекстанның Жызақ станциясында пойыз құрастырушыдан бастап станция кезекшісі, станция бастығының көмекшісі болып еңбек еткен уақыт мен үшін нағыз тәжірибе мектебі болды. Жарым Рита екеуміз институтта бірге оқып, өмір бойы бірге еңбек етіп келеміз. Мен биыл, ол былтыр зейнетке де қатар шығып жатырмыз. Түлкібасқа қатты бауыр бастық. Осы жерде өсіп-өндік, үш баламызды оқытып-жетілдірдік.  

– Балаларыңыз теміржолшы кәсібін жалғастырды ма?  

– Тұңғышымыз Ұлықбек Санкт-Петербург теміржол көлігі университетін бітірген. Қазір бір кезде өзіміз оқыған Ташкент теміржол көлігі институтында оқытушы және өндірістік қызметті ұйымдастыру мен бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарады, яғни болашақ теміржолшыларды даярлайды.

– Әсерлі әңгімеңізге рахмет!  

 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл