Құндыз – машинистің қызы

ҚТЖ келбеті
20.01.2025, 09:48
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өрімдей жас кезінде локомотив депосында еңбек жолын бастап, бүгінде жастардың тәлімгер ұстазына айналған Құндыз Сәмиева – түбек теміржолына бір кісідей еңбегі сіңген жан. Қырық жылдан аса осы саладан табан аудармай еңбектеніп келе жатқан оның өскен ортасы да, келін болып түскен әулеті де – теміржолшылар.

 Әкесі өмір бойы машинист болыпты. Көпбалалы отбасында туып-өскен Құндыз елге сыйлы, ортасына беделді болған әкесін әлі күнге мақтан тұтады. Әкесі дүниеден өтсе де көзкөргендер «Болаттың қызы» деп ілтипат білдіретінін сағынышпен еске алады.

– Әкеміз Түркіменстанда машинист болып бастаған, сосын жолдамамен Маңғыстау теміржолына ауысқанда біз кішкентай бала едік. Анамның айтуы бойынша, теміржолмен бір вагонда екі отбасы болып көшіп келіппіз. Сол кезде Маңғышлақ станциясының жаңадан қалыптасып жатқан кезі екен. Түбек теміржолымен бірге жетіліп, өстік.  Отбасында екі ұл, бес қыз болдық. 1982 жылы мен мектеп бітірдім. Әкем екі жыл бұрын өмірден өткен еді. Анамыз сонша баламен жесір қалғасын үйдің үлкені, ағамды деподағылар машинист көмекшісі етіп жұмысқа алды. Кейін ол машинист, нұсқаушы да болды. Мен де бала күнімнен теміржолға ықыласым бөлек болатын. Форма киіп жүрген апайларды көрсем қатты қызығатынмын. Бір күні деподан Гүлайым Марқабаева деген апа түскі үзілісте біздікіне шай ішуге келді. Менің мектеп бітіргенімді біліп, «анаңа көмек болсын, бізге жұмысқа кел» деп шақырып кетті. Қуанып ертесіне жетіп бардым. Сол кезде адамдардың кең пейілі, дархандығы қандай десеңізші? Мекемеде штат та жоқ екен, десе де депо бастығы «Болаттың қызы болсаң жұмыс істей бер, әрі қарай бір ретін табармыз» дегенін әлі күнге ұмытпаймын, – дейді Құндыз Сәмиева.

Алдымен курьер болып, кейін курстарда оқып, білімін жетілдірді. Жүк тасымалы қосалқы бөлімінде еңбек етіп, ол жабылғасын станцияның техконторасына ауысты. Сосын Маңғыстау станциясында кезекші жанындағы оператор болып жұмыс істеді. 2004 жылы маневрлік вышка ашылғанда басшылық парк бойынша кезекші міндетін тапсырды. Міне, содан бері тапжылмай осы жерде тер төгіп келеді. Тәжірибелі маман,  өнегелі ұстаз деуге болады. Қанша жасты баулып, тәрбиелеп шығарды. Дәл қазір де екі станция кезекшісін, дөңес бойынша үш кезекшіні жұмысқа машықтандыруда екен. Сонымен қатар өзіне жүктелген жұмысын да абыроймен атқаруда. Маңғыстау станциясындағы маневрлік вышкада Ақтау порты, Өзен, Болашақ станциялары мен Құрық бағыттарына пойыздарды жіберу және келіп тұрған вагондарды тұйықтарға тапсыру сынды міндеттерде жүк вагондарының маневрлік жұмыстар атқаруына қызмет көрсетеді. Яғни станциядағы маневрлік ауданда өзі жұмысқа жаттықтырып жүрген  шәкірттерімен бірге тиісті міндеттерін орындайды.  

Үлкен отбасыда өскен балалар қандай бауырмал болады. Құндыз ағасы екеуі соңдарынан ерген үш қыз бен ұлды да осы салаға жетектеп алып келіп, теміржолшы етіп шығарған. Осы теміржолда Құндыз апа өзінің өмірлік серігін де жолықтырып, теміржолшылар әулетінің түтінін түтетті, машинист Серік Сәмиевтің жары атанды. Сәмиевтер – аймаққа белгілі теміржолшылар әулеті.  

– Күн қатып, түн қатып теміржол деп сонша жыл еңбек еттік, шүкір, еңбектің наны тәтті демекші, соның арқасында тұрмысымыз жаман болмады, бала-шаға өсірдік. Енді міне, зейнет жасына да жақындадық. Қазір жолымызды ұл-қыздарымыз жалғастыруда, – дейді машинистің қызы Құндыз Сәмиева.

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі