Сұлулыққа құштар жан

ҚТЖ келбеті
09.03.2020, 10:08
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Дегелең-Семей телімінің 215,2 шақырымында орын тепкен Известковый жол айрығының ашылғанына алдағы жылы 20 жыл толады. Өркениеттен жырақ жатқан шалғайдағы шағын станция жері сортаң, шөлейтті аймақта орналасса да жергілікті теміржолшылар оны жасыл желек, бау-бақшаға айналдырған.

Құла түздегі шағын мекеннің байырғы тұрғыны Гүлнар Қайсақызын жергілікті теміржолшылар «сушы апай» дейді. Осындағы «Теміржолсу» АҚ мекемесінің су модулінің операторы әріптестерінің айтуынша, «қолы алтын» адам. Аталмыш модуль ашылғаннан бастап, тізгінді қолына алған Гүлнар Қайсақызы жол айрығындағы бекетті жасыл желекке айналдырыпты.

– Сонау 2001 жылы осында көшіп келгенде құла түздегі қаңыраған екіүш үйді, аңызақ желі бар тақыр аты рапты көргенде «мұнда өмір сүру мүмкін емес шығар» деп ойлаған едім. Күйеуім ПЧ-39 мекемесінің телімдік жол бригадирі болып істейтіндіктен жұмыс бабымен келген едік. Көп ұзамай «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы бастамасымен жолға қойылған теміржолдың «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы арқылы ауызсуға кенелу бақыты бұйырды. Маған да жұмыс табылды. Осылайша, жол айрығынан ашылған су модулі өмірімізді күрт өзгертті, – дейді сушы апай Гүлнар Қайсақызы.

Осы модуль – «Теміржолсу» мекемесінің Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша орнатқан бірегей нысаны. Жеті бірдей арнайы сүзгісі бар модульде химиялық және бактериологиялық тұрғыдан тазартатын құрылғы бар. Жерасты суының құрамында тұздар, ауыр металдар мен әк көп екен. Ағзаға зиянды бұл заттар арнайы колбада сүзіліп, жұмсартылады. Рас, сыйымдылық шақталған. Тәулігіне 300 литр ғана ауыз су тазартылады. Алайда, осының өзі берекелі болды, станция теміржолшылары үшін молынан жетеді.

– Алғашқы жылдары ауыз суды 22 км жердегі Дегелең станциясынан тасымалдап ішуге мәжбүр едік. Оған қыс мезгілінде мүмкіндік бола бермейтін. Енді, міне, қолымыз ұзарды. Жастар да келіп, қызметке тартыла бастады. Бәрінен де теміржолшылардың қамын ойлаған, әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз еткен ұлттық компания басшылығына алғысымыз зор, – дейді Гүлнар апай.

Теміржолшылар шағын жолайрықтың маңына тал көшеттерін отырғызып, өз күштерімен көгалдандырған болатын. Сонау Семейден қайың мен емен ағаштарының жас өскіндерін әкелген. Көз арбайтын әдемі гүлдер отырғызып, аумақты абаттандырған. Бұл жұмыстар – «су мен жасыл желек – егіз ұғым» деп санайтын Гүлнар Қайсақызының жұмыстан бос уақыттағы хоббиі.

Алғашында топырағы құнарсыз атырапқа тал өсетініне күмәнмен қарағандар да болыпты. Әйтсе де, сушы апай жұбайы, ұлты неміс жол бригадирі Виктор Романович Рихтердің кеңесімен теміржолшылардың да шөлейтті аймақта бау-бақшаның бағбаны бола алатынын дәлелдеді. Қазіргі күні оның бақшасында жерсіндірілген алма мен алмұрттың, өріктің суыққа төзімді, қысқы сұрыптары өсіріледі.

Бұл ретте, жеміс-жидекті қысқа сақтауды да жұбайынан үйренгенін жасырмайды. Қорыта айтсақ, желі бойындағы шағын жол айрығы «Мөлдір бұлақ» атты мемлекеттік бағдарламаның нәтижесінде, сушы Гүлнар апайдың қажыр-қайратының арқасында көз қызығар жерұйық мекенге айналды. 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды