Рекордсмен вагон қараушы қазіргі уақытта күніне 35 пойызды тексерістен өткізіп жүр

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 11:31
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей вагон пайдалану депосында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі вагон қараушыларының қалың шоғыры бар. Солардың арасында Болатқали Баймұханбетовты ерекше атап өтуге болады. Болатқали Мұғайыпұлының теміржол саласына келгеніне биыл 20 жылға жуықтапты. Алғашқы еңбек жолын бөлімшеге қарасты Ауыл станциясында бастаған ол бүгінде ұжымдағы аға буын өкіліне айналып отыр. Ауа райы қатаң өңірде вагон қараушылардың жұмысы аса ауыр саналады. Сондықтан бұл жұмысқа тек ерік-жігері мықты, төзімді, нағыз ерлер ғана шыдайды. Болатқали Мұғайыпұлын станция басынан, келіп тоқтаған жүк пойызының жанынан кезіктірдік. Кезекті тексеруді тәмамдап келе жатқан беті екен. Күнқақты, аңызақ жел тотықтырған жүзінен асығыстық байқалады.

– Соңғы апталарда пойыздар саны күрт артып келеді. Кейбір күндері тексеріп әрең үлгереміз. Мына жылжымалы құрам – бүгінгі ауысым бойынша осымен біз қарап шыққан 35-ші пойыз. Бұл соңғы он күндегі ең үлкен көрсеткіш, – дейді ол.

Болатқали Мұғайыпұлы- ның жеткен жетістіктері – бір бөлек әңгіме. Мәселен, вагон арбасының бүйір рамасының ақаулығын табуда бөлімше бойынша жыл рекордын жаңартқан кездері болыпты. Бұл қырағылығы басшылық тарапынан ескеріліп, сәйкесінше мақтау-марапаттар да алған. Ол биылғы жылғы ақаулықтар санының біршама азайғанын жеткізді. Дегенмен, ресейлік вагондардан кінәрат көп тіркеледі екен.

– Негізінен бүйір рамасының ақаулығы көп жағдайда зауыттың кінәсінен орын алады. Күрделілігі сол, анықтауға қиын, көзге ілінбейтін тұстардағы сызат кейіннен жарықшаққа айналып, оның соңы апатқа әкелуі мүмкін. Оған мысал көп, – дейді елу жасқа енді аяқ басқан тәжірибелі вагон қараушы.

Болатқали Мұғайыпұлы әр вагон тексеруші осыған дейін сыр берген бүйір рамаларының нөмірлерін жатқа білу қажет деп санайды. Ал, өзі онлайн өткізіліп жатқан техникалық дәрістерден, инструктаждардан қалған емес. Айтуынша, вагон қараушысы заман ағымына сай өзін үнемі кәсіби тұрғыдан жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруі тиіс. Болатқали Мұғайыпұлы соңғы жылдары вагон қараушылар үшін ұлттық компания басшылығы тарапынан қолайлы жағдай көптеп жасалып жатқанын да айтып өтті. Арнайы киім-кешектер уақытында беріледі. Қызметтік киімнен қағажу жоқ. Вагон қараушылардың «бес қаруы» сай. Сонымен қатар, кейіпкеріміз барша вагон қараушылардың денсаулығы да ұдайы қадағалауда тұрғанын айтады. Ауысымға кірер алдында және шыққан соң міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтеді екен. Мұндай шаралар, сөз жоқ, еңбек процесіне де ықпал етері анық.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?