Бүгінгі Бейнеу: станцияның тіршілігі

Фоторепортаждар
24.06.2019, 11:09
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазіргі таңда Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Бейнеу станциясы 4 түрлі бағытқа тарайтын жол торабымен жұмыс жасап отыр. Олар – Бейнеу – Мақат, Бейнеу – Маңғышлақ, Бейнеу – Карақалпақия, Бейнеу –Тассай. Жезқазған – Бейнеу магистралінің бойында салынған Тассай – Бейнеу темір жол желісінің іске қосылғанына биыл тамыз айында бес жыл толады.

Осыған орай Бейнеу станциясынан «Б» паркі ашылып, жаңа жол торабының пайдалануға берілуіне байланысты Ebiloc-950 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі іске қосылған болатын. БейнеуТассай бағытындағы жаңа тораптың ашылуы айтарлықтай жақсы жетістіктерді көрсетіп отыр.

Бұрын 3 торапты жолмен жұмыс жасағанда Атырау және Ақтөбе бағыттарына жөнелтілетін пойыздардың барлығы Бейнеу – Мақат жол желісі арқылы жүретін. Қазіргі таңда Ақтөбе және Алматы, Жезқазғанға бағыт алған жүктер Бейнеу – Тассай арқылы жөнелтіліп, нәтижесінде Бейнеу станциясы көп пойыздарды қабылдап өткізу мүмкіндігіне ие болып отыр.

«Бейнеу станциясында бүгінгі күні барлығы 13 жол бар, оның 3-еуі жолаушылар пойыздарына, қалғандары жүк пойыздарына арналған. Жаңадан салынған «Б» паркінде жалпы 7 жол бар. Барлық жолдар өткен жылдан бастап толықтай қолданысқа берілді. Соның арқасында қазіргі таңда Б паркінен де пойыздарды сұрыптау, құрастыру жұмыстарын жүргізуге үлкен мүмкіндік туып отыр. Маңғыстау бөлімшесінде, соның ішінде Бейнеу станциясы және №1 бекетте логистикалық қызметтің дұрыс жолға қойылуына байланысты вагон ағымдары көбейіп отыр. Бұрындары автомобильмен тасымалданатын жүктер қазіргі таңда темір жолмен тасымалдануда. №1 бекетте тиелетін ұлу тастар еліміздің кез келген өңірлеріне жөнелтіліп отыр. Ал Бейнеу астық терминалынан тиелген ұн өнімдерінің көпшілік бөлігі Иран еліне тасымалданып жатса, жем өнімдері Бейнеу-Тассай жол торабының бойында орналасқан елді мекендерге, Маңғыстау өңіріндегі ауыл-аймақтарға жөнелтілуде», – деп бекет тынысымен бөлісті Бейнеу станциясының бас инженері Бақытжан Тураев.


Бейнеу станциясының биылғы бес айдағы өндірістік көрсеткіштерінің орындалуы да әртүрлі. Мәселен, вагон айналымның жоспары 150% шамасына жетіп жығылса, өңдеуден өткен транзиттік вагондар ағыны тапсырмасы 67,1 пайызға, есесіне, өңделмей өткен транзиттік вагондар ағыны 171,1 пайызға орындалған. Бұл жерде өңдеуден өткен транзит жоспарының орындалмауын станция қызметкерлері құрамды жасақтау үшін берілген вагондардың салмағы мен ұзындығының қысқаруына байланысты вагондарды ағытып алу жұмыстарының ықпал етуімен байланыстырып отыр. Десе де, жұмыс паркіндегі вагондардың қолданылуы жоспар бойынша 330 вагонды құрауы тиіс болса, нақтысында бұл тапсырма 445 бірлікке орындалған. Бұл арада вагондардың ұтымды пайдаланылғанын көреміз. Ал вагондардан жүк түсіру көрсеткішіне келсек, бұл бағыттағы межелі тапсырма 93,4%-ті құраған. Сонымен қатар Бейнеу станциясы бойынша жүк тиелімінің 33 вагонға орындалмай қалуына жүк жөнелтушілердің жүк тиеуден бас тартуы себеп болса, есесіне, №1 бекетте жүк тиелімі вагонға және тоннаға шаққанда 111,4 және 122,3 пайызға орындалған. Сондай-ақ, 1-жүк операциясы кезінде вагондардың кідіруі Бейнеу станциясында да, №1 бекетте де жоспар үдесінен табылып, тапсырма ойдағыдай орындалған. Міне, бұл – бүгінгі Бейнеу. Ал осыдан он жыл бұрын бұл ілуде бір пойыз өтетін ел шетіндегі жол торабы болатын. 

Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті