Қандыағаш станциясы: төрт бағытқа қызмет көрсетеді

Фоторепортаждар
09.09.2019, 16:56
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш – Ақтөбе өңіріндегі ең үлкен тораптық станция. Өндірістік-қаржылық қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін станция 2009 жалдан бастап үш жыл қатарынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Салалық жарыстың жеңімпазы» атанған.

Кластан тыс станция құрамында 5 парк жұмыс жасайды, 232 бағыттамалық бұрма бір орталықтан басқарылады. Станция төрт бағытқа пойыз жөнелтеді және қабылдап алады: Ақтөбе, Никельтау, Жем, Шұбарқұдық. 300-ге жуық теміржолшы еңбек ететін станцияға тоғыз жолдың торабы деген теңеу дәл келеді. Станция жұмысы жыл сайын артпаса, азайып жатқан жоқ. Тәулігіне 22-24 жұп пойыз өтеді.

Жүк түсіру мен тиеу және техни калық операциялардың көлемі мен жұмыстың күрделілігіне қарай Қандыағаш торабы кластан тыс станцияға жатады. Қауіпсіздікті сақтап, белгіленген жоспарға сай пойыздарды құрастыру, тасымалдау, жүктерді тиеу, түсіру жұмыстары тәулік бойы атқарыла беретін станция ұлттық компания бойынша алдыңғы қатарда. Теміржолшылар станцияға тоқтайтын пойыздарға техникалық қызмет көрсетумен қатар коммерциялық тексеру және анықталған ақауларды жою жұмыстарын да атқарады. Станция арқылы мұнай-газ өнімдері, көмір, металл сынықтары, құрылыс материалдары, руда, астық өнімдері тасымалданады. Жергілікті жүк те аз емес. Бір ғана Қандыағаш силикат зауытынан айына жүзден аса вагон кірпіш тиеледі.

– Біздің негізгі функционалды бағытымыз – жүк пойыздарын өңдеу. Жеті айда жоспар бойынша 563 298 вагон жөнелтілу қажет болса, біз 568 253 вагонды жөнелтіп, оны асыра орындауға қол жеткіздік. Сонымен қатар станцияда биіктігі 4 метр болатын автоматтандырылған сұрыптау дөңесі бар. Жұмысты операторлар бақылап отырады. Тарам ұзын болғандықтан тежеуіштің үш кезеңінен өткен вагон жылдамдығы баяулатылады. Вагон екпінін оңайлықпен баса алмайсыз. Сондықтан бұл жерде қауіпсіздікпен қоса шеберлік қажет. Жеті айда станция арқылы 550 431 вагон автоматтандырылған паркте өңделді, – деп мәлімет берді Қандыағаш станциясының бас инженері Медет Аяғанов.

Дөңес паркі оңтүстік бағытта 8 тарамнан – Жем, батыста – Мақат станциялары арқылы Атырау, Ақтау, Ақтөбе, ал Илецк арқылы Ресейден және Тобыл-Орск бағытынан да пойыздар қабылдап, Қандыағашта құрастырылып, жан-жаққа жөнелтіліп отырады. Соңғы жылдары станция арқылы астық тиеген пойыздар да көп жүреді. Станциялықтар ашық пойыздарды бөлек құрастырып, вагон-цистерналарды бөлек жинап, сұрыптау жасайды.

– Станцияның жеті айдағы жүк тиеу жоспары 299 вагон болса, біз-де 1487 вагонға жүк тиелді. Ал жүк түсіруде жоспар 2337 вагон болса, 2526 вагон жүк түсірілген. Осы уақыт ішінде 12 094 пойыз қабылданып, 12 639 пойыз жөнелтілді, – дейді бас инженер.

Ұлттық компанияның экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған кластан тыс станцияда қазір 256 теміржолшы еңбек етеді. Бір айта кетерлігі, олардың 60 пайызын нәзікжандылар құрайды екен. Олардың дені кеңсе жұмыстары, аппарат кезекшісі, парк кезекшісі, оператор, пойыз қабылдаушы, тауар кассасы, белгі беруші, т.т. қызметтерін атқаратын тәжірибелі теміржолшылар. Қырық мыңнан аса халқы бар Қандыағаш қаласы тұрғындарының дені темір жолдың әр саласында еңбек етеді. 

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды