Өндірістік қауіпсіздікті сақтау – өзекті мәселе

Қауіпсіздік
03.05.2023, 10:11
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру» тақырыбында республикалық семинар өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан дерлік жүк тасымалы бөлімшелерінің бас инженерлері мен еңбек қорғау мамандары, Атырау теміржолымен тығыз байланыста жұмыс істейтін Атырау мұнай өңдеу зауыты, Теңізшевройл сынды мұнай компаниялары мен «Медикер» ЖШС, көлік прокуратурасы мен инспекция өкілдері қатысты.  

Семинарды ашқан Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Картан еңбек қорғау – өндіріс үшін ешқашан маңызын жоймайтын басты тақырып екенін, соған орай осындай ауқымды шара өткізуді қолға алып, оған әріптестік қарым-қатынастағы мұнай компаниялары мен құзырлы орган өкілдерін де шақырып оытрғандарын жеткізді. 

«Ондағы мақсатымыз – өзара тәжірибе алмасу арқылы біліктілікті арттыру, бір-бірімізден үйреніп, соны өндірісте қолдана білу. Баршаңызға қош келдіңіздер дей отырып, семинар жұмысына сәттілік тілеймін», – деді бас инженер. 

 Семинар барысында оннан астам баяндама жасалды. Атырау станциясының бас инженері Бекжан Жиенбетов «Пойыз құрастырушылар үшін маңызды өмірлік он қағида» атты бейнеролик көрсетіп, пойыз құрастырушылардың жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыру, қате әрекеттерге жол бермеу, ол үшін жеке қауіпсіздікті сақтаудағы он қағиданы естен шығармау қажеттігін баяндады. Яғни жұмысқа барарда арнайы киім киюден бастап, вагондарға міну-түсу, ажырату, жалғау кезіндегі қауіпсіздік, башмакты дұрыс қою, уақытылы хабарлау, сақтық, қырағылық таныту, т.б. Бейнеролик арқылы пойыз құрастырушының өміріне қаншалықты қауіп төнетінін көруге болады. Одан тек ережелерді бұлжытпай орындау арқылы сақтануға болады деген тұжырым жасалады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас инженері Дария Төлеуова «Өндірістік жарақату алу» баяндамасы жұмыста электр тогы соғудан сақтануға  арналды. 

Айтуынша, биылғы үш айда қозғалыс шаруашылығының өзінде адамдарды тоқ соғудың бірнеше оқиғасы орын алған. Сондықтан темір жолда пойыздан ғана емес, тоқтан сақтану да маңызды болып саналады.

Аға көлік прокуроры Карима Ердаулетова теміржол көлігіндегі еңбек қорғау мен қауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеу бойынша шаралар алынатынын, адам құқығы Конституцияға сай қорғалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, теміржолшылар тарапынан заңбұзушылық та болып жатады, мысалы, жүк жөнелтушілерден алым сұраған немесе орын алған оқиғаны жасыру фактілері кездескен. Ерте ме, кеш пе, заңбұзушылық бәрібір анықталады, сондықтан болған жайтты дер кезінде құзырлы органға хабарлау міндетті саналады. Еңбек инспекциясы басқармасы өкілі Сабыржан Төлегеновтің баяндамасы да осы тақырыптың заңды жалғасы іспетті болды. Яғни Атырау станциясының пойыз құрастырушысы Е.Халитовтың кенеттен денсаулығы нашарлап кеткен жағдайды талдау сөз болды. Оның айтуынша, теміржолшылар денсаулығы нашарлауын сезініп тұрса да, қазақшылыққа салынып оны жасырады. Тәуекелге бел байлап, жұмысқа шығып кетеді. Ал оның ақыры жақсылыққа апармайтыны белгілі. Аталған пойыз құрастырушы ораза ұстап, денсаулығы нашарлап әлсіреп құлаған кезде бас сүйегіне зақым келген. Бұл жерде жұмыс берушінің кінәсі бар ма, әлде жұмысшы өзі кінәлі ме? Даулы мәселені талдай келе Еңбек инспекциясы тарапынан жұмыс берушіге ешқандай талап қойылмайтыны айтылған. Бірақ, жұмысшының жастығын және өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зақым келгені ескеріліп, оған жұмыс беруші тарапынан көмек беру ұсынылған. «Өндірісте осындай түрлі мәселелер болады, сондықтан жұмысшы «ораза ұстадым» деп, не басқалай себеппен жұмыс қабілетін жоймауы керек» дейді еңбек инспекторы. Мұндай жағдайлар өндірісте көп кездесетіндіктен семинарға қатысушылар арасынан пікір білдірушілер де көп болды.  

«Теңізшевройл», «РТИ АНПЗ», НКОК сынды мұнай компаниялары өздеріндегі теміржол қызметі мен логистика саласындағы жұмыстар, жұмысшылардың құқығы мен міндеті, оларға қойылатын біліктілік талаптары, еңбек қорғау шаралары туралы слайдттар көрсетіп, баяндамалар жасады. Әрине қаражаты мол компанияларда жұмысшы мүддесі жақсы қорғалып, жағдай да молынан жасалатынын көру қиын емес. Тіпті арнайы киімдерінің өзі ерекше қызығушылық тудырады. Арнайы киімдер таныстырылымын жасаған Теңізшевройл, РТИ АНПЗ өкілдері жұмысшы киімінің сапасына және өндірісте қолданылу қолайлығына мән беретінін көрсетті. Ал Атырау санитарлық-эпидемиологиялық көліктегі бақылау қызметінің маманы Кәмшат Сартаева нысандарды тексеру, жұмысшылардың дәрігерлерге уақытылы қаралуы, компьютер алдында таңнан кешке дейін отыратын мамандар еңбегін тиісті бағалау, жұмысшылар арасында артериалды гипертензия мен жүрек аурулары басымдығы сынды мәселелерді қозғаса,  «Медикер» ЖШС маманы Мейрамгүл Айтжанова ауысым алды медтексеруден өткізу және алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін түсіндірді.  

Еңбек қорғау мәселелері бойынша «КТЖ-Жүк тасымалы» Батыс филиалының бас инженері Жасұлан Рскалиев, Мақат станциясының бас инженері Нұрман Ермұратов ой-пікірлерін айтып өтті. Қандай да бір сигналдың арнайы команда екенін білу, маневрлік жұмыстар кезінде сақ болу, тежегіш жылдамдығын төмендетуде башмакты қолмен емес, арнайы шанышқымен қою, қауіпсіз қашықтықты сақтау, т.б. мәселелер сөз болды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Боранбай Хамиев еңбек мәдениетін қалыптастыру, вагон жуатын, теміржолға басқа да ақылы қызмет көрсететін мекеме жұмысшыларының қауіпсіздігі мен құқығы дұрыс қорғалмауы шешімін табуы қажеттігін ескертті.    

Шара барысында баяндамашыларға сұрақтар көп қойылды және әркім өз ойын айтып, пікірін білдіру құқығына ие болды. Қатысушыларды шаршатпау үшін кофе-брейк ұйымдастырылып, арасында интеллектуалды ойындар ойнатылып, арнайы киімдер презентациясы жасалды. Соңында еңбек қорғау саласында тер төгіп жүрген мамандар  Алғыс хатпен марапатталды.  

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды