Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнініне байланысты өткен шаралардың қорытындысы

Қауіпсіздік
03.05.2023, 16:06
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Маңғыстау теміржолындағы мекемелерде сәуір айында түрлі іс-шара, байқау, жиналыстар ұйымдастырылған. Қорытынды басқосу Маңғыстау қосалқы бөлімі мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшелерінің бас ғимараттарында басшылардың қатысуымен өткен ауқымды кездесуге  ұласты. 

Еңбек қауіпсіздігін сақтауға, өндірістегі жарақаттану, басқа да кері фактілердің алдын алу бойынша апталықтар да ұйымдастырылды. Қаза болған теміржолшыларды еске алып, үнсіздік минуттары жарияланды. Жұмыс орындары қалпына келтіріліп, әр телім, ғимараттағы жұмысшыларға атаулы күннің мән-маңызы бойынша кездесулер өткізілді. Балақайлар арасында сурет байқаулары ұйымдастырылды. Ең үздік еңбек қорғау бұрышы, санитарлық тұрмыстық жағдайлар, маман мен басшылар деген сынды сайыстарда еңбекті қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздікке ерекше үлес қосқандардың мерейі артты.  

– Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнініне байланысты өткен шаралардың қорытындысы есебінде бөлімшемізде үлкен жиналыс болды. Учаске басшылары жұмыс орнында жарақаттарды болдырмау, қауіпсіздіктің сақталуы жөнінде өздерінің атқарып жатқан жұмыстарынан баяндама жасады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, осы тұрғыда еңбегімен көзге түскендер марапатталды. Бөлімшеге қарасты барлық мекеме арасында болған байқау нәтижесі бойынша Аман Жанжігітов, Мұхит Рәтұлы, Мұрат Қарайдар «Үздік басшы»,  Дилором Бектауова «Үздік маман», Мамай Ақжігітов, Бахытжан Дәулетбаев, Салтанат Байтабынова, Абай Тоқтасынов, Сейтжан Үсен, Амангелді Мақсымбердиев Еңбек қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша «Үздік қызметкер», Аманжол Жайлауов, Махаббат Тілеумұратова, Сағынбай Шопанова, Махамбет Ізтұрғанов «Үздік техникалық инспектор» атанды. Фариза Бекбосынова, Жанболат Шалғабай, Айжан Мұқанова жұмыста үздік көрсеткіштерге жеткені, басқа да басшылар үздік бұрыш, санитарлық жағдайды қалыптастырғаны үшін марапатталса, тағы бірнеше теміржолшы бөлімше директорының арнайы сыйлығына ие болды, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде еңбек қорғау және экология секторының басшысы Тілектес Қондыбаева.

    Дәл осындай бағыттағы басқосулар мен турлі номинация бойынша марапаттау рәсімі Маңғыстау қосалқы бөлімінде де өтіп, жүк тасымалы саласында қызмет етіп, қауіпсіздіктің сақталуына атсалысып жүргендер марапатталды.

Жүк тасымалы
02.05.2025
Жыл басынан бері темір жол көлігімен 4,7 млн тонна астық тасымалданды
Жаңалықтар
02.05.2025
Электровоз паркі жаңарады
Жүк тасымалы
02.05.2025
Атырау бөлімшесінде жүк тасымалы артты: Бірінші тоқсанның нәтижелері көңіл қуантады
Жаңалықтар
02.05.2025
Екібастұзда теміржол бандаждарын шығаратын электрометаллургия зауытының құрылысы басталды
Әлемде
02.05.2025
Жылан пойыздарды екі сағатқа тоқтатып қойды
Аймақтар
02.05.2025
Абай облысының әкімі темір жол вокзалдарының жобасымен танысты
Жолаушылар тасымалы
30.04.2025
«Jibek Joly» туристік пойызы кезекті сапарға аттанды
Жүк тасымалы
30.04.2025
Қазақстан астығы теміржол арқылы Мароккоға жөнелтілді
Темір жол тарихы
30.04.2025
Сталинград майданының жауынгері
Әлемде
30.04.2025
Өзбекстан Ташкент – Хиуа бағытына жаңа вагондарды іске қосты
Қауіпсіздік
29.04.2025
Практикалық сабақтардың тиімділігі жоғары
Қауіпсіздік
29.04.2025
Дүниежүзілік еңбек қорғау күні аясында Жіңішке станциясында арнайы тренинг өтті
Инфрақұрылым
29.04.2025
Машина жасау саласы қалай дамуда?
Қауіпсіздік
29.04.2025
Еңбекті қорғау – қауіпсіздік кепілі
Жаңалықтар / Мұрағат
29.04.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №33 29 сәуір 2025 жыл
Жаңалықтар
28.04.2025
ҚТЖ және РЖД 2025-2027 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастық жоспарын бекітті
Қауіпсіздік
28.04.2025
Еңбекті қорғау: жасанды интеллект рөлі қандай?
Спорт
28.04.2025
Қызылордада теннис турнирі өтті
Аймақтар
28.04.2025
Теміржолшылар экологиялық акцияға үн қосты
Темір жол тарихы
28.04.2025
«Даңқ» ескерткішіне тағзым