Еңбекті қорғау: жасанды интеллект рөлі қандай?

Қауіпсіздік
28.04.2025, 16:15
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл ЖТ бөлімшесінде еңбекті қорғау күніне орай өткен семинар аясында еңбек қауіпсіздігін сақтау, келеңсіз оқиғалардың себебі мен салдарын талқылаған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі филиалының бас инженері Дүйсенбек Садықов Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – билік пен халық назарын жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларға, еңбек қауіпсіздігі мен өндірісте зардап шеккен немесе қаза тапқан адамдардың тағдырына аударуға бағытталған бастама екенін атап өтті. Биыл атаулы күн аясындағы іс-шаралар «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық тәсілдер: жұмыс орындарындағы жасанды интеллект пен цифрландырудың рөлі» тақырыбын арқау ететініне тоқталды.

Дөңгелек үстел отырысына филиалдың құрылымдық бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау саласына жауапты мамандармен бірге, Жамбыл облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Бекжан Әбді, Жамбыл облыстық көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Сәуле Қожанбекова қатысып, еңбекті қорғаудағы түйткілді мәселелерді талқыға салды. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Асылхан Тайлақбаев теміржол саласындағы жасанды интеллектіні пайдаланудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Жалпы теміржолда жасанды интеллектіні пайдаланудың маңызы зор. Оның негізгі аспектілерінің бірі – теміржолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыру екені мәлім. Мысалы, ЖИ объектілерді тану бейнебақылау жүйелері пойызды автоматты түрде тежеу арқылы жолдардағы кедергілерді анықтай алады.  

– Теміржолдарда жасанды интеллектіні қолданудың маңызды бағыттарының бірі – инфрақұрылымның жай-күйін бақылау және диагностикалау. Бүгінде жолдар мен станцияларға орнатылған сенсорлардың көмегімен ЖИ нақты уақыттағы деректерді талдай алады, зақымдануды анықтай алады және ықтимал бұзылуларды болжай алады. Бұл апаттар қаупін азайту және жөндеу шығындарын азайту арқылы ақауларды алдын ала жоюға мүмкіндік береді, – дейді Асылхан Назымханұлы.

Дөңгелек үстел отырысынан кейін бөлімшеде еңбекті қорғау және экология, техникалық инспекторлар арасында байқау өткізілді. Жарысқа қатысушылар «Жұмысшының өмірін сақта!» тақырыбындағы интеллектуалдық ойында қойылған сұрақтарға жауап беріп, арнайы ұйымдастырылған тренингте ситуациялық жағдайларға қарай шартты түрдегі зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Айта кетсек, Жамбыл ЖТ бөлімшесіне қарасты ВЧД-27, ТЧЭ-30, ТЧЭ-31 кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс істейді. Жамбыл бөлімшесін қоса алғанда, төрт кеңесте барлығы 28 техникалық инспектор сайланған. Еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар өз міндетіне жауапты қарап, өнімді жұмыс істеген техникалық инспекторларды марапаттауға ұласты. Сондай-ақ өндірісте жазатайым жарақат алған жұмысшыларға материалдық көмек көрсетілді.

Бүгінде еңбекті қорғау мәселелері дәстүрлі бағыттар шеңберінен асып, халықаралық деңгейдегі заманауи жүйеге көшуде. Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала бермек.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті