Ажалмен ойнамаңыз: Теміржол қателікті кешірмейді

Қауіпсіздік
13.04.2026, 14:06
Қазақстан теміржолшысы

Теміржол – секундтық қателікті де кешірмейді. Жыл сайын елімізде шойын жолдың үстінде жүздеген адам денсаулығынан айырылып, өкінішке орай, опат болып жатады. Статистикаға сүйенсек, бұл оқиғалардың басым бөлігі адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеуінен болады екен.

Теміржол бойындағы кез келген заңсыз әрекеттің соңы ауыр жарақат немесе өлім. Мыңдаған тонна жүкті сүйреп келе жатқан локомотивті бірден тоқтату мүмкін емес екенін көпшілік түсіне бермейді.

Жүк пойызының салмағы орта есеппен 3-6 мың тоннаға дейін жетеді. Машинист шұғыл тежеуді басқан күннің өзінде, пойыз инерциямен 800 метрден 1,5 шақырымға дейін сырғып барып бірақ тоқтайды. Яғни, сіз рельстің үстінде пойызды көрген сәтте, оның сізге соғылмау мүмкіндігі нөлге тең болуы мүмкін.

Қазіргі пойыздар бұрынғыдай гүрсілдеп келмейді. Олар өте жылдам және салыстырмалы түрде дыбыссыз қозғалады. Әсіресе, желді күні немесе қарсы бағытта пойыз өтіп бара жатқанда, екінші жолдан келе жатқан құрамның дыбысы мүлдем естілмей қалуы мүмкін.

Теміржол желісіндегі кернеу 27 000 вольтқа дейін жетеді. Тоққа соғылу үшін сымға қол тигізу шарт емес, оған 2 метрден жақын келудің өзі ажал құштыруға жеткілікті.

Жолдан өтерде нені ескеру керек?

Теміржол бекеттерінде немесе өткелдерде қауіпсіздікті сақтау бұл мәдениет қана емес, бұл өмір сүру қажеттілігі. Мамандар мынадай негізгі ережелерді сақтауға шақырады:

Құлаққап пен смартфон басты жау. Рельс арқылы өткенде құлаққапты шешіп, телефонды қалтаға салу керек. Музыка тыңдап тұрған адам локомотивтің дабылын естімей қалады. Смартфонға үңілген адам айналасындағы қауіпті сезбейді.

Арнайы өткелдерді ғана пайдалану. Теміржолды тек белгіленген көпірлер, жерасты өткелдері немесе арнайы жаяу жүргіншілер жолағы арқылы кесіп өту қажет. «Жолды қысқартамын» деп рельстің үстімен секіру ажалға жасалған алғашқы қадам.

Вагондардың астынан өтпеу. Тұрып тұрған пойыз кез келген секундта қозғалып кетуі мүмкін. Вагон астымен өтпек болған адамның мүгедек болып қалу немесе тірідей бөлшектелу қаупі 100%.

Теміржол жиегінде тұрғанда рельстен кемінде 5 метр қашықтықта болу керек. Пойыз өте жоғары жылдамдықпен өткенде ауа ағыны пайда болып, жақын тұрған адамды пойыздың астына тартып кетуі мүмкін.

Бұл мәселедегі ең ауыр тақырып балалардың қатысуымен болатын оқиғалар. Ата-аналар балаларына теміржолдың ойын алаңы емес екенін кішкентайынан түсіндіруі тиіс. Рельстің үстіне тас қою, вагон үстіне шығу немесе селфи жасау секілді ермектердің соңы үлкен қасіретке әкеледі.

Теміржол қателікті кешірмейді. Бірнеше минутты үнемдеймін деп бүкіл өміріңізді қиюға тұрмайды. Сізді үйде жақындарыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыз. Әрбір басқан қадамыңызға жауапкершілікпен қарау тек өзіңіздің ғана емес, машинистердің де, жақындарыңыздың да тыныштығы.

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?