Бірге оқыған теміржолшылар 60 жылдан соң бас қосты

Темір жол тарихы
23.09.2022, 10:35
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз теміржол, көлік және коммуникация коледжінің тарихы өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастау алады. Тоқсан жылдан астам уақыт ішінде білім беру мекемесі 50 мыңнан астам түлекті қанат қақтырған.

 Биылғы жаңа оқу жылының қарсаңында осы білім ордасын 1962 жылы бітірген түлектердің 60 жылдан соң басқосуы өтті. Осында өткен балғын шақтарын, білім берген ұстаздарын еске алып, Тараз төрінде өткен кездесуге еліміздің әр қиырынан, тіпті көршілес елдерден де түлектер келді. Бүгінде украин этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Федор Клименко топтастары жайлы әсерлі естелігімен бөлісті.

– Топтастарымыздың дені – өз мамандығынан алыстап кетпеген, көбісі саналы ғұмырын теміржолда өткізген жандар. Олардың қатарында Жамбыл локомотив пайдалану депосында ұзақ жыл еңбек еткен 1 санатты машинистер – Карим Мендибаев, Александр Анисимов және ұзақ жыл Қостанай локомотив пайдалану депосында еңбек еткен 1 санатты машинист Аманкелді Сапарбаев сынды Құрметті теміржолшы атанған майталмандар шыққаны – біздің мақтанышымыз. Евгений Гостев осы колледжде «Эксплуатация, қозғалыс құрамын жөндеу, техникалық қызмет көрсету – электровоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша өндірістік шебер болып 50 жыл еңбек етті. Ал Фарид Абрасилов училищеден кейін Новосибирск теміржол транспорты институтын бітірді, одан кейін Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы болып, Қырғызстанда ОК БЛКЖО бірінші хатшысы болды. Асқар Абрашов ҰҚК Жоғары мектебін бітіріп, ішкі барлау қызметінде көптеген жыл еңбек етіп, полковникке дейін өсті. Сіз Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінде талай жыл фотограф болып еңбек еткен Валерий Сутуловтың осы колледждің түлегі екенін білесіз бе? КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, 24 пьеса мен 18 кітаптың авторы, екі киносценарий жазған Валерий Куклин де біздің топтың түлегі. Ол қазір Берлинде тұрады, орыстілді «Руский переплет» интернет-басылымының редакторы. В.Куклиннің «Страна моя, Джамбуля, какой я ее знаю и люблю» кітабы жамбылдықтарға таныс. Жалпы, біздің ортамыздан шығармашыл жандар көп шықты. Евгений Мягков колледжді бітірген соң С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түсіп, «Дружные ребята» газетінің меншікті тілшісі болды, 1980 жылдан «Комсомольская правда» газетінде еңбек етті, – деді Ф.Клименко.  

Ал Федор Клименко осы колледжді тәмәмдаған соң Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітіріп, қаланың су шаруашылығын басқарыпты. Бүгінде зейнетте, қоғамдық жұмыстармен айналысады.  

Кездесудің бел ортасында жүрген жерлесіміз, Құрметті теміржолшы Карим Мендибаевты әңгімеге тартқан едік. «Негізі бұл жетім балаларға арналған арнаулы орта білім беретін №12 кәсіби-техникалық училище болатын. Тек 1964 жылы мұндағы мамандықтар ауқымы кеңейіп, №88 қалалық кәсіптік-техникалық училище болып қайта жасақталды. Өте әсерлі кездесу болды, топтастарымды көріп бір жасап қалдым», – деді Карим Салахұлы.  

– 1930 жылы Әулие-Ата станциясында ашылған оқу орны Түрксіб құрылысынан кейін теміржолға арнайы мамандар дайындау мақсатын көздеген болса керек. Осы уақыт ішінде 50 мыңнан аса маман дайындалыпты. Биыл 90-шы түлектерімізді шығарып салдық. 60 жылдан соң өздері білім алған оқу орнына келген түлектермен кездесу біз үшін үлкен жаңалық болды. Бүгінде зейнет жасына жетіп отырған кешегі түлектерімізге құрметіміз жоғары, – дейді Тараз теміржол, көлік және коммуникация колледжінің директоры Ұлжан Кенжебаева.

 

Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?