95 жыл бұрын Луговой станциясында Түркістан-Сібір магистралінің алғашқы рельсі төселді

Темір жол тарихы
23.11.2022, 10:25
Оқуға 4 мин

Осыдан 95 жыл бұрын 1927 жылдың 19 қарашасында Луговой станциясында Түркістан-Сібір магистралінің алғашқы рельсі төселді. Бұл КСРО-ның бірінші бесжылдығындағы басты құрылыс жобаларының бірі еді әрі индустрияландырудың символы болды. Түрксіб құрылысы төрт жылға жуық уақытқа созылды.

Түркістан-Сібір темір жолы Кеңестік дәуірдегі ауқымды құрылыстың бірі болды. Болашақ Түрксібтің құрылысына қатысты алғашқы жобалар 1918 жылдан бастап қолға алынды.  

Бір қызығы, ол кезде темір жол құрылысы стратегиялық мақсатпен де тығыз байланысты болды. Бір жағынан Шығыс майдандағы азамат соғысында жеңіске тезірек жету үшін қажет болса, екіншіден бұл  мемлекеттік ірі құрылыс еді. Жаңа темір жол сол кездегі КСРО сияқты алып республиканың оңтүстік, шығыс және Сібір облыстарын біріктіреді деп болжанды.

Шынтуайтына келгенде Түрксіб құрылысын салудағы көлік қатынасы жөніндегі мүдде 1922 жылы КСРО құрылғаннан кейін барып қана алдыңғы орынға шықты.

Теміржол көлігінің үгіт және насихат жөніндегі комиссары Александр Щербаков темір жол құрылысына қатысты былай деп жазды: «Алып темір жол желілерін салу таяу болашақта одақтас республикалардағы өнеркәсіптік құрылыстың бүкіл сипатын айқындайтыны сөзсіз, оған еш күмән жоқ. Олар болат жіптермен дүниедегі тұңғыш социалистік мемлекеттің кеңістігін байлайды». Бұған дейін Ресей империясында теміржол көлігін дамыту тек Сібір мен Қиыр Шығыста қолға алынған еді, ал оңтүстік бағыттағы Азия елдерін Ресеймен байланыстыруға жете көңіл бөлінбеді.

Түрксіб құрылысының басталуы Қазан төңкерісінің 10 жылдығына орайластырылды. Алайда, магистральдің жобалық құжаттары көпке дейін мақұлданбады. КСРО темір жолын дамытудың бас жоспары ережесіне сәйкес практикалық тиімділікпен қатар, кеңестік инженерлер үшін революцияға дейінгі әріптестерімен бәсекелестікте жеңіске жету принципті мәселе болғаны сөзсіз: жоспарлау ауқымы бойынша Түркістан-Сібір темір жолы Транссібір темір жолынан еш кем емес еді.

Сонымен 1927 жылдың наурызында  РСФСР үкіметімен Түрксіб магистралін салу қаулысы қабылданды. Сондай-ақ жаңа темір жол құрылысының негізгі жұмысын Ресей Республикасы өз мойнына алуы керектігі көрсетілді.

Алып құрылыстың басшысы болып есімі теміржолшылар арасында кеңінен танымал Владимир Сергеевич Шатов тағайындалады. Революционер Шатов КСРО-ны толықтай қолдай бермейтін. Дегенмен, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ол кең өкілеттіктерге ие болды: жұмысшыларды жалдау, қажетті материалдарды алу, тіптен қаражатты жұмсауға дейін.

Түрксіб темір жолының оңтүстік бөлігіндегі алғашқы буын 1927 жылдың 7 қарашасында, яғни Қазан революциясының 10 жылдығына орай төселу керек болған. Бірақ Шатов атаулы күнге бола теміржол жұмысшыларын асықтырмады. Сонымен темір жолдың алғашқы буыны 19 қарашада төселді, 21-і күні Луговой станциясында Түрксіб құрылысының салтанатты ашылуы өтті. Жиын барысында бұл социализмнің басты құрылысы екені айтылды.  

Түрксібтің құрылысы шынымен де рекордтық мерзімде – төрт жылға жетпей аяқталды. Шатов құрылыс алаңында социалистік жарысты енгізіп қана қоймай, теміржолшылардың еңбек өнімділігін арттыру мақсатында шығындардың есебін де тиімді ұйымдастыра білді. Олардың ерлігі туралы «Болат жол (Түрксіб)» деректі фильмі түсірілді, кейін ол 20 ғасырдың ең көрнекті 50 деректі фильмінің тізіміне енді.  

Аты аңызға айналған темір жол  үш республиканы жалғады, құрылыс Ресей, Қазақ және Қырғыз республикаларының аумағында жүрді. Осындай ірі құрылысқа басшылық еткен Владимир Шатовтың тағдыры өкінішке қарай қайғымен аяқталды. 1936 жылдың қазанында ол бір топ советтік теміржолшылармен бірге «контрреволюциялық ұлтшыл» деген айыппен атылып кетті.  

Түркістан - Сібір Темір Жолы Қазақстанда кәсіби теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал еткен құрылыс болды. Мұнда құрылысшылардың саны 1928 жылы – 21 мыңға, 1929 жылы – 40 мыңға, ал 1930 жылы – 50 мыңға жетті. Құрылыста істегендердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. Құрылыс жұмыстары 1928 – 29 жылы өте қызу жүріп, 1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында Оңтүстік және Солтүстік жолы қосылды. Осы кезеңге дейін Түрксібте 12 млн м3 жер қазылып, 1644 км негізгі және бекеттік жол салынды. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал, т.б. өзендер арқылы темір көпірлер салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы жоспарлы мерзімнен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың ішінде аяқталды да, 1931 жылы 1 қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға берілді.

Айта кетсек, Жамбыл ЖТ бөлімшесінің Луговая теміржол станциясы қазір Түрксіб станциясы деп аталды. ҚР Үкіметінің 2020 жылдың 23 қазанындағы "Теміржол вокзалдары кешені мен кейбір теміржол станцияларын қайта атау және станциялар транскрипцияларын өзгерту туралы" Қаулысына сәйкес станцияның атауы өзгертілді.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті