Сұрапыл жылдар шындығы

Темір жол тарихы
08.05.2025, 10:35
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Соғыс жылдарында өңірде салынған тағы бір үлкен құрылыстың бірі – Гурьев-Астрахань темір жолы. Гурьев-Астрахань темір жолының құрылысы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 1942 жылғы 7 қыркүйектегі № 2257 шешімі мен Жол байланысы Халық Комиссариатының 14 қыркүйектегі № С-943Ц бұйрығы негізінде басталған болатын.

1941 жылы тамызда Кеңес үкіметі Кавказ мұнайын орталық аудандарға тасу үшін Кизляр-Астрахань темір жолын салу туралы Қаулы қабылдаған еді. 1942 жылы тамызда бұл теміржол торабы пайдалануға берілді. Кеңес елінің әскери басшылығы фашистер ерте ме, кеш пе бұл стратегиялық нысанға көзі түсіп, оны құртуды ойлайтынын білді. Сондықтан 1942 жылы 14 тамызда Гурьевке 471-артиллериялық дивизионы Жайық өзенінен өтетін көпірді қорғауға келеді. Көпір аман қалды.  

Ал сол темір жол арқылы Гурьевтен майдандағыларға қаншама азық-түлік, материалдық құралдар мен заттар жіберілді. Ал сол жылы салынғалы жатқан Гурьев-Астрахань теміржол желісі сол тораптың соңғы телімі болатын. Архивте келтірген деректерге сәйкес, темір жолды тез салу мақсатында ағаш көпірлер мен құбырларды пайдаланып, шпал бекітуге төселетін ұсақ тастарсыз үйілген топырақтың үстіне бірден салу сияқты бірқатар жеңілдетілген техникалық шарттар бойынша салуға рұқсат береді. Бұл құрылысты салу Кизляр-Астрахань теміржол құрлысының №8 құрылыс басқармасына жүктелген болатын. Құрылыс жұмысына 130 млн сом қаржы бөлінді. Тек Қазақ КСР ХКК-не 30 мың жұмысшы, 10 мың арбалы көлік бөлу тапсырылады. Оның ішінде Гурьев облысынан – 10 000, Батыс Қазақстан облысынан – 15 000, Ақтөбе облысынан 5000 адам бөлу көрсетілген. Архив деректерінде алғашқы ұйымдастыру жұмыстары барысында Гурьев облыстық атқару комитетінің 1942 жылғы №118-б санды қаулысымен осы желіні салуға Теңіз ауданынан – 3500, Новобогат ауданынан – 2600, Есбол ауданынан – 800, Мақаттан – 200, Гурьев қаласынан – 700, Бақсайдан – 1200, Жылыойдан – 500, Шевченко ауданынан – 300, Маңғыстау ауданынан 200 адамның жұмылдырылғаны айтылады.  

Жұмыс ауқымы өте үлкен болды. 3 600 000 текше метр топырақ үю, 73 жасанды өткел салу (соның ішінде Гурьев қаласында Жайық өзенінің үстіне жасанды көпір тұрғызу) жұмыстары жоспарланды. Жолдың ұзындығы 335 км деп белгіленді. Жерді тегістеп топырақ үю жұмыстарының мөлшері 35 млн текше метр деп есептелді. Жолдың бойына 25 аялдама тұрағы, 8 станция, 17 разьезд салынады деп жоспарланды. Осымен қоса Ганюшкино, Новобогат пен Забурын елді мекенінде сумен қамтамасыз етіп отыратын су айдау тұрағын салу көзделді. 53 кішігірім көпір, 12 орта көпір, 7 үлкен көпір – барлығы 72 көпір салу жоспарланды. Бұл көпірдің біреуі Жайық өзені арқылы өту керек болды. Оны аяқтау 1942 жылдың 10 қазанына белгіленді.  

Осы маңызды міндетті орындау үшін 16-50 жас аралығындағы еңбекке жарамды адамдарды құрылыс жұмысына жұмылдыру керек деген шешім қабылдады. Ер адамдар майданға кеткендіктен құрылыс жұмысына негізінен әйел адамдар ғана алынды. Дегенмен құрылыс жұмысына жұмылдырылған адамдар мен техниканың және қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан құрылыс өте баяу жүргізілді. 1943 жылдың 1 қаңтарында жоспарланған 3 600 000 текше метрдің орнына 988,8 текше метр топырақ үйіліп, 330 км темір жолдың орнына Гурьев жақтан 52 км, Астраханның Досанг станциясы жағынан 45 км темір жол салынған екен. Кейбір деректерде 1942 жылғы 15 сәуірде №108 НКПС құрылысы басшылары мен Батыс Қазақстан облысы атқару комитеті №4 Жанбай разъезіндегі жол төсеуші жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын бірлесіп тексеріп, қорытынды акт жасайды. Онда жұмысшылар үстін қамыспен жауып, бір метр тереңдікте қазылған жеркепе-землянкалар мен палатка-шатырларда бір жұмысшыға 1-1,5 шаршы метрден келетін жертөледе тұратыны, жұмысшыларға тұрмыстық жағдай мүлдем жасалмағаны, төсек-орын жоқ, топырақ үстіне қамыс төсеніп ұйықтайтыны, тек стахановшы (екпінді) жұмысшыларға ғана жамылғы-төсеніштер берілгені, ал тамаққа негізінен балық тағамдары мен сүт өнімдерін колхоздар ұйымдастырып, жеткізіп отырғаны баяндалған...  

1943 жылы ақпан айында кеңес әскерлері Сталинградта жеңіске жетіп майдан шебі батысқа қарай жылжыды. Солтүстік Кавказ азат етіліп, бұрын пайдаланылып жүрген теміржол қатынасы қайтадан қалпына келді. Осыған орай Гурьев-Астрахань теміржол құрылысы өзінің әскери маңызын жойды. Көп кешікпей бұл құрылысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Тек арада ширек ғасырдан аса уақыт өткен соң ғана Астрахань бағытына қарай темір жол салу мәселесі қайтадан көтеріледі. Сөйтіп 1966 жылы қайта салына бастады. Жол бойында 5 станция мен 21 разъезд іске қосылды. 7 миллион текше метр топырақ үйіліп, 56 күрделі кұрылыстар және көптеген мәдени орындар салынды. 330 шақырым темір жол төселіп, 1969 жылы 30 сәуірде жол тапсырылып, жұмысшы пойыздар жүре бастады. Гурьев-Астрахань темір жолы тұрақты пайдалануға 1970 жылы желтоқсанда берілді.

 

Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді