Семейдегі темір жол жәдігерлері қорғауға алынды

Темір жол тарихы
23.09.2021, 09:10
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолда да көненің көзі саналғанымен тарихтың өзіне айналған ескілікті бұйымдар, жәдігерлер көп. Бұл орайда түп негізі Алтай теміржолынан бастау алатын,Түрксіб құрылысының отаны саналатын Семей бөлімшесінде бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Жуырда бөлімшеге қарасты барлық теміржол мұражайларындағы мүліктер түгендеуден өткізіліп, ашық аспан астына қойылған ескерткіш-паровоздар қайтадан тіркелді. Семей ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы жүргізген осынау шара аясында бұрындары беймәлім болған бірқатар тың мағлұматтар анықталды. Мәселен, бөлімше бойынша теміржол алаңына қойылған паровоздар, локомотив шаруашылығы инженерлерінің пікірінше, күрделі жөндеуден өткізетін болса, жүруге жарамды деген қорытынды жасалыныпты. Олардың табанын теміржолға қайта тигізсе, тарихи кинофильм түсіруге таптырмас жәдігер болар еді деген пікір бар. Қазіргі күні бөлімше бойынша мұндай «отарбаның» саны үшеу. Аягөз, Шар және Семей қалаларында орнатылған паровоздар Алматы, Семей өңірлерінде соғыс жылдарында қызмет көрсеткен. Ең соңғысы, Шар станциясындағы темір тұлпар 1955 жылы қолданыстан шығарылыпты. Осыған дейін қалалық әкімдік теңгерімінде деп саналып жүрген бұл жәдігердің қараусыз тұрғаны анықталып, түп иесі Аягөздегі ТЧЭ-25 мекемесінің тізіміне қайта енгізіліп, Шар теміржолшылары тарапынан күтімге алыныпты. Тағы бір мәлімет, ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетіп келе жатқан Аягөз локомотив пайдалану депосының мұражайында барлығы 90 жәдігер бар екен. Олардың көпшілігі Түрксіб құрылысшыларының өз қолдарынан алынған. Көпшілігін олардың ұрпақтары өткізген. Ал, Семейдегі Түрксіб мұражайында 1145 дана жәдігер бар екені нақтыланды. Барлық экспозиция бұйымдары жекелей тіркеуге алынып, толықтай құжатқа енгізілген. Сонымен қатар, биылғы жазда мұражайлар кәсіподақ ұйымының құрамына алынып, оларға жеке қызметшілер тағайындалған болатын. Сол тәрізді аталмыш шаралар аясында, мұрағат деректері бойынша ең алғашқы техникалық кітапхана 1935 жылы ашылғаны белгілі болды. Ал, қазіргі күні Семей ЖТ бөлімшесіндегі кітап- ханада 1934 жылы жарық көрген теміржол саласына қатысты кітаптар қолданылып келеді. Олар маңыздылығын әлі күнге дейін жоймағандықтан станция басшылары мен байланысшылар, жолшылар қауымы жиі жаздырып алады екен. Кітапханашылар Түрксіб дәуірінің алғашқы жылдары жарық көрген бұл туындыларды алдағы уақытта мұражайға өткізуді көздеп отыр. Оған бір себеп, бүгінде барлық туындылардың электронды нұсқасы жасалуда. Қазіргі күні семейлік ҒТА орталығының қызметкерлері жалпы саны 4 мыңнан аса тарихи кітапты ғаламтордағы арнайы жүйеге номерлеп енгізген. Оны ендігі аралықта желі бойындағы кез келген теміржолшы ұялы телефоннан оқи алады. Семейдегі осынау орталық басшысы Баршагүл Омарованың айтуынша, аталмыш бағыттағы шаралар әлі де жалғасып жатыр. Жұмыс ауқымды. Дегенмен Түрксібтің жәдігерлерін түгендеу бір ғана бұл ша- ралармен шектелмейді. НЖС-6 бөлімшесі аталмыш тақырыпта арнайы жинақ құрастырып жатқанын осыған дейін жазғанбыз. Оған желі бойынан тың деректер мен мағлұматтар, тарихи фотосуреттер жинастырылып жатыр. Еліміздегі мемлекеттік Рухани жаңғыру бағдарламасымен мәндес, ұлттық компания саясаты аясында қолға алынған осынау шаралар Түрксібтің түп отанында алдағы уақыттарда да жалғаса бермек.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті