Маңғыстау теміржолында жыл басынан бері машинистердің 529 рет локомотив тежеуішін шұғыл басуына тура келген

Аймақтар
17.11.2021, 10:51
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өкінішке орай, соңғы кездері теміржолда адам қағу жəне мал басу фактілері азаймақ түгілі, қайта жиілеп кеткен. Теміржошылар мен тәртіп сақшылары соңы шығынға ұшырататын осындай келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін күресіп келеді. Жуырда Өзен станциясында теміржолшылар мен жергілікті билік, желілік полиция өкілдері бас қосқан жиын өтті. Басқосу жол бойындағы жиілеп кеткен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін жағдайларды азайту, келеңсіз оқиғалардың алдын алуға арналды. түбек теміржолының басшылары жергілікті билікке бұл тұрғыда өз ұстанымдарын білдіріп, талап-тілектерін жеткізді. Мәселен, кей жерлерде теміржол үстімен өтетін көпір болмағандықтан тұрғындар жолдың кез келген жерінен кесіп өтеді деп жатады. Бірақ Өзен станциясында мәселе көпірге тәуелді емес көрінеді. Себебі станцияда жолаушыларға арналған көпір бар, дегенмен адамдар жолдың белгіленбеген жерінен, вагон астымен өтетін жағдайлар тыйылмай отыр, тіпті көп кездеседі екен. Маңғыстау қосалқы бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов пен қозғалыс қауіпсіздігі бас ревизоры Болат Дүйсәлиев осы бағыттағы басты мәселелерге тоқталып, оның шешімін табу үшін қажетті алғышарттарды атады. Жиынға қатысқан Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бастығының орынбасары А.Назаров, Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Н.Қуанов және Жаңаөзен, Болашақ, Бопай, Жетібай, Қарақия станцияларының басшылары сөз алып, ойларын ортаға салды.

– Станцияда жаяу жүргіншілерге арналған көпір бар, бірақ адамдар сол дайын көпірден көбіне өте бермейді. Ерінеді, шығып түсіп жүруге, жолды жақындату үшін вагон астымен, пойыз арасымен өтуді әдетке айналдырған. Қауіп-қатерді халыққа ескертуден кенде емеспіз, мектептер мен мекемелерге де жиі барып кездесу өткіземіз, нәтиже жоқ. Әйтсе де, енді желілік полиция, әкімдік және станция қызметкерлері теміржолшылардан біріккен топ көпшілік өтетін жолда таңертеңгі, түскі және кешкі уақыттарда күн сайын, апта сайын рейд ұйымдастыруды тұрақты жолға қою керек шығар. Бірінші рет ескерту берілсе, келесі жолы қайталанса, айыппұл салынса, ол адам келер жолы ондай әрекетке бармас еді. Балаларына да түсіндірер еді, – деген ұсыныс Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы әкімдіктері тарапынан қолдауға ие болды.

Жиын барысында келтірілген статистикаға назар аударсақ, теміржолшылардың дабыл қағуындай-ақ бар екен. Өткен қазан айының өзінде Маңғыстау теміржолында машинистер 66 рет шұғыл тежеу қолданыпты. Оның жетеуінде мал басылған. Ал жыл басынан бергі он ай ішінде бұл көрсеткіш тіпті жоғарылап, 529-ға жеткен. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 198-ге артқан. Қарашаға дейін тіркелген бұл көрсеткіштің біреуінде пойыз астына адам түссе, 98-де мал басылған, 2 оқиғада жылжымалы құрам автокөлікпен соқтығысқан. Маңғыстау теміржол бөлімшесінде адам мен мал басуға жол бермеу бағытында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты біз жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, ірі теміржол тораптарында көліктік бақылау инспекциясының қатысуымен осындай кеңестер өткізуді жоспарладық. Бүгінге дейін мұндай жиын Маңғыстау, Бейнеу станцияларында ұйымдастырылды, енді Өзен станциясында өткізіп отырмыз. Әрине бәрімізге белгілі, темір жол – қауіпті аймақ. Бірақ жекелеген азаматтардың жауапсыздығы мен бейқам- дығы қаншама қайғылы оқиғаларға себеп болып, салдарынан талай адамның тағдыры тәлкекке түсіп, қанша өмір үзіліп, ақ-адал малымыз арам қатып жатыр. Теміржолға қауіп төнгізумен қатар мал иесінің отбасылық бюджетіне қанша шығын келтіреді. Ал адамдардың өзін де пойыз басып кеткендегі қайғы-қасіретті айтып жеткізе алмаймыз... Сол үшін тұрғындардан темір жол бойында сақ болуды, малға да, жанға да абай болуды сұраймыз, әсіресе жастар жағы құлақтарын телефонның баулығымен бітеп алып жүруді әдетке айналдырды, бұл өте қауіпті, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімінің басшысы Нәжімеден Ғұбашов.

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды