Қарағанды-Сұрыптау станциясында «Жабайы саудамен» айналысатындар мәселесі қаралды

Аймақтар
25.11.2021, 09:52
Темір жол вокзалдары мен станцияларда «жабайы саудамен» айналысатындар тыйылмай тұр. Күйбің тіршілік қамымен азық-түлік сатуды кәсіп қылғандардың тауары өте күмәнді екені айтпаса да түсінікті. Басқасын былай қойғанда, санитарлық талап сақтала қоймайтыны анық. Жолаушылар ол тағам түрлерін сатып алмағанның өзінде, қауіптің басқа түрі қылаң береді. Көше саудасының көрігін қыздырып жүргендер жеңіл-желпі тағамдарды дайындағанда көбінесе газ баллондарды пайдаланады. Ал, ол баллондарды қолданғанда техника қауіпсіздігі ережелері қатаң сақтала ма? Жалғыз шойын жол ғана емес, жалпы елімізде жиі болып жатқан жантүршігерлік қайғылы оқиғаларды елеп-ескерсек бұл үлкен проблема. Сондықтан осы шаруаға жауапты мамандар кулинарлық өнімдерді, мал және құс етінен жасалған тағамдарды арнайы сауда орталықтарынан, мейрамханалардан, кафелерден алуды ұсынады. Себебі, бұл орындарда тамақ дайындауға және сақтауға қажетті барлық жағдай жасалған. Арнайы қызметтің рұқсаты бар. Ең бастысы, өнімнің шығарылған мерзіміне назар аудару керек. Сөздерінің жаны бар, егер жол үстінде ішіп-жеген тамақтан жолаушының денсаулығына нұқсан келіп жатса кім жауапты? Заңды түрде кәсіпкерлікпен айналысып жатқан нысандар болса, даулап құнын өндіріп алуға болар. Ал, сайда саны, құмда ізі қалмаған көше саудагерлерін қайдан табамыз? Адам денсаулығы таразыға түсетін осы мәселенің түйінін тарқату үшін «Стихиялық сауда, тоқтаңыз!» акциясы аясында Қарағанды-Жолаушылар станциясында семинар-кеңес өтті. Оған «Қазақстан Темір-Жолы», Қарағанды көлік прокуратурасының өкілдері мен Қарағанды-Сұрыптау станциясы ЖПБ бастығы қатысты. Басқосу барысында Қарағанды-Сұрыптау ЖПБ-нің бастығы А.Дүйсембеков  бейберекет сауда-саттықтың кесапатын егжей-тегжейлі түсіндірді. Тұрғындар да өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған толымды жауап алды. Сонымен қатар, Полицияның сервистік моделі де туралы сөз болды. Бұл модельдің негізінде мемлекеттік инстиутттардың азаматтарымен серіктестік қарым-қатынасы жатыр. Сол арқылы құқықтық тәртіптегі мәселелерді анықтап, бірлесіп шешу мақсаты  көзделеді. Аталған кеңес тұрғындарға қол жетімділікпен  қатар көлік саласымен тығыз серіктестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады