Маңғыстауда жыл басынан бері 36 бас малды пойыз қаққан

Аймақтар
29.11.2021, 09:35
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол бойында мал бағудың арнайы тәртібі бар. Солай болса да ол тек қағаз жүзінде қалып, шындығында ережені елейтін адам аз. Ал теміржолшылар жыл он екі ай бойы жолға шыққан төрт түлікпен алысып әлек. Сондықтан теміржолшылар малы бар тұрғындар мен шаруа қожалықтары иелеріне малды жол табанынан 300 метр қашықтықта арқандап жаюға және теміржолдан 2000 метр қашықтықта бақылауда бағуға ғана рұқсат етілетінін тағы да ескертеді. Ескерту белгісі немесе арнаулы өтпесі жоқ жерден мал айдап өтуге мүлде болмайтынын айтады.

– Кейде көп малды теміржолдың бір жағынан екінші жағына өткізуге тура келеді. Ондайда мал иесі міндетті түрде жергілікті дистанция- ның жол шеберлеріне алдын ала хабарлауға тиіс. Өкінішке орай, осы қарапайым қағида сақтала бермейді. Маңғыстау жол дистанциясы бойынша өткен 10 айда жолға шыққан мал үшін 260 оқыс тежеу тіркеліп, 36 жағдайда мал шығыны болды. Әсіресе ірі қараның пойызбен соқтығысуы қозғалысқа қауіп төндіреді, – деген Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Ержан Артықбаевтың сөзіне сүйенсек жыл басынан қараша айына дейін әкімдік, ЖПБ, НЖС-14 қызметкерлерімен бірлескен рейд нәтижесінде 1169 адам темір жол төңірегіне мал жаю ережесінен құлағдар болған.

Десе де, нәтиже мынау. Мал басылған жағдайда оның иесін табудың өзі қиындық туғызатын көрінеді. Өйткені көпшілік малға ен, сырға, т.б белгілер сала бермейді екен. Сондай себептерден осы он ай ішінде пойызға басылған 36 малдың тек 22-нің иесі табылып, жауапкершілікке тартылған. Қалғаны әлі белгісіз күйде қалып отыр.

– Теміржол арқылы мал айдау немесе жаю ережесін бұзған, қозғалысқа қауіп төндірген мал иелеріне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын тағы да ескертеміз, – дейді Ержан Артықбаев.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады