25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Атырау локомотив пайдалану депосында қауіпсіздік қатаң сақталады

Аймақтар
10.06.2022, 10:34
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау локомотив пайдалану депосының локомотив бригадалары өз жұмыстарын оңтайлы жүргізіп, биылға межеленген магистральдық және маневрлік қозғалыс бойынша жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

Депо басшысы Қуаныш Таутановтың айтуынша, өткен 5 айда пойыздық, маневрлік жұмыстарда ақау мен қызметкерлердің жарақат алу жағдайы болмаған. Ал көктемгі комиссиялық тексеруге локомотив пайдалану паркіндегі 22 тепловоз жатқызылып, тексеруден өтті, барлығы 26, оның ішінде 14 магистральдық, 12 маневрлік тепловоз бар. Тұтастай алғанда тепловоздардың жай-күйі «жақсы» деп бағаланып, нәтижесінде 4.0 балл құрады. Магистральдық локомотивтер қозғалыстың барлық түріне қызмет көрсетеді: жолаушы, жүк-жолаушы, жүк вагондары, тартымдық, шаруашылық түрлері, т.б. ТЭМ-2 сериялы тепловоздар Атырау, Ганюшкино, Теңдік, Махамбет, Ақжайық станцияларында маневрлік жұмыстар атқарады. 

Сонымен қатар, көктемгі тексеру кезінде локомотив бригадаларымен тепловоздардың сыртқы келбетін сәнге келтіру, тепловоздар және машинст кабиналарын, поликтерді техника және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес сырлау, жазғы майды қысқыға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. «Дженерал Электрик» 2ТЭ10МК сериялы модернизацияланған тепловоздар, магистральдық және маневрлік тепловоздар негізінен «Қамқор» локомотив жөндеу депосында, Мақат сервис орталығында жөндеуден өтеді. Қазір жол жақсарды, жолдың сапалы жөнделуі жүк және жолаушылар пойызының жылдамдығына жағымды ықпал ететіні анық.

«Бұрын сағатына 60 шақырымдық жылдамдықпен жүретін еді, енді 100-ге дейін жылдамдықты арттыруға мүмкіндік бар» дейді машинистер. Айта кетерлігі, бүгінгі күнде депода 179 машинист және 138 көмекші бар. 

Депо бойынша 5 айда тасымал көлемі директорлар кеңесі жоспарына сәйкес 114,7 пайызға орындалып, 1052,8 млн тонна км-неттоға жетті. Ал тасымал жұмысы 3840,290 млн тонна км-бруттоны құрады. Локомотивтің өнімділігі – 2041 тонна-км брутто, 97,7%, пойыздың орташа салмағы былтырғы жылғыдан артып, 42,08 тоннаға жетті. Еңбек қорғау және қауіпсіздік саласы бойынша бөлінген қаражат депода толықтай игеріліп келеді. Оның ішінде жұмысшылардың денсаулығын сауықтыруға, оқытуға, біліктілігін көтеруге де қаражат бөлінген. Бүгінгі күнде сабын, кір жуғыш ұнтақ, қолғап, құлақшын, сондай-ақ COVID-19 індетінен сақтануға арналған маскалар, антисептик, басқа да қорғаныш құралдарымен, арнаулы және аяқ киіммен жұмысшылар жүз пайыз қамтылып отыр. Зиянды жұмыс жағдайында жасайтын 26 жұмысшыға күн сайын 0,5 литр сүт талапқа сай беріледі. Машинистер мен олардың көмекшілері жыл сайын білімін жетілдіру мақсатында Ақтөбе қаласындағы оқу орталығына жіберіліп отырады. Бүгінде депода 431 адам еңбек етеді. Оның ішінде машинистер мен көмекшілерінің саны – 317. Компанияда трансформация жүріп жатқаны рас, бірақ биыл депода жұмыстан қысқарту болған жоқ. Рас, өткен жылы депо бойынша бірнеше штаттық бірлік қысқарған, «алайда ешкім жұмыссыз қалған жоқ» дейді кадр бөлімі менеджері Боранбай Қамиев. Яғни, 1 қызметкер «Зейнеткерлікке ерте шығу» ережесіне сәйкес зейнеткерлікке шықса, локомотив бригадалары демалыс үйінің 14 қызметкері аутсорсинг бойынша жеке меншік мекемеге толықтай қабылданған. 

Локомотив бригадалары арасында техникалық сабақ тұрақты өткізіліп тұрады, соның ішінде «Өндірістік санитария», «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті-жаңа концепция», «Жарақаттанудың алдын алу», «Аурудың алдын алу» тақырыптарында сабақтар өткізіліп, онда лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі технологиясын білу, басқа да біліктілік талаптары айтылып, көрсетілген. Сондай-ақ, пайдалану цехы, депо кезекшісі, таспа тексеру инженері, локомотив қабылдаушылар мен сапа инженерлерінің білігі ұдайы назарда. Рейс алды, ауысым алды медициналық байқау үнемі өтіп тұрады. Депода жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген.

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді