Студенттер темір жол музейінде болды

Аймақтар
06.11.2023, 11:38
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Төрт жыл бұрын ашылған Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің музейі бүгінде Тараз қаласындағы ерекше мәдени нысанның біріне айналып үлгерген. Мұнда арнайы келіп, темір жол тарихына қызығушылық танытатындар қатары аз емес.

Мұнда не жоқ?! Жүз жылғы тарихтан тәбәрік, «Түрксіб» магистралінің құрылысы кезіндегі көне заттар, сарғайған фотосуреттер секілді раритет жетерлік. Және музей қоры жылдан-жылға толыға түсуде. 

Жуырда Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің өндірістік оқыту шебері Н.Кұрманова бастап келген студенттер мұражайды аралап көріп, шойынжол тарихымен танысты. Болашағын осы саламен байланыстыруға бел буған жастар үшін бұл бір танымдық сабақ болғаны анық. 

– Қазақстан теміржолының ғасырдан астам тарихы бар десек, сол кезеңнің көне жәдігерлерінің бірқатары осы музейде сақтаулы тұр. Жамбыл теміржолының тарихы «Түркістан-Сібір»  сосын «Мойынты-Шу» теміржолдарының құрылысымен тікелей байланысты, сондықтан сол кезде құрылысқа қолданылған заттар, 1937 жылы шығарылған телефон аппараттары, жол маманының балғасы, қолшамдар, т.т жәдігерлер кешегі күннен сыр шертеді. Ананы-мынаны сұрап, көне жәдігерлерді қолдарымен ұстап көріп, болашақ теміржолшылардың алған әсері ерекше болды, – дейді музей меңгерушісі В.Букенова.

Музейдегі жәдігерлерді жинау оңайға соқпағаны белгілі. Тарихи деректерді ақтару, көне дүниелерді жинақтап, маңызын, салмағын саралау, олардың бәрін тізімдеу аз жұмыс емес. Бұл ретте сала ардагерлерінің еңбегі ерекше екенін атап өткен жөн. 

Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды