Қызылсайда қараусыз мал көп

Аймақтар
24.06.2019, 10:13
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Жақында Шымкент жол дистанциясының бас инженері Н. Жарылқаповтың төрағалығымен қараусыз қалған малдың жолға шығып кетуінің салдарынан пойыздарды шұғыл тежеуге мәжбүрлеген жайттарды талқылау болып өтті.

Жиынға өндірістік техникалық бөлімінің бастығы міндетін атқарушы А.Жоланова, жетекші инженер Д.Өмірбаева, 5-ші айналым жол шебері А.Көлбаев, 6-шы айналым жол шебері міндетін атқарушы Б.Байсейітов, тағы бірнеше жауапты тұлғалар қатысты.

Айта кетейік, шұғыл тежеу оқиғалары Қызылсай-Шымкент аралығында және ҚызылсайМанкент аралығында орын алған. Жалпы, Шымкент жол дистанциясына қарасты телім бойында орын алатын келеңсіз оқиғаның дені осы аймақта болады екен. Қызылсайда қараусыз мал көп жүретінін айтады жолшылар.

2019 жылы 10 маусым күні сағат 12:18 минутта ҚызылсайШымкент аралығындағы 3300 шақырымының 8 пикетінде машинист Кустовтың басқаруындағы №30 АлматыАтырау бағытындағы жолаушылар пойызы жолға шыққан қара малды басып кетпес үшін шұғыл тежеу қолданған. Бұл жерде теміржолды қоршаусыз қалдырған деп ойласаңыз, қателесесіз. Шымкент жол дистанциясының қызметкерлері бұл араға мал мен жанның теміржолға өтуіне кедергі болатын қоршау қойған. Бірақ, амал қанша, жергілікті тұрғындар қоршауды бұзып, кез келген жерінен кесіп өтуді әдетке айналдырған.

– Оқиға салдарынан №30 Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы 12.18де тоқтап, 12.24-те жүрген. 6 минут кідірістің өзі қыруар қаржылық шығынға алып келеді. Бірақ, оны өтейтін ешкімнің табылмайтынын қайтерсіз. Оқиға орнына жол шебері А.Көлбаев, желілік полиция қызметкері Сариев шығып, мал иесін іздестірген. Алайда, іздеу барысында мал егесі табылмады, – дейді Шымкент жол дистанциясының бас инженері Н.Жарылқапов.

2019 жылдың маусым айының 10 күні 21 сағат 29 минутта ҚызылсайМанкент аралығындағы 3314 шақырымының 5 пикетінде машинист Абубакировтың басқаруындағы №12 Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы да жолға шыққан малды басып кетуден сақтанып, шұғыл тежеу қолданған.

Бұл жерде де 3314 шақырымның тақ және жұп жолында малға қарсы қоршау бар. Бірақ ол да бұзылып қираған. №12 Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы қараусыз малдың кесірінен жолда 4 минут аялдаған. Оқиға орнына жол шебері міндетін атқарушы Б.Байсейітов барған кезде малды да, жанды да таппаған.

Жыл басынан бері 5 айдың көрсеткіші бойынша 1297 мал иесі «Жол бойына мал жаюдың ережесімен» таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген екен. ІІЖБ-нің Шымкент станциясындағы желілік бөлімшесі қызметкерлерімен бірге 12 рейд жасады, аудан әкімдеріне 18 рет хат жолданыпты.

Өкінішке қарай, бас инженер жергілікті тұрғындармен қаншама түсіндірме жұмыстарын жүргізгенімен нәтиже болмай отырғанын қынжыла жеткізді. Десе де, жергілікті халық «ескертпелерді құлаққа ілмейді» деп қол қусырып қарап отырмайтындары белгілі. Жол бойындағы кездейсоқ апат пен оқиғалардың алдын алу үшін дистанция қызметкерлері алдын алу, ескерту және сақтық шараларын ұдайы жүргізе бермек. Атап айтқанда, жолды малдан қору үшін жол монтеріне күнделікті жол бойын тексеріп, кез келген жағдайды дистанция диспетчеріне хабарлау жүктелген. Ал айналым техниктеріне және ІІЖБ-нің Шымкент станциясындағы қызметкерлеріне жол бойында тұратын тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын тынымсыз жүргізе беру тапсырылған. Айналым жол шеберлеріне Манкент-Қызылсай-Шымкент аралығындағы малдың көп өтетін жерлерін үнемі назарда ұстау тапсырылды. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады