Отын - энергетикалық ресурс: үнем мен тиімділік

Аймақтар
03.07.2019, 12:14
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өндірістегі үнем – Семей ЖТ бөлімшесі бойынша алдыңғы кезектегі жолға қойылған мәселе. Бұл ретте жыл басынан бері қолға алынған жоспарлы шаралар оң нәтижесін берді.

Бір ғана мысал ағымдағы жылдың 4 айы бойынша жанармай үнемділігі өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2159,1 тоннаны құрапты. Бұл елеулі тиімділік болғанымен, межеленген жоспар бойынша көрсеткіш біршама жоғарылау. Ертіс үстіндегі теміржол көпірінің күрделі жөндеуді қажет етуі себепті пойыз ағынын басқа бағыттармен жөнелтуге қосымша 956 тонна жанармай жұмсалыпты. Яғни, жоспарлы межеден 1,96 кг/104 мың ткм бруттоға артық.

Әйтсе де, бұған қарамастан Семей ЖТ бөлімшесі бойынша пойыздар тартымына жұмсалатын дизельді отынды үнемдеудің тың тәсілдері қолға алынған болатын. Соның есебінен 170,9 тонна, яғни 40 млн теңгеге жуық қаражат бөлімше бюджетінде қалды. Аталмыш орайда жүк түріндегі тепловоз паркін пайдалану 0,65 кемітіліп, вагон айналымындағы уақыт азайтылған болатын. Мұның сыртында пойыз тартымына жұмсалатын жанармай шығынының өсуіне жол бермейтін локомотив бригадаларының да саны артқандығы байқалады.

Тиімділігі мол болуы себепті осынау мәселені тереңдеп зерттеген мамандардың пікірінше, қозғалыс шаруашылығындағы отын-энергетикалық ресурсты үнемдеу бірнеше жайтты бөле-жара атауға болады. Жанармай шығыны көбінесе жүк тасымалын да орын алатындықтан алғашқы кезекте осы сала бойынша нақты жұмыстар жүргізілген. Алайда, жылжымалы құрамдардың техникалық жылдамдығын сағатына 0,69 шақырымға дейін арттыру мақсатында үнем мәселесіне айтарлықтай шектеу қойылған жоқ.

Сол тәрізді жолаушылар тасымалы, маневрлік пойыздар мен шаруашылық қозғалыс бойынша да жұмсалған отын қоры жан-жақты сарапқа түскен.

Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, жанармай үнемділігінің орын алуы алғашқы кезекте машинистерге де байланысты. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың төрт айы бойынша 1 084 машинист техникалық норма бойынша үнемділік үдесінен табылыпты. Соның нәтижесінде 470 тонна жанармай локомотив деполарының ресурстық қорында қалды. Бұл – өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 197 тоннаға артық деген сөз.

Жалпы, отын-энергетикалық қор бойынша жанар-жағармайға қол сұғу мәселесі де тіркелмеген. Тоқтала кетсек, қауіпсіздік шаралары мақсатында барлық тепловоздар энергетикалық отын тартымын автоматтандырылған басқару жүйесі сынды жаңашыл аспаппен жабдықталған. Локомотивтердегі энергодиспетчерлік тартымды анықтайтын АСУ ЭДТ құралдары да жанармай жұмсау бойынша адами фактордың орын алуына мүлде жол бермейтін бірегей мүмкіндік саналады. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады